Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI623

Онлайн білім берудің артықшылықтары мен қиындықтары

«Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» – деп қазақ маңдайына біткен жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әріп танытып, білім берген жандарға құрмет қашан да сарқылған емес. Ұстаздардың шәкірт үшін жасаған барлық жақсылықтары дүниенің асыл қазынасымен тең десек артық етпес. Білім беру қай уақытта да болар істің ұлысы болмақ. 

Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалды, мәдени дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғарғы деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Соңғы жылдары білім беру ісінің екі түрлі форматы қолданылып келеді:

  1. Дәстүрлі білім беру форматы (офлайн ренжимі);
  2. Қашықтықтан білім беру форматы (онлайн режимі).

Дәстүрлі білім беру форматы дегеніміз – білім берудің аудиториялық нұсқасы. «Дәстүрлі оқыту» термині алғаш рет ХVІІ ғасырда Я.А.Коменскийдің дидактикалық принципінде қалыптасқан сыныптық-сабақтық оқытуды ұйымдастыруды қамтиды. Бұл жүйеге соңғы жылдары ғана біршама өзгерістер енгізіліп, жаңартылған оқу технологиясының тиімділігі айшықтала отырып, білім жүйесіне енгізілді. 

Қашықтықтан оқыту – білім алушылар мен педагогтың ақпараттық коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Бұл жүйе көптеген дамыған мемлекеттерде қолданылып келеді. Соңғы жылдардағы пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне көптеген мемлекеттердің өтуіне тура келді. Қазақстан да бұл жүйені өз тәжірибесінен өткізді. Өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері көрінді. Артықшылықтарын атап айтар болсақ:

Уақытты үнемдеді. Уақыт – баға жетпес құндылық. Біздің өміріміздің өзі уақытпен өлшенетіндіктен уақыт бәрінен қымбатырақ. Бұл туралы М.Мақатаев:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді, 

Өтпейтіндей көретін адамдарға – 

деген екен. Қашықтықтан оқыған әр білімгер оқу орнына барып-қайтқану үшін жолға кететін уақытын үнемдеді. 

Техникалық сауаттылықты арттырды. Техникалық сауаттылық – компьютермен жұмыс жасау мүмкіндігі. Қазіргі қоғамның көз ілеспес жылдамдықпен дамуы, адамдардың да техника тілін түсінуге итермелеп отыр. Қай салада болса да компьютерлік сауаттылық қажеттілігін жойған емес. Әсіресе пандемияның тудырған жағдайы біздің техникаға тәуелді екендігімізді көрсетіп берді. Соған байланысты барлық білімгерлер мен әдіскерлер техникалық сауттылықтарын арттыру мақсатында компьютермен көп жұмыс жасай бастады. 

Өзін-өзі дамытуға жол ашты. Уақыт тапшылығына байланысты ысырып қойып жүрген қосымша курстарды оқып алуға жол ашылды. Олардың барлығы онлайн түрде оқыта бастағандықтан, көпшілігі уақыт бөліп оқып алды. Түрлі салада өздерін дамыта бастады: ас үй істері тұрғысынан, кітап оқу, бизнес бастау, тиімді жолмен үй тұрғызу, инстаграм желісін дамыту т.с.с. Көпшілігі SMM, таргет, мобилография курстарын оқып, өз бизнестерін бастап кетті.

Қолжетімділікті арттырды. Қосымша курстар онлайн форматында болғандықтан, қатысушылардың саны маңызды емес, курсты өту орны болмағандықтан ғимаратқа ақша төленбейді. Сондықтан бұл курстарды оқу ақылы түрде болса да, мейлінше арзан, қолжетімді бағада болды. 

Ауа ластануын біршама азайтты. Қоғамдағы қозғалыстардың көпшілігі оқушылар, студенттер және білім берушілер еді. Бұл қозғалыстар болмағандықтан транспорттар қозғалысы да біршама бәсеңдеп қалды. Ауа ластануы да өз статистикасын төмендетті.

Өмірдің өзі ақ пен қарадан, жақсылық пен жамандықтан тұратыны секілді онлайн форматта білім беру ісінің де артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүрді. Кемшіліктеріне тоқталар болсақ:

Денсаулыққа зиянын тигізді. Денсаулық – қашан да орны алмастыруға келмейтін байлық болып келеді, солай болады да. Онлайн форматта білім беру, білім алу денсаулыққа зиян. Техникадан бөлінген радиакция түрлі ауруларға алып келеді. Олардың басында төмендегілер тұр:

  1. Көздің көру қабілетін төмендетеді;
  2. Омыртқалардың қисаюына алып келеді;
  3. Жүйкеге салмақ түсіреді;
  4. Шаршағыштық, әлсіздікті күшейтеді.

Техникалық ақаулар. Қазақстан дамушы мемлекет болғандықтан Қазақстаннның барлық аймағы интернетпен қамтамасыз етілмеген. Осының салдарынан сабақ өту барысында көптеген техникалық ақаулар орын алып жатты. Бұл Қазақстан әлі де болса онлайн сабақ өту ісіне дайын еместігін көрсетеді.

Практикалық тапсырмаларды орындау да қиындықтар тудырды. Қашықтықтан сабақ өту барысында білімгерлер тек теория жүзінде білім алады. Практика жүзінде ештеңені ұстап, біліп, тәжірибе жасап көрмеді. Бұл әсіресе медецина факультетінде оқитын білімгерлер үшін үлкен зиянын келтірді.

Білімгерлердің сауаттылық деігейін төмендетті. Білімгерлер құрылғының арғы жағында болғандықтан ұстаздар барлығын бірдей қадағалай алмады. Әккі білімгерлер айласын асырып, айту керек ақпараттарды оқып беріп жалған баға алғандары да өтірік емес. Ал мектеп жасындағы білімгерлердің тапсырмалырын өздері емес ата-аналары орындағандары да шындық. Бұл тұрғыдан білімгерлер өз дәрежесінде білім ала алмады.

Білімгерлердің немқұрайлылығын тудырды. Білімгерлердің сабаққа қатысу статистикасы да төмендегені рас. Сабаққа қатыспай, техниканы сылтау еткендер де табылып жатты. Сабаққа білімгерлер немқұрайлы қарап, бағасын төмендетіп те жатты. 

Қорыта келгенде, онлайн форматта білім беру ісінің артықшылықтары бар да кемшіліктері де жетерлік. Қай жағынан алсақ та дәстүрлі білім беруге жетпесі анық. Сөзімді батыр қолбасшы әрі белгілі қаламгер Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтағым келеді: «Техника қанша дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды».

1 505 12
Гулжамол Тукашева , №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің, ағылшын тілі пәні мұғалімі , Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000314
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Сауле
31 октября 2021 20:30
Өзекті мәселе қозғалған
Сауле
31 октября 2021 20:31
Өзекті мәселе жайлы айтылған
Базарбаева Жупар
31 октября 2021 20:33
Өзекті мәселе қозғалған керемет сәттілік тілеймін
Гулжамал
31 октября 2021 20:34
Қоғамдағы қозғалыстар арқылы бізде онлайн білім берудің артықшылықтары және кемшілік терін коре білдік
Гүлжан
31 октября 2021 20:40
Осы мақаламен толықтай келісемін өте дұрыс айтылған
Гулнур
31 октября 2021 20:45
Жарайсың! 👍
Камила
31 октября 2021 20:59
Жатпайсын, саттилик
Толғанай Маликовна
31 октября 2021 21:03
Керемет, сәттілік!
Айжанова Аида Мажитовна
31 октября 2021 21:06
Керемет! Сәттілік! 👍👍👍
Динара
Динара
31 октября 2021 21:24
Жарайсың сәттілік
Марал
31 октября 2021 21:47
Сәттілік тілеймін
Мансия
1 ноября 2021 01:47
САТТИЛИК ТИЛЕЙМИЗ.ТЕК АЛГА!