Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI611

Алтын күздің әдемі ертегісі

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.Көрністі сахналай отырып, өз өнерлерін ортаға салу.Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.

(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Алтын күздің әдемі ертегісі» атты мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге арналған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар

Берекесін сыйлауға
 Өлкемізге күз келді
 Жемістерін жинауға
 Шақырады біздерді

 

Қуандырып біздерді
 Кел жемісті алтын күз
 Өлкемізге күз келді
 Кемелденсін халқымыз.

 

Көптен күткен күз келді
 Жеміс жидек піседі
 Жапырақтар сарғайып
 Ағаштардан түседі

 

Көбейді құт береке
 Астық толы қамбамыз
 Құтты болсын мереке,
 Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші: -Ал, балалар,балалар,
                      Енді бері қараңдар
                      Бізге қонақ келмекші
                      Сендерді бір көрмекші
                      Әуелі жұмбақ жасырам
                     Қулығымды асырам.
                    Таба алсаңдар шешімін
                    Қонағымды  ортаға шақырамын.
                   «Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
                       Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін.

                     Ол кім?

Балалар: -Алтын күз

Жүргізуші:-Қане, ендеше ортаға Алтын күзді шақырайықшы.

                     Алтын күз, Алтын күз

                     Бізге жылдам келіңіз

Қолында әдемі гүлдері бар Алтын күз ортаға келеді.

Алтын күз: -Сәлем менің достарым,
                       Өмірге көп қосқаным,
                       Күз сыйлығын алыңдар
                       Сыйлығына қаныңдар.
                       Молшылыққа кенеліп,
                       Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: 

 Ән: «Алтын күз»

Алтын күз:-Рахмет балалар, әндерің өте әдемі екененді мен сендердің әдемі тақпақтарыңды тыңдағым келіп тұр.

 

Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді!
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола,
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті!   

   

Сап сары маңай,,

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

 

Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.  

Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
 
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.
  

 

Алтын күз: -Балалар, мен сендерге жыл бойы  асығып дайындалдым, алып келген сыйлығымда бар. Сонымен қатар мен сендерге керемет ертегі алып келдім. Жарайды, ендеше мен сен сендерге ертегі айтып берейін.

Жәй әуенмен ертегі басталады.

«Ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Олардың Маша деген немере қыздары бар екен. Бірде Маша атасы мен әжесіне келіп, орманға баруға рұқсат сұрапты.

Маша: -Ата-әже мені  құрбыларыммен орманға жибересізбе. Мен жидек теремін. 

Ата мен әже: -Барсаң бара ғой, бірақ құрбыларыңнан қалып қойып, адасып кетіп жүрме. Абай бол, қызым! 

Маша: -Қыздар жүріңдер, орманға барып, билеп алайық.

Би: «Маша».

Алтын күз: -Маша құрбыларынан адасып, орманның арасына кіріп кетеді. Келе жатып бір үйшікті көреді. Үйшіктің қолымен есігін қағып, ішке кіреді. Ал бұл үйшік аюдың үйі екен.

Аю Машаны ұстап алып:- Сен кімсің? Менің үйімде нестеп жүрсің?

Маша:  -Мен Машамын. Мен адасып кеттім.

Аю: -Енді сен менің үйімде тұрасың, маған тамақ пісіресің, үйімді жинайсың

Алтын Күз: -Сөйтіп Маша Аюдың үйінде тұра бастапты. Маша  сыпырғышпен сыпырып жүріп, бір күні Аюдан қалай құтылу керектігін ойлап табады

Маша: - Аю мен ата мен әжеме бәліш пісірдім, сен апарып берші. Мен бәліштерді себетке салып қояйын. Тек жолда себетті ашпа, бәлішті жеме. Сен сыртқа шығып қарашы, жаңбыр жауып тұрған жоқпа екен ( Аю сыртқа шығады.Жаңбырдың дыбысы шығады)

Алтын күз: -Аю кел, бізбен ән айт

Ән: «Жаңбыр жауар себелеп» (Ән айтып жатқанда Маша себетке кіріп алғандай болады)

Аю Себетті арқасына іліп алып, ата мен әженің үйіне аттанады. Аю шаршап, бір ағаштың түбіне келіп, демалып, себеттегі бәлішті жегісі келеді.

Жүре-жүре шаршаған аю былай дейді:

Отырайын түбірге,

Бәліштерді мен жеуге!

 Бір мезгілде оған кірпілер келіп айтады: 

Кірпілер: -Себетті ашпа, бәлішті жеме!

Аю: -Сендер кімсіңдер?

Кірпі: -Біз кірпіміз. Қане сен бізбен бірге билейсің бе?

Би: «Кірпілер»

Алтын күз: -Аю кірпілермен билеп болғасын ары қарай жүреді. Шаршап тағы себеттегі бәлішті жегісі келеді. Оған балалар жүгіріп келеді. 

Аю себетті ашпа, бәлішті жеме! Біз саған тақпақ айтып береміз.

 

Жетті желмен алтын күз,
 Жеміс жинау салтымыз
 Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
 Мол өнімді жинаймыз
 Елге бәрін сыйлаймыз   

 

Заглянула осень в сад -
Птицы улетели.
За окном с утра шуршат
Жёлтые метели.

Золотистый листопад
 Землю разукрасить рад.
 Это ветер нашалил,
 А убраться позабыл.    

Золотистый листопад
 Землю разукрасить рад.
 Это ветер нашалил,
 А убраться позабыл.
     

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып

 

Аю: -Рахмет балалар!

Алтын күз: Аю келіп тұр екенсің, балалармен бір ойын ойнап жібер.

Ойын: «Сиқырлы орамал» (Ойынға Маша да қосылады)

Ойын аяқталып боласынн Аю Машаны ұстап алалы

Аю: -Маша сен қайдан жүрсін?

-Маша: Мен мына себетке кіріп алдым. Сен мені атам мен әжеме алып келдің

Аю: -Ой мына Маша мені алдап кеткен екенғой, бірақ ештене етпейді, келесіде мені алдауға жол бермеймін

Алтын Күз: -Сөйтіп, Аю үйіне кетіп қалады. Балалар менің ертегім ұнады ма?

Жүргізуші: -Алтын күз, сен балаларға керемет ертегі айтып бердің. Енді балалардың әнін тыңда!

Ән: «Осень»

Алтын күз: -Енді сендерге алып елген сыйлықтарым бар еді, соны берейн!  Балалар сендер кішкентай болсаңдар да, өнерлі екенсіңдер. Рахмет сендерге. Ал енді мен кетейін! Сау болыңдар!

Жүргізуші: -Құрметті біздің қонағымыз Алтын күз, бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғаныңызға рахмет! Балалар осымен біздің күз мерекеміз аяқталды. Сау болыңыздар!



1 375 0
Альбина Алимгалиева Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №8 «Өркен» бөбекжайы МКҚК-ның тәрбиешісі Ұлы Дала Ұстазы № 000341
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: