Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI618

Модульдік технология және оны пайдаланудың тиімділігі

     Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы білім жайлы, және оны игеру жайлы «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асырудың дағдысы» деп сөз қалдырған. Білім кеніне жету үшін жақсы қазбашы болу керек. Оның ішінде қазақ тілін оқытудың маңызы ерекше. 

Қазақ тілін оқыту бағдарламысының  мазмұны қазіргі кезде бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше, жетілдірілген. Мұның басты себебі қазақ тілінің қазіргі қоғамдық мәнімен байланысты. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны шындық десек, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленуіне орай ана тілінің шешімін табуға тиісті күрделі мәселелері де бар.

«Оқушының дұрыс сөйлеп, сауатты жазуы үшін, ең алдымен қазақ тілінің заңдылықтарын үйреніп, айтылмақ ойды ауызша да, жазбаша да дәл әрі анық етіп жеткізе алу икемділіктері мен дағдылары дамыта оқыту мақсат етіледі». [1/3] 

     Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндет жүктейді. Себебі әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. 

      Мектептегі  білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті – оқушылардың жан-жақты танымдық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады. 

    Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін бітұтас ғылым. 

    Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күнде мектеп алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігімен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педогогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту. Осыған орай, жоба «Модульдік оқыту технологиясы» деп аталады. 

     Әдістемеші-ғалым М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы» деп аталатын еңбегінде модульдік технологияның негізгі міндеттерін анықтады.  Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіншілігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. 

    Ал жалпы «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. 

 Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функциональды байланыстырушы. 

 Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. 

  Әр оқу модульінде сағат саны әртүрлі болады, бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан  тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.  [2/10]

      Модульдік оқыту технологиясы оқушының өзгеше мақсатын жеке бағдарламамен толық немесе бөлімдерін оқитындай етіп өзгертіп, қайта құрады. 

 Модульді оқытудың өзгеше оқу модулі:

 -ақпараттардың аяқталған блогынан;

-оқушының іс-әрекетті мақсатты бағдарламасынан;

-бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан тұрады. 

Модульді оқыту білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, өзбетінше жұмыс істеу мүмкіндігін, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйелерінен ерекшеліктері ме айырмашылықтары:

1.Оқу мазмұны меңгеруші қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы  үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұны мен көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. 

2. Оқытушының оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгертіледі. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асады. 

3. Оқушы көп уақыт өзбетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзгеше жоспарлауға, өзгеше ұйымдастыруға, өзгеше бағалауға үйренеді.

Модульді оқытудығы мақсат: 

 Оқушының өзбетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеуді жекелеген тәсілдер арқылы жұмыс істей алуға үйрену. 

Ал ғылыми идеялары.

1.модульді оқыту іс-әрекет принципі оқушы тарапынан кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекет болғанда ғана білім мазмұны саналы түрде меңгеріледі. Сондықтан, оқытушы тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттап, қабылдауына жағдай жасайды. Балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту процесін қамтамасыз етеді. 

2.Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделгендіктен, егер оқушы тапсырманы оқытушының немесе сыныптастарының көмегімен орындайын болса,  оған бағыт көрсетіліп, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне әсерін тигізеді, өйткені ол бүгін басқалардың көмегімен орындаған тапсырманы өзгертіп орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы өзекті даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады. Модульді оқытуда бұл цикл оқытушының оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетін әр түрлі формада жеке, топтық, жұптық және ауыспалы құрамда ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 

3.Модульдік оқыту технологиясы негізіне бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудың мынадай белестері: іс-әрекеттен нақтылы логика, белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмүкіндігін, жеке жүрісінің қарқыны, нәтижелерді салыстыру арқылы жеке қорытынды, өзін-өзі бақылау – модульдік оқытуға тән. 

4.Модульдік технологияның қарқындылығы мен интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып, жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.[3/4]

     Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алуы арқылы, дамуын қояды. Қазіргі уақытта педогогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

 Бүгінгі таңда М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П. И.Третяковтың, К. Вазинаның модульды оқыту технологиясы В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.   

  Қазақстанда Ж. А. Қараевтің, Ә. Жүнісбектің және т.б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. 

       М Қамзина өзінің  «Модульдік оқыту технологиясы»  деп аталатын мақаласында модульдік технологияның негізгі үш құрылымымен таныстырады. «Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның нақтыланатын, біршама дербес бөлігі. 

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады:

  • Кіріспеден 
  • Сөйлесу
  • Қорытынды 

Кіріспе бөлімінде оқытушы балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-мүддесімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру, әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. 

  Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен тұрады:

  • Кіріспе – қызықтырушылық
  • Опериационалдық – танымдық
  • Рефлекциялық -  бағалау

Психологтар дәлеллдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсатты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсаттың мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек. 

 Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс» - дейді ғалым. [4/15]

    Жоғарыда атап өткеніміздей модульдік технология білімнен бұрын жеке тұлға жасауға қабілетті. Осы орайда ғалым Жампейісова өзінің «Модульдік оқытудың құрылымы» атты мақаласында «жеке тұлға» ұғымына тоқталады. 

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. 

  Егер «Жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:

«Жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
  • Өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
  • Іс жүзінде асырылып жүргенәлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;
  • Айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
  • Қажеттілік жүйесі;
  • Шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
  • Сыртқы жағдайлар әсерінің жиынтығы және т.б(Г.К. Селевко) [5/31]

     Модульдік оқыту технологиясының басты өзегі – елімізде бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімді, өндірісте жұмыс істей алатын жан-жақты дамыған құзыретті маман даярлау. Яғни, мемлекетік тілді студенттер меңгере отырып, болашақ мамадықтарын жан-жақты игерген құзыретті маман болуы қажет. Ол үшін ұйымдастырушылық-тенологиялық қызмет түрін қалыптастыру қажет. 

  Елімізге қызмет ететін білікті мамандар дайындау үшін оқыту технологиясының маңызы ерекше. Ғалым М.Жанпейісованың ұсынған «модульдік технологиясы» өте тиімді технология. Білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттыра түседі. Біріншіден, білім беруші мен білім алушының қарым-қатынасына басты назар аударылады. Екіншіден, мұғалім бағыт-бағдар беруші ретінде болады. Сабақ тақырыбына қатысты барша мәліметтерді оқушы өз ізденісінің нәтижесінде алады. Үшіншіден, оқушыларды топ болып жұмыс жасауға баулиды. Соның нәтижесінде білім алушы қажетті білімді аз уақыт ішінде тез меңгере алады. Модульдік технология соны көздейді. Бұл технология қазіргі таңда Қазақстанның біршама білім орталықтарында жүзеге асырылуда.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақ тілі стилистикасын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, 5-кітап. –Алматы, «Арыс» баспасы, 2008 жыл.

2.Жанпейісова М «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы» -Алматы, 2006 жыл.

3.Б.Жумагулов, Модульдік оқыту технологиясы, «бағдарлы мектеп және кәсіптік білім»  1/2012.

4.Қамзина М «Модульдік оқыту технологиясы»// Тәрбие құралы. 4/2015.

5.М. М. Жампейісова, Модульдік оқытудың құрылымы, «Оқыту–тәрбиелеу технологиясы» Нұр-Принт-75, -Алматы; 3/2008.


1 379 0
Аружан Тәжібай, №29 ЖББМ - нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алматы қаласы, Медеу ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000342
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: