Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI626

Тәрбиелі - тәртіптің құлы

Әр баланың болмысы мен туа біткен қасиетін айқындау және дамыту. Осы бір қасиетті байқап уақытында ашу. Сондай-ақ, оның, ашылмай жатып өшіп қалмауына жол бермеу, тәрбиешінің ерекше дарыны болып табылады

       Адамды адамдық  қалыпқа келтіретін де, аздырып , тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанымен оларды тәрбиелеуші әрине, ата-ана. Алайда бала салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі      де маңызды іс. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі  өсіп келе жатқан  жас ұрпақтың  білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді жан-жақты қабілеті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. « Адамға бірінші білім емес, Тәрбие берілуі керек, Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз  берілген білім адамзатқа апат әкеледі»  деген екен ғұлама ғалым Әбу Нәсір Әл-Фараби.

Тәрбиешінің қызметінің ерекшелігі: Педагогтік әдепті шеру, ел ушін ерлікпен еңбек ету, педагогтік бедел, педагогтің оптимізімі, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру. Тәрбие мен білім- егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі   болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай  білімде тәрбиелі ұрпақ  тірбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.  Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» -деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым – қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз – өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.

         Бала- әрі болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі  бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бірақ, бала тәрбиесі оңай емес. Ал сол сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан,тәрбиеші қауымның  атқарар ісі мен көтерер жүгі ауырда жауапты. Ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, адам бойындағы бәсекелестік қабілет 3-6 жас аралығында қалыптасатынын анықтаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -дейді халық даналығы. Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.  В.А.Сухомлинский «Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл-біздің көз жасымыз,бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.» Әрбір жас ұрпақ қай жағынан болсын келісті, тамаша азамат болып қалыптасуы керек. Жемісті тәрбиенің сыры шәкіртті дұрыс тәрбиелеуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні  «Ағаш түзү өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны тузей алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінді  дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқада игі қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

752 7
АҚБОТА ДОСМАНБЕТОВА Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 000670
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Шалтаев.Б.Р
Шалтаев.Б.Р
30 октября 2021 16:51
Керемет.Магыналы,терен ой салатын такырып екен.Жас урпак казак елинин болашагы
Несипбаева Б.А.
Несипбаева Б.А.
30 октября 2021 17:14
Керемет макала болып шыгыпты акылга конымды,болашагымызга септиги тиетин макала
Досманбетова  Р Б
Досманбетова Р Б
30 октября 2021 17:21
Керемет магналы ой салатын магналы тема екен балардын терен ой салды екен
Өте жақсы
Өте жақсы
30 октября 2021 20:10
Өтте жақсы 👍🏻
Молдір Акылбаева
Молдір Акылбаева
30 октября 2021 20:44
Керемет 😘 жастарға ои салатын мақала.Мағнасы зор тема екен. Бота 😘
Самбетова Жаухаркуль
Самбетова Жаухаркуль
30 октября 2021 21:42
Тамаша оте жаксы макала.Оскелен урпакка жол силтейтин макала екен
Юсупова Маржан
Юсупова Маржан
30 октября 2021 21:44
Керемет макала