Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI61

Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістердің ерекшеліктері

Жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырған жас буынды  түсіндіру мен баяндау арқылы қызықтыра алмайсың. ХХІ ғасыр өзгерістеріне әр баланы бейімдеу-бүгінгі ұстаздың негізгі мақсаты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасында білім алушынының бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту қажет. Қазақ тілі мен әдебиетін оқи отырып, оқушылар негізгі төрт тілдік дағды, атап айтар болсақ, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым бойынша түсініктері мен қабілеттерін кеңейтеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», – деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсетті. Отанын сүюге, адамгершілікке, ізгілікке баулу – ұстаздардың парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өз пәнін меңгертуде рухани, шығармашылықпен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа реформаны, технологияны меңгерген, білімі мен білігі жоғары деңгейде болуы шарт. Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін.

       Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеу керек екендігін түсіндім.Білім алушылар  басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де,  білім алушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.Бүгінгі таңда оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген сабақта кез келген стратегиялары құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.

    Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. [Мұғ.арн.нұс. 49 бет].Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім алушы жастар үшін ең тиімді тәсіл. Өйткені, білім алушы  мен мұғалімді сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Оқушылар өздерінің ақпараттарының шынайылығына және басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой елегінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Ал мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни тұрғыдан бағалау болып табылады. 

Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе-сабақтың әдісі.Оқыту үрдісінде сан мыңдаған  әдістер бар.Білім алушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтығ түріне қарай әдістерді тиімді қолдану керек.Барлық сабақта сын тұрсынан тапсырма бере алмайсың. Әдіс дегенміз-мұғалімнің бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті.Ал,технология дегеніміз-көптеген әдістердің жиынтығы.Алға қойған мақсатқа жету үшін өзім де түрлі әдістерді сабақтың түріне қарай тиімді пайдаланамын.

       Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады.Оның өзінің зерттейтін нысаны,мазмұны,зерттеу әдістері,тәсілдері бар.Сабақ барысында қолданылған әдістің тиімділігі мен айырмашылығын білуіміз керек.Біз қолданып жүрген әдістердің ғылыми негізділігі бар.Ж.Нұржанова «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді.Түсіндіру,кітаппен жұмыс,көрнекілік әдіс,техникалық құралдармен әдіс,жаттығу әдісін біз қазір де қолданамыз. 

     Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында жаңартылған бағдарламаның жүзеге асыру шеңберінде оқытудың     интербелсенді әдістері мен 30 интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің,білім алушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашылып отыр.

     Егеменді еліміздің ертеңі – білімді жастардың қолында екені белгілі. Жан-жақты қабілетті, тәрбиелі, білімді ұрпақ – еліміздің баға жетпес қазынасы. Кез келген ұлан алдымен өзінің ана тілін жетік білуі керек. «Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар» деген Жүсіп Баласағұн жырларында кез келген елдің дамуы оның білімді жастарымен ерекшеленеді.әл-Фараби 70 тіл мен бірге өз ана тілін жетік білген. Мен де әр сабағымда шәкірттеріме ана тіліне деген құрметін арттырғым келеді. 

       Тіл білімінің теориясын меңгертуде ес үрдісінің маңызы зор. Қазақ тілі сабағында есту және қабылдаудың маңызы ерекше. Кез келген тіл сабағында оқушылар ауызекі сөйлеседі. Сөздерді есту арқылы, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланады. Сөйлесу барысында интонация ырғағын, эмоция мен ым-ишарат қол қимылдарын қолдану ‒ тіл білімін меңгертудің тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оқушылардың бір-бірін тыңдап, түсіне білуге, өз бейнесін өзгелермен салыстыруға ықпал етуде, өз мүмкіндіктерін байқауда, өз білімін жетілдіруде ой сергіту тәсілінің маңызы зор. Ой сергіту тәсілінің жеке тұлғаға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне деген сенімі күшейеді. Өзін-өзі түсіне білуге, мүмкіндігін бағалай білуге, өз бойындағы қасиеттерді байқауға үйретеді. Тәрбиенің мәні ұжыммен бірге ұйымшылдықпен жұмыс істеуге, жолдасына көмек беруге, және өзін-өзі төмен бағалау, өз-өзіне сенбеу сияқты психикалық негізден құтылуымен анықталады. Кез келген ой сергіту тәсілін өткізуде басында тақырып, мақсаттар мен міндеттер хабарланып, соңында рефлексия, қорытынды жасалады. Ой сергіту тәсілін жүргізуде мына талаптарды мұғалім ескеруі тиіс. Біріншіден, оқушыларды шеңбер етіп орналастыру өз ойларын еркін жеткізіп, әңгімелесуге жағдай туғызады. Екіншіден, топтың жұмыстағы қатысушылардың саны 25-тен аспауы тиіс, бұл сенім ахуалын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударып отыру үшін маңызды. 

Менің алдыма қойған міндеттерімнің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.Ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс таңдау.В.Сухомлинский: «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»-, деп айтқан.Әр ұстаз өз еңбегін нақты талдай білсе ғана, білім алушы белсенді болады. 

 А.Байтұрыснов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек.Оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс есебінде қолдалануы керек» -,деп бекерге айтпаған.Ізденісті тоқтатпау керек,сол кезде  білім алушы да,мұғалім де жетістікке жетеді. 

«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» деген Сенека Луций Аннейдің сөзін біз күнделікті жұмыс барсында жүзеге асырамсыз. Жақсылықты серік ететін,Отанын қадірлейтін білім алушы қазақ тілі сабағында рухани жағынан дамиды.Сол үшін де жаңаны үйрену-заман талабы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазак тілі оқулықтары мен бағдарламалары

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992

3. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1965

4.Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999

5 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995

6. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. -Алматы, 1958

7. Күлмағамбетова Б.К. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1988

8.Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.

509 0
Меруерт Сейтбекова, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000020
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: