Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI624

А.Байтұрсыновтың «жаңа әліппесіне» көшу перспективасы

«Қазақша оқу деп мен осы күнде мұсылманша оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» – деп реформатор-ғалым А.Байтұрсынов айтқандай, қазақ даласы қазақ тілін еркін меңгеру үшін алдымен әліппені дұрыстау қажет.

Қазақ мәдениеті тарихында алфавит, емле мәселесінің өз орны бар. Өйткені жазу   мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі екендігі белгілі.

Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланған. Тек 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қазақ оқығандары, соның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастаған. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына кешіру идеясын қызу уағыздады.

А.Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзеуді қолға алады, қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. А. Байтұрсыновтың араб жазуын жақтаудағы дәлелдері – 12-13 жыл бойы қолданып, орнығып қалған, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықтап  өзгертілген, ресми түрде қабылданған алфавиттің қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы, оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы, полиграфиялық мүмкіншіліктері жағынан да, экономикалық тиімділіктер тұрғысынан да бұрынғы алфавитті сақтау пайдалырақ екендігі.

Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), Түркологиялық съезде (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады.  Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылған. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды.

«Әліппе айтысы» деп Қызылордада шыққан кітапшада Ә.Байділдаұлы  латын әрпін алуды жақтап сөйлеген  баяндамасында, «Латыншылдар – бұл мәселе тұрмыс керегінен туып отыр, араб әрпі ол керекті толық орындауға жарамайды. Сондықтан жаңа әріп, жаңа әліп-биге көшуіміз керек дейді де, арабшылдар олай емес, бұл құр желіктен туып отырған мәселе, керегімізді өтеуге араб әрпі түгел жарайды дейді. Арабшылдардың көзқарасын дұрыс деуге болмайды. әріп мәселесі тұрмыс тілегінен тумаған нәрсе көптің көңілін аударарлық сөз де болмайды. Әліппе мәселесі, оның ішінде қазақ әліппесі Байтұрсынұлының өзгерткенімен араб негізді қалпында тұр, өйткені ол көбінесе дыбыс жүйесі жағын ғана өзгерткен. Бұлай болғандық – тәрбие ілімінінң негізіне қайшы. Үйренуге қолайсыз, жазуға қиын» деп жазады.

Сол кезде түркі елдерінің тарихына жетік атақты академик Бартольд пікірі: «Араб әліппесі түркі тілінің дыбыстарын дұрыс таңбалай алмайды. Бұған орыс білімпаздарының әлдеқашан көздері жеткен. Араб әліппесін дін ғана сақтап келеді. Дін болмаса бұл әріп әлдеқашан тозғындар еді».

Ал Ахмет Байтұрсынов өз баяндамасында жазудың маңызын айта келіп «...Әліп-би деген асылына адам ақылы жетпейтін нәрсе. Әліп-биде бірден мәдениет төрінің төбе басына шығарып жіберетін адам білместей айрықша қасиет де, жасырын сыр да болмасқа тиіс»  деп көрсетеді.

Араб әліп-биінің   кемшілігі ретінде нүкте көптігі, нүкте жазуды ауырлатуға себеп болатындығын айта келіп, бірақ ол араб жазуының өз басын оңаша алғандағы кемшілігі, латын жазуымен салыстырғанда қолсермеулі барша нүктелерін қосып есептегенде латындыкінен 25-30 % кем болып шығады» деп түсіндіреді.

Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымдауынша,  араб әрпі латын әрпінен жазуға, оқуға оңай. Онысын сауатты адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады; сауат ашу жүзінде араб әрпінің қолайлылығы латын әрпінен артық; баспа ісі жағынан араб әрпінің ескілігі латын әрпінен төмен, жаңасы артық; машиналарға орнатуға араб әрпінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр; араб әліп-биінің әрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле.

Шонанұлы Телжан өз баяндамасында «Араб әліп-биі қазақ тіліне үйлеспек түгіл, икемге келмейді, ал латын әліп-биі баданадай анық. әдебиетіміз кедей кезінде латынға көшуге көп жеңілдік бар. Арабшылдар әңгімені көп соза беруге, арабәліпбесінің өлімсағатын кешіктіре беруге тырысады. Мен латын әліп-биін жақтаймын» деп өзінің қарсы пікірін білдірген.

Ермекұлы Әлімхан да баяндамасында сол кездегі қазақ әрпінің кемшіліктеріне  әріптердің ұсақтығын, жазғанда тышқанның ізі сияқты болып кететіндігін, бір сөздің жалғаса алмай бөлек жазылуын, бұның жылдам оқуға да, жылдам хат тануға да қиын келтіретіндігін, жазғанда ноқатына бір көтеріліп, бөлінген сөзге тағы көтеріліп, бір сөзді жазғанша, қағаздағы қалам шоқаңдап, ақсап, сылтып отырады деп көрсеткен. 

Сонымен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы анық.

Биылғы тамыз конференциясында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов:

 - Әліппе Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Дәл сол әліппе деп отырған жоқпыз. Өйткені оның ішкі дүниесі, мәтіндері өзгерді. Біз егеменді елде тұрып жатырмыз. Сол себепті ішкі құрылымы қазіргі уақытқа бейімделіп өзгеретін болады. Бірақ қазақ тіліне бейімделінген Ахмет Байтұрсынов методикасының негізінде болуы керек –деп айтқан болатын. 

 Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың жасаған жолын дұрыс бағытта пайдалану қазақ еліндегі білімнің дамуын біршама алға бастырады. Еліміздің білімі дамып, өркендей берсін!

502 26
Гүлжан Шотбакова , №5Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі , Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000315
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

ГҮЛЖАН
ГҮЛЖАН
31 октября 2021 15:39
КЕРЕМЕТ Өте жақсы жазылған
Сауле
31 октября 2021 15:47
Мағыналы жазылған
Нұрлыгүл
Нұрлыгүл
31 октября 2021 15:50
Мақала өте жақсы жазылған
Гаухар
Гаухар
31 октября 2021 16:03
Еңбегің жемісті болсын!
Erbolat Nurpeisov
31 октября 2021 16:07
Керемет жаксы жазылған мақала ! Тек алға
Керемет
31 октября 2021 16:10
Цитата: Сауле
Мағыналы жазылған

Цитата: ГҮЛЖАН
КЕРЕМЕТ Өте жақсы жазылған
Бану Сексенбайқызы
Бану Сексенбайқызы
31 октября 2021 16:15
Мақалада қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында А. Байтұрсыновтың әліпбиі жақсы зерттеліп, жазылған. Қазақ тілінің мәртебесін көтерем деген жастарды қолдау керек👍✊
Марина Щукина
Марина Щукина
31 октября 2021 16:18
Очень познавательно ! 👍
Гулнур
31 октября 2021 16:26
Мағыналы, өзекті тақырып қозғалған👍
Шолпан
31 октября 2021 16:50
Мақала жақсы жазылған екен👍
Камила
31 октября 2021 17:12
Магыналы жазылган, тек алга
Толғанай Маликовна
31 октября 2021 17:18
Өзекті мәселе қозғалып,жүйелі жазылған екен, керемет 👍
Жадыра
31 октября 2021 17:31
Қаламың мұқалмасын
Денис Dessident
31 октября 2021 17:57
Советская азбука лучшая!
Базарбаева Жупар
31 октября 2021 18:21
Өте жақсы жарайсың
Асхат
31 октября 2021 19:30
Бәрекелді👍
Ажар
Ажар
31 октября 2021 19:40
Мақаланың өте керемет жазылған
Мұсабек Рахат
Мұсабек Рахат
31 октября 2021 20:10
Өте жақсы жазылған.
Гулжамал
31 октября 2021 20:51
Қазақ мәдениеті тарихында әліппенің орны тім бөлек
Айнаш
31 октября 2021 20:58
Мақала жақсы жазылған, мен сізді қолдаймын✓
Айжанова Аида Мажитовна
31 октября 2021 21:17
Керемет, сәттілік! 👍👍
Марал
31 октября 2021 21:50
Сәттілік тілеймін
Нурсауле
31 октября 2021 23:12
Керемет, өте мағыналы жазылған
Зауре
Зауре
1 ноября 2021 08:16
ГҮЛЖАН,
Өте жақсы
Маржан
Маржан
1 ноября 2021 08:26
Керемет !!Жарайсың Гүлжан ханым! Алға биік биік белестерден көріне беріңіз
Мадияр
1 ноября 2021 09:24
Еліміздің білімі дамып, өркендей берсін!