Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI629

Гипербелсенді балаларды жаттығулар мен ойындар арқылы тыныштандыру

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы күшті жеке адамды қатарға қосу – жалпыға  ортақ міндет. «Жас бала – ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық, ал ұстаз – жаңа күтуші», — деп орыс әдебиетінің сыншысы В. Белинский айтқандай, ұстаздар қауымның жас ұрпақ үшін тәрбие мен білім беру үлкен рөл атқарады. Баланың тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсаттары біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бұл тіркестерді біз он екі мүшесі бүтін, дені сау, салауатты да салихалы ұрпақ тәрбиесіне келгенде алға тартамыз. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым — қатынас пайда болды.XXI ғасырда ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер ұсынылып келеді. Нақтырақ айтқанда, олар кәдімгі мектепке дейінгі мекемелерге бара алады. Осы кезде инклюзивті білім беру жүйесі ерекше балалар үшін қоғамға ықпалдасудың жаңа тәсілі ретінде қарастырылатынын айта кеткен жөн.Бұл жүйенің басты ерекшелігі балалардың диагнозын қиындық деп қабылдамай, керісінше оны танып білудің жаңа мүмкіндігі деп қарастыру. Халық арасында осы түсінік қалыптаса бастаған кезде, ерекше жандарға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Дегенмен, мектептердің жағдайы ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қабылдауға әлі дайын емес.

Гипербелсенді баланы тәрбиелеу оңай емес. Р. Кэмпбелл айтуы бойынша ата-аналар төмендегі 3 қателікке жол береді:

олар ақыл айтып, бақылап жүріп, онымен әңгімелесуді ұмытып кетеді,

бала тәрбиесінде қатаңдық таңытпай, оның тәрбиесін үнемі қадағалап отырмайды,

ашуын бақылауда ұстаудың дағдыларын үйретпейді.

 

«Ашуды бақылауда ұстау» атты кітап авторлары баланың ашулы кезінде ата-аналарға тиімді және тиімсіз қарым-қатынас түрлерін мысал ретінде ұсынады:

Тиімді:

балаға тынышталуға мүмкіндік беру;

баланың дәлелдерін зейінмен тыңдау;

өзінің сезімдерін анық және дұрыс жеткізу;

 қалыптасқан жағдайдан шығудын дұрыс жолдарын көрсету;

Тиімсіз:

баланы жазғыру;

  оны мұқатып, келтірген дәлелдерін күлкіге айналдыру .

 

Не істеуге болады? 

«Мұндай балаға қысым жасамаңыз! Оның еш пайдасы жоқ. Сонымен қатар оған жоғары талаптар қоюдың және қарым-қатынас орнатуда артық жұмсақтық танытудың қажеті жоқ! Қалай болғанда да артық кетпеңіз. Мұндай тәрбиеленушіге әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстаудың барлық қағидалары нақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар тыйымдардың, шектеулердің санын барынша азайтқан дұрыс!» Мен меңгерген тағы бір қағида: гипербелсенді балаға үнемі айналу, қимылдау ауадай қажет, себебі оның жеткіліксіз физикалық белсенділігі аса жоғары сезімталдыққа алып келуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың гипербелсенділік белгілерін түзетуге арналған экспериментті ұйымдастырудың жолдары бірнеше әдістерін қарастырсақ.

Ойын терапиясы. Бұл терапияны жүргізу балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатысса емдеу әсерлі болады.

Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшынысын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Әсіресе бұл гипербелсенді балалардың қатысуымен ойын өткізу барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылау керектігін айта кеткен жөн.

Ойын түрінде оқыту әдісі.

Ойын әдістері сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қолданылады. Олар тәрбиеленушілер үшін үнемі қызықты. Көптеген қызмет түрлерінде: ән айтуда, тыңдауда, композицияда балалар музыкалық ойындарды аса қызығушылықпен ойнайды. Ойын барысында тәрбиеленушілердің барлық психологиялық типтері өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. 

Сұр қоян жуынады.
Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады.
 Балалар: Қоян, қоян тұршы,
 Беті ,қолды жушы
 Айнаға қарашы
 Шашыңды тарашы
 Енді бізді қушы.
 Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі.
 Ойын 4-5 рет қайталанады.

Аттар
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.
Шарты:Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. Шабарманның қолында -ауыздық. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында жүгірумен жүгірудің түрлерін кезектестіруге болады.Ойынды түрлендіруге болады: ат шабуы, орманға саяхат, т.б..

Тыныстау гимнастикасы әдісі.

Гипербелсенді балалардың жүрек соғысы көбіне жиі болады, кекештеніп немесе өте жылдам сөйлейді. Мұндай жағдайда тыныстау жаттығулары көмектеседі. Оны кейіпке ену арқылы орындауға болады, ал тікелей тәрбиешінің тура нұсқаулары немесе ұсыныстары бойынша орындалмайды. 

1-ші жаттығу. Балаға ыдыстағы өсімдікті немесе базадағы гүлді иіскеуге мүмкіндік беру. Және де мұны ойнақы түрде орындау керек. Гүлді әртүрлі көңіл-күймен иіскеуді ұсыныңыз. «Балалар! Біздің гүліміздің иісін анықтайық! Бірақ оны күліп тұрып жасайық. Күліп тұрып тереңнен тыныстау…, деміңді шығар, демал, деміңді шығар!» немесе: «Дәл осыларды мұңды түрде қайталаймыз! Демал, деміңді шығар! Ал енді күліп тұрып демаламыз, мұңайып демді шығарамыз». Осылай бірнеше рет қайталаймыз. 2-ші жаттығу: «Қысқа тыныс алу қимылдарын орындаймыз, оны орындау кезінде өзімізді бу шығарушы шәйнек ретінде елестетеміз. Осыны дем шығарған кезде «у-у» дыбысымен орындаймыз».

Гипербелсенділік белгілері баланың бойынан жасөспірім шақта мүлде жоғалып кететін жағдайлар да көптеп кездеседі. Баланың ағзасының өсіп, жетілуіне байланысты кейбір белгілер мүлдем жоғалады. Алайда зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромының 30-70% ересек адамдарда да байқалады.

Гипербелсенді баланың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету үшін жанұяның және мектепке дейінгі мекеменің, қоғамның ынтымақтастығы қажет.

Егер де біз балалардың бойындағы гипербелсенділікті барынша азайту жолында дұрыс жұмыс жүргізетін болсақ, сонда ғана дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей алмақпыз.

1 662 26
АЛИНА ЖАБЫҚБАЕВА Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ Олигофренопедагог маманы Ұлы дала ұстазы № 000672
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Арнат
31 октября 2021 20:26
Аллах берекесін берсін 👍👍
Арнат
31 октября 2021 20:27
Аллах берекесін берсін
Сымбат
31 октября 2021 20:40
Білікті мамандар көбейе берсін
Нургуль
Нургуль
31 октября 2021 20:52
Керемет жазылған! Тек алдағы белестерден көрине берсин!
Aида Жаманкулова
Aида Жаманкулова
31 октября 2021 21:07
Жарайсын 👍🏻
Мика
31 октября 2021 21:18
Тамаша жумыс!
Аида
Аида
31 октября 2021 21:27
Керемет жұмыс! Жарайсың!
Турсынай
Турсынай
31 октября 2021 21:30
Четко! Молодец!
Асемайша
31 октября 2021 21:58
Супер молодец 😘 отличная статья 👍🏻
жанат
31 октября 2021 22:16
Молодец! Бииктен корин!
Nurgul
31 октября 2021 22:17
Керемет. Тек қана алға.
Mariya
31 октября 2021 22:33
Тамаша жұмыс, әріптес.
Макпал
Макпал
31 октября 2021 22:51
Енбегын жана барсын! Биык белестерды багындыр!
Айдана
31 октября 2021 23:00
Жаксы жазылган екен, осындай мамандар коп болсын
Айдана
31 октября 2021 23:01
Жарайсыз👍Тек бииктен корине бериниз
Жансая Куаныш
Жансая Куаныш
31 октября 2021 23:17
Жарайсыз😻биік белестерді бағындыра беріңіз
Марина
31 октября 2021 23:46
Өте пайдалы және қызықты мақала! Жарайсыз !
Шолпан
Шолпан
1 ноября 2021 00:48
Aида Жаманкулова,
👍жарайсың
Нурсулу
1 ноября 2021 00:52
Жарайсың.тек алға!!
Гульжан
1 ноября 2021 02:24
Жарайсың! Керемет жұмыс
Сания
1 ноября 2021 09:25
Сәттілік тілеймін
Дина
1 ноября 2021 13:19
Жарайсың! Білікті мамандар көбейе берсін.
Газиза
1 ноября 2021 13:21
Жарайсың өтте жаксы унады
Гульзат
1 ноября 2021 13:23
Білімді ұрпақ көбейе берсін. Өте жақсы.
Кундыз
Кундыз
1 ноября 2021 13:32
Жарайсың!!
Ализа
1 ноября 2021 14:33
Кундыз,
Жарайсың Құндыз!