Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI622

ХХІ ғасыр оқушысын дайындау

«Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» – деп ақын М.Жұмабаев айтқандай, оқушыны жан-жақты дамыту керек, оны ХХІ ғасыр тұлғасы етіп дайындап шығу керек. Ол үшін оқушыны түрлі бағытта дамыту қажет:

Тәрбие беру керек. Тәрбие үрдісі  жалпы  адамзаттық мәдениеттің  бір бөлігі  болғандықтан, мәдениеттану  тұрғыдан оқып  үйренуге  тура  келеді. Олай  болса,  бұл үрдіс  балаға ғасырлар бойы  қалыптасқан мәдени мұраны  меңгертіп, сол арқылы осы  заманғы  мәдениетке  енуіне  мүмкіндік береді.Тәрбие бір ұрпақтың озық тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамның дамуына басшылық жасалады. Нәтижелі жүйелі тәрбие жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Баланың  оны  игеруі барынша  қысқа  мерзімде  атқарылуы  тиіс,  сондықтан тәрбие  ісі  жалпы  адамзаттық гуманистік  бағытта  жүргізіліп, жеке бастық рухани дамуына бағытталу керек. 

Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогаканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Түрлі салада білім беру керек. “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа білім беру бағдарламасын енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту”өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқушыны шығармашылыққа баулу керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.

Тіл үйрету керек. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. «Адам адамға — дос, жолдас, бауыр» деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.

Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.

Қорыта келгенде, оқушыны дамыту тәрбиеден бастау алады. Жан-жақты дамыған ұрпақтың көбеюі елдің өркендеуіне үлес қосады. Қазіргі кезде бәсеке белең алып барады. Сондықтан әр адам жан-жақты даму керек.

 

494 15
Ақерке Байұзақ , №5 М.Ломоносов атындағы орта , ағылшын пәні мұғалімі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000313
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Maratkyzy Lyazzat
Maratkyzy Lyazzat
31 октября 2021 08:18
Ozekti takyryp. Jaraisyn!😘
Балнур
31 октября 2021 09:00
Өте керемет ! 👍🏼👍🏼
Гулназ
31 октября 2021 09:43
Өте керемет👍👍👍👍👍👍
Гулназ
31 октября 2021 09:44
Цитата: Гулназ
Өте керемет👍👍👍👍👍👍
Керемет тақырып👍👍
Байузак Фарида
Байузак Фарида
31 октября 2021 09:50
Жарайсың 👍😘
Улжан
31 октября 2021 10:11
Өте кермет мақала👍👍👍👍
Берикуль
Берикуль
1 ноября 2021 10:48
Өте керемет жазылған.Тәрбиелік маңызы зор тақырып.
Жаңаш
1 ноября 2021 11:22
Ақерке қыз жұмысыңа үлкен табыс тілеймін!Өте маңызы зор ,құнды тақырып !
АЛИХАН АБДИЕВ
1 ноября 2021 11:29
МОЛОДЕЦ 😍👍🏻 ТЕК АЛГА
Нургали
1 ноября 2021 12:21
Керемет! Керенкті дүние!
Алтын
Алтын
1 ноября 2021 13:38
Жарайсын👍👍👍жумысын жемисты болсын
Гулбану
1 ноября 2021 14:23
Ақерке,жарайсың.Мақтан тұтар шәкірттерің көп болсын!
Гулжан
1 ноября 2021 14:40
Маған ұнады. Керемет👍👍👍
👍👍
👍👍
1 ноября 2021 21:26
Керемет!👍👍
Маржан
1 ноября 2021 21:53
Ақерке еңбегің жемісті болсын, саған шығармашылық табыс тілеймін.Керемет