Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI630

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың сөздік қорын ойын арқылы дамыту

«Логопедия» грек тілінен аударғанда-дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу деген мағынаны береді. Дұрыс сөйлеуге үйрету үшін, ең алдымен логопедттің жалпы теориялық және арнайы кәсіптік білімі болу керек. Яғни тіл кемістігінің ерекшеліктерін білу, психологиялық-педагогикалық әсер ету әдістемелерін игеруі тиіс. Тіл тек ойды бейнелеу құралы ғана емес, сондай-ақ тіл оқыту құралы, тілсіз оқыту үрдісін ұйымдастыру мүмкін емес. Дамуы дұрыс балаларға қарағанда, мүмкіншілігі шектеулі балаларда тіл кемістігі көп кездеседі. Түзеу кабинетіндегі мамандарымыз балалардың бұл ерекшеліктерін ескере отырып, олардың тілін қалыптастыру жұмысын түзетіп-оқытуды негізгі мақсаты деп есептейді.  Балалардың тіл кемістігі олардың таным қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді, ойын қалыптастыруда,өз ойын әңгімелеуде қиындық туғызады. Осылардың бәрі қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді. Баланың тіл кемістігінен туған психологиялық уайымдаудан оқу үрдісі қиындайды,сондай-ақ ара-қатынас әлеміндегі оның бүкіл өмірі қиындыққа ұшырайды.

Тілдің бұзылуы,кемістіктері әр қалай.  Ерекше білімді қажет ететін балалар оқитын түзету кабинетінде  ½ оқушының тіл кемістігі бар. Қоршаған орта туралы дүниетанымының тарлығы,сөйлеу қатынасының әлсіздігі,қызығушылықтары,сөйлеу тілінің даму қарқыны төмен, т.б. мүмкіншілігі шектеулі балалардың тілінің баяу және аномальды дамуын көрсетуші факторлар болып саналады.

Түзету кабинетінде әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар оқиды: дислалия, дизартрия, алалия, ринолалия, тұтығу, әртүрлі деңгейдегі тілдің дамымағаны, дисграфия, дислексия. Осы балалардың сөйлеу тілін тек дұрыс дем алу, дұрыс естірту, зейіні мен  есте сақтауын дамытуға әр түрлі жаттығулар ғана жасап қоймай, түрлі ойындармен де дамытуға болады. Ұсақ саусақ- қол моторикасын және артикуляциялық моториканы дамытуға,ортада өзін ұстауын түзетуге арналған ойын түрлері мынадай;

         «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес», - деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.              Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді.    Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай,

құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.    Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

1 300 15
МАЙРА МАХАМБЕТОВА Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ логопед маманы Ұлы дала ұстазы № 000673
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жания Берик
30 октября 2021 17:31
Өте жақсы жазылған!😍👍🏻
Еліміздегі ерекше балалармен жасалған жұмыстар, жақсы нәтиже көрсетіп жатқаны қуантады! Жарайсыз Майра ханым!
Айдана
30 октября 2021 17:52
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻отлично
Жаркинай
Жаркинай
30 октября 2021 18:05
Майра еңбегің еленіп жана берсын,сені үлағатты үстаз,тәжірибелі маман ретінде ғана емес инабатты Келын,аяулы жар,аялы алақанды ана ретінде де танимын,қанатың талмасын,сены баска да қырларыңнан көргім келеды,жас болсаң да улгы аларлықтай жансың,осы калпыңда бағалаймын, сыйлаймын,сондықтан да әрдайым өзыңды қолдаймын 👍
Назерке
30 октября 2021 18:06
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻Өте жақсы мақала
Амина
Амина
30 октября 2021 18:06
Әр қазағымның баласы сау болсын
Ляззат
30 октября 2021 18:07
Майра ханым өте дұрыс жазылған.
Диана
30 октября 2021 18:20
Керемет 👏👏👏
Майра ханым өз ісінің маманы 👍👍
Анар
30 октября 2021 18:24
Ия біз сіздерді жақсы түсінеміз.Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жасау оңай емес.Біз әріптес ретінде түсінгенмен басқалар түсінбейді.Біріншіден сіздерге денсаулық тілеймін.Мақалаңыз өте орынды жазылған.Өз маманы ретінде ондай балаларға деген сүйіспеншілігіңіз көрініп тұр.Елімізде ондай балалар жетерлік.Солармен жұмыс жасап ықпал тигізіп жатырсыздар .Алланың нұры жаусын!Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Жулдыз
Жулдыз
30 октября 2021 19:11
Майра ханым еңбегіңіз жана берсин🌹балалар аман болсын😘
Алина Вахай
30 октября 2021 20:11
Керемет жазылған 👍🏻
Жазира
30 октября 2021 20:26
Өте түсінікті, ұғымды ақпарат, еңбегіңіз жана берсін, Майра әкпей! Шаршамаңыз, сіздердей мамандар көп қажет!
Акнур
Акнур
30 октября 2021 20:41
Майра Махамбетова сіз өз ісіңіздің маманысыз,мақалаңыз кушті жазылған.Сіздің жүзіңізде жылы менің балам сізді қатты жақсы көреді.Сізге барғанымызға қуаныштымыз.Сізге баламды апарып жүргелі баламда нәтиже бар.Сізге Алла разы болсын!
Дамир
Дамир
30 октября 2021 21:00
Керемет! 👍👍👍
Айжан Орынтаева
Айжан Орынтаева
31 октября 2021 11:25
Өте пайдалы ақпарат 👍👍👍👍
Алия
Алия
31 октября 2021 13:21
Майра апай еңбегіңіз зор. Сізге көп рахмет