«Адамның адамшылығы жақсы - ұстаздан» - деп Абай атамыз айтпақшы адамның өмірде өз орнын тауып,адамгершілігі мол тұлға болуы ұстаз еңбегінің жемісі екені рас.
Ұстаз - шәкірті үшін жан-жақты дамыған ұлы тұлға. Олар өз шәкіртіне білімді ғана емес тәрбиені қатар ұштастырып,санасын оятып,сауатын ашып ғана қоймай ішкі - жан дүниесін жандандырып,ең асыл адами қасиеттермен ең жоғары мақсаттарына жетуге бағыттайтын жан.Ағаш жақсы өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда түзете алмайсын.Ия баланы кішкентайынан жақсы тәрбиемен сусындатып,болашақта жақсы адам болуы үшін бойына асыл құндылықтарды дарытып,жақсы мінезді қалыптастыру ұстаздың шеберлігімен,ерең еңбегінің арқасында.Ата-анасынан бөлек,мектеп тәрбиесінде ұстаздың рөлі ерекше әр ұстаз өзінің бойындағы қасиеттерімен, білімімен өмірлік тәжірибесі арқылы шәкірт тәрбиелейді.Ұстаз-алдына келген шәкіртін жақсы тани алса жаман шәкірт жолда қалады.Әр баланың кемшілігін,бойындағы артық мінезін дұрыс көріп сол кемшіліктерімен жұмыстанып,түзеп отырса ол педагог шеберлігі деп білеміз.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді
Ұлы мұғалім шабыттандырады - демекші,біз шәкірт тәрбиелеуде жай түсіндіріп,хабарлап қоймай керемет мұғалім болып өз іс - әрекетімізбен көрсетіп оларға тірі үлгі болуымыз керек.Сонда ғана көздерімен көріп,жүректерімен ұғынып өскен шәкірт адамгершілік қасиеттерді өң бойларына дарытады.Балаға айтпас бұрын,баланы тәрбиелемес бұрын алдымен шебер педагог өзі ол қателіктерді жіберми,өң бойынан өткізіп алғаннан кейін ғана баланы тәрбиелей алады.Рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту-ол ең бірінші елін,Отанын,жерін сүюден бастау алып,мейірімділік,кішіпейілділік,қамқорлық сияқты адамзат баласының асыл қасиеттерімен ұштастырамыз.
« Жақсы мінез бен ақыл біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер» - деп, Ыбырай атамыз адамның адамшылығы көркем мінезде екенін оны ақылмен бірлесе жүзеге асыратынымызды айтқан.Жақсы мінез жолыңды ашады ол – ақиқат. Мінезді туа біткен деу қателік,мінез жүре бара пайда болады оны өзгертуге болады ол- анық.Демек ашуланшақ,қыңыр-қисық,шыдамсыз шәкіртті керемет жағынан түзеп алуға болады олда педагогтың өз шеберлігіне байланысты.
Сүйіспеншілікпен бар мейірімін төгіп, бала тәрбиелеуде шынайы еңбектенсе жаман шәкірт шықпайды деп ойлаймын.
Менде шәкірт тәрбиесінде жүрген ұстазбын,ұзақ өмірлік тәжірибем болмаса да,шағын өмір мектебімде көрген –білгенімді бала тәрбиесінде қолданып келемін.Баланы ұрып-соғып,қорқытып,айқаймен тәрбиелей алмайтыныңды,өзің айтып тұрып,сөзің мен ісің үйлесім таппаса ол жүзеге аспайтынын түсіндім. Менің де алдыма қойған мақсаттарымның бірі шәкірт тәрбиелеуде біліммен қоса рухани адамгершілігі дамыған тұлға қалыптастыру.Тәрбиелеген шәкіртің ертеңгі ел сыйлайтын адам болып шықса демек сенің еңбегіңнің жемісі сол.
Алтыннан да қымбат сыйластық пен қайырымдылықты өз шәкіртінен көру әр ұстаздың бақыты.Шынайылық пен сүйіспеншілікпен берген білім мен тәрбие қашанда өз шыңына жететіні - ақиқат.