Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI620

Полиглот болу формуласы

«Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды» – деп Гиппона епископы А.Б.Августин айтқандай, тіл үйрену шынайы қызығушылықты қажет етеді. Тіл үйрену үшін белгілі бір жас мөлшері немесе генетикалық тұрғыдан тарауы керек деген қатал стереотип жоқ. Тек мақсат пен сол мақсатқа жету үшін табандылық болса жеткілікті. 

Тіл үйрену ерте кездерден бері келеді. Көрші мемлекеттер бірін-бірі түсіну үшін тіл үйренген. Ал қазір тіл үйренудің маңызы артып келеді. Оларды төмендегідей жіктесек те болады:

  1. Шет тіліндегі кітаптарды оқып, киноларын көріп, музыкаларын тыңдап, білімді кеңейту үшін;
  2. Өз еліңде немесе шет елге барғанда шетелдіктермен еркін қарым-қатынас жасау үшін;
  3. Бизнесті нығайту үшін;
  4. Тіл үйрену – қартайғанда алжасудан сақтайды; 
  5. Жұмыстағы дәрежеңді көтеру үшін.

Қазіргі қоғамда тіл үйренуге қызығып, полиглот, гиперглот болуды қалайтындар өте көп. Полиглот – бірнеше тілді меңгерген адам. «Полиглот» дәрежесі бес тілді еркін меңгерген адамдарға айтылады. Гиперглот – он және одан да көп тілдерді жетік меңгерген адам. Олар бірнеше тілді жетік меңгеріп, қалған тілдерді қарым-қатынас жасай алатын дәрежеде меңгереді. Әлемде танымал, көп тілді меңгерген полиглоттар жеттерлік. Олардың басында, орта ғасырлық ғұлама – Әбу Насыр әл-Фараби тұр. Ол жетпіс тілді білсе, одан кейінгі қатарларда: К.Д.Меццофанти (45-60), Ф.Энгельс(24), К.Ломб (16), Г.Шлиман (15), Л.Толстой(15), М.Ломоносов (11), Клеопатра (10), А.Грибоедов (9), Н.Тесла (8), Э.Берджесс (12) секілді ірі тұлғалар тұр. 

Тіл үйреніп, полиглот болу алып бара жатқандай қиын да, тез үйреніп алатындай оңай да емес. Оның да өз ережелері бар. Полиглот болудың формуласын жасайтын негізгі критерийлер мыналар:

Өз тілін еркін білуі қажет. «Тілін білген тірлік етер» – деп дана халқымыз айтқандай, кез келген іске тіл білу қажет. Өз тілін анық біліп, шақтарды, есімдіктерді, етістіктерді  ажырата алған адам – өзге тілдің де қолданылуын ажырата алады. Өз тіліндегі сөз бен сөздің байланысы жайында білген адам өзге тілді де еркін біледі.

Өз мотивациясы болу керек. Тілді неліктен үйреніп жатқандығы туралы нақты ақпарат болу қажет. Ақпаратқа байланысты өз мотивациясы пайда болады. Мотивациясы болуы нәтижесінде әрдайым өзін-өзі қамшылап, дамытып отырады. Кейде адамдар таңғы алтыда тұрып, тіл үйренбек түгілі оянада алмайды. Ал мотивациясы жақсы адамдарға таң уақытында тіл үйрену үйреншікті болып қалады. Осылайша тіл үйренуді бастаған жөн.

Басынан бастап үйрену керек. Кез келген тілді меңгерудің алғашқы баспалдағы – алфавитті терең меңгеру болып табылады. Оның әр әріпінің дұрыс дыбысталуына назар салған абзалырақ. Ол болмаған жағдайда тіл үйрену қиындықтарға алып келеді.

Есте сақтаудың бірнеше түрін пайдалану қажет. Ақпаратты алу оңай болғанымен оны есте сақтау өте қиын. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше түрін ұсынады. Олар: жазу, жаттау, қайталау, түрлі бейне роликтер, фильмдер көру, дауыстап оқу, т.с.с. Алған ақпарат есте сақталмаса амалыңның бос кеткені емес пе?

Тілді білетін адамдармен көп сөйлесу керек. Адам теориядан гөрі практикада жақсы үйренеді. Сондықтан тіл үйрену барысында сол тілді білетін адамдармен қарым-қатынас орнатып, әңгіме-дүкен құру тілді үйренудегі біліміңді практика жүзінде кеңейтеді.

Тұрақтылық қажет. Тіл үйреніп, кейін оны үйренуді доғарсаң, уақыт өте келе ол ұмыт болады. Осыдан кейін оны қайта басынан бастап үйренуге тура келеді. Тілді жаңадан үйреніп келе жатқан адамдарға тұрақтылық бәрінен де маңызды. Тілді үйренгенде аз-аздан бірақ тұрақты түрде үйренетін болса сіңімді болады.

Бір тілді үйренгеннен кейін келесі тілді таңдау керек. Біз келесі таңдаған тілді тез үйренуді қаласақ, онда туыстас тілдерді үйренген жөн. Туыстас тілдерді үйрену нәтижесінде сіз уақытыңызды үнемдейсіз әрі бірнеше тілді меңгерген адам келесі тілдерді меңгеру барысында қиындықтарға душар болмайды.

Тілді меңгергеннен соң одан қол үзбеу керек. Тілді меңгеріп болдым енді басқасына көштім деп алдыңғыны мүлдем тастап кетуге болмайды. Қазақ «көзден кетсе, көңілден де кетеді» – деп бекер айтпаған, «Қайталау –білімнің анасы» – деп қайталап тұруды да жөн көрген.

Қорыта келгенде, полиглот болу формуласы қарапайым. Осыларды есте ұстап, өз тәжірибесінде пайдаланса, міндетті түрде полиглот болады. Ендеше, іске сәт!  

429 14
Аида Айжанова, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің, ағылшын тілі пәні мұғалімі , Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нурлыкент ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000311
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гүлжан
31 октября 2021 20:52
Өте дұрыс жазылған, мен қолдаймын
Гулжамал
31 октября 2021 20:54
Тіл үйрену кәзіргі күндегі өзекті мәселе
Камила
31 октября 2021 20:54
Керемет оте магыналы
Сауле
31 октября 2021 20:59
Тілімізге құрмет ретінде сөз қадірін өз қадірінен де биік қойған халықтардың тіл туралы, сөз құдіреті жайында жазылған👍
Толғанай Маликовна
31 октября 2021 21:00
"Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте"демекші қәзіргі заман талабына сай келетін өзекті тақырып, керемет 👍
Базарбаева Жупар
31 октября 2021 21:13
Өте жақсы дұрыс жазылған керемет сәттілік тілеймін.
Гаухар
Гаухар
31 октября 2021 21:14
Шығармашылық табыс тілеймін!
Нұрлыгүл
Нұрлыгүл
31 октября 2021 21:36
Мақала керемет
Марал
31 октября 2021 21:46
Сәттілік тілеймін
Гульназ Амирбеккызы
Гульназ Амирбеккызы
31 октября 2021 21:50
Өте құнды ақпарат, шет тілін меңгеремін деушілерге таптырмас пайдалы кеңестер.
Гульнар
Гульнар
31 октября 2021 22:10
Бірнеше тілді үйрену үшін, туыстас тілдерді үйрену керек деп айтылған. Өте керемет.
Бану Сексенбайқызы
Бану Сексенбайқызы
31 октября 2021 22:11
Керемет ғылыми мақала👍Өз тілін қадірлей отырып, өзге тілді үйренуге шақыратын құнды жазба, шығармашылық табыс тілеймін ✊✊✊
Адилет
1 ноября 2021 00:06
👍 Керемет! Өте пайдалы мақала!
Перизат Князьбаевна
Перизат Князьбаевна
4 ноября 2021 19:05
Өте керемет жазылған. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі көтеріліп отыр. Тіл білу баршамыздың міндетіміз.