Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI595

Еңбек етсең ерінбей...

 Адамды  адам  еткең –еңбек- дейді ол рас. Жер бетіне адам болып келген соң, еңбек етіп өзіңді асырап қана қоймай, қасындағыларды бақытты ету саналы әр адамның міндеті. Шынай  көзбен  қарасақ, еңбек етіп жатқан үлкендер ғана емес оқушылар сабаққа уақытында келіп, сабақ оқу барысында еңбек етіп жатқандықтары жайлы біз , ұстаздар үнемі айтып отырамыз. 

Баланың  әр жасаған қадамына  баға беріп, мақтап, «сенің еңбегіңе мынандай баға қойдым» деп мадақтап отырсақ, баланың болашаққа деген көзқарасы дұрысталып, алдына қарай ұмтылып, күш-жігер пайда болады. Баланы кішкентай кезінен еңбекке баулитын ол –ата –ана. Барлығымыз білеміз тәрбиенің басы отбасынан басталады. Бала туылғаннан бастап, мектеп табалдырығын     аттағанға дейінгі уақытын жанұяда өткізеді, сондықтан бала кезінен бастап шағын еңбек, яғни ойыншықтарын жинау, киімдерін орнына қоюдан бастап тәрбие алса, ондай баланы мектепте де мектеп ережесіне көндіріп  алу оңай. Қазір жас жанұяда баланы өз еркімен қоя беріп, артынан аяқ киімін, ойыншықтарын аналар өздері жинап үйретеді де, мектепке келгенде ол бала көмекті ұстаздан сұрамайды, бұйырады, яғни бала көпшілікке үйрену, сабақта еңбек етуден бас тартады немесе өз дегенін істеткісі келеді. Осы жерде ұстаз бен ата –ана арасында кикілжің пайда болады. Егер біз қазақтың алғаш ұстазы Ыбырай Алтынсариннің мына бір сөзіне көңілімізді бөлсек ол былай дейді «Тәрбиесіз берілген білім білім емес»" деген екен. Міне, тәрбие қайда жатыр, тәрбиелі бала еңбек ете біледі, тәрбиесіз бала қисық өскен ағаштай болады. Өзінің «Әке мен бала» әңгімесінде әкесі жолда келе жатып сынық тағаны көтерші дегенде бала көтергісі келмейді, әкесі еңкейіп көтеріп, жолда шие сатып тұрған кісіден шиені әлгі тағаға сатып алып, балаға бермей өзі жеп келе жатып, жерге бір –бірден тастағанда , бала шиені алу үшін он рет еңкейеді. Сонда әкесі» Сен жаңа тағаға бір рет еңкеюге ерініп, енді шиеге он рет еңкейдің ғой» деген сөздерінен- ақ еңбектің дәмі тәтті екендігін айтып тұрғандығын білеміз. Осы әңгімелер арқылы баланы еңбек етуге тартып, ұрандап тұрғандай. Осы жерде «Бір еңбектің – бір рахаты бар» деген мақал ойға келеді. Біз оқушы болғанда мектепте бар бала істей алатын жұмыстарды, еңбек практикасын өту деген біз үшін тиесілі нәрсе саналатын. Егер бармай қалсақ, ата –аналарымыз ұрсып тұрып жұмысқа жіберетін, осыдан болар біздің тетелес достарымыз әкелері мен аналары жасап кеткен жұмыстарды қазір орындап отыр, бірде- бір жұмыс істемей үйде отырғандарды кездестірмейсің. Ал қазіргі жастар ауыр жұмыстан қорқып, өздерін аяп, ондай жұмыстарға бармай «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүргенді   ұнатады. Олар қазіргі заманның жастары. Олар неге осындай деген сұрақты қойсаң жас ата –аналар сылтау тауып шыға келеді. Біз өзіміз ауылда тұрып, ауылда өскендіктен ешқандай  ауыр жұмыстан қорықпаймыз, өйткені аналарымыз үнемі жұмыста болғандықтан, інілерімізді, сіңлілерімізді бағу, мал жайлау, үй жұмысы, сабақ оқу сынды жұмыстарды күнделікті орындағандықтан, ауылдан шыққан қыз болсын, ұл болсын қалаға келгенде ешқандай жұмыстан қорықпайтынбыз. Қала балалары ауылға келсе, бір –екі күнге әзер шыдайтын. Сондықтан болар олар еңбекке жарамсыз болып келеді. Олар ертең бір қиындықтар болса, тез шаршап, ұнжығалары түсіп қалады. Қазіргі мектептерде балаларды сенбілікке де шығармайды.Ол баланың кінәсі емес ата –ананың кінәсі.  Біз бала болғанда мектептегі сенбілік біз үшін мереке болатын, ауыл маңын тазалап, мектептің іші мен сыртын тазалап шығысымен, ауыл сыртына саяхатқа кететінбіз. Ата –аналарымыз сенбілікке шықпай жатсақ, үйден шығарып жіберетін, сонда ренжитінбіз, олардың істегендері дұрыс болған екен, олар бізді еңбек етіп үйренсін дегендері екендігін кейбіріміз түсінбейтінбіз, осы үшін қазір мен рахмет айтамын. «Еңбегіне қарай өнбегі» деген мақалды енді түсінгендейміз, олардың қолдауымен жасалған жұмыстың қазіргі таңда өніп- өскенін көріп қана қоймай, өз балаларымызды сол жолмен тәрбиелеудеміз. 

    Қазіргі жастарға «Еңбектен қашпа, ырысыңды шашпа» дей отырып, әр адамның  алдынан ақ  және қара жол кездеседі, құдай ырыс пен бақытты қатар сыйға тартуы  мүмкін., сол себепті  міне, осындай шақта дұрыс жол таба білгендіктерін  қалаймыз. Бала қазір қолдарындағы ұялы телефондарына тәуелді болғандықтары сонша үйде отырып та еңбек етуді мақсаттап отырған жастарымыз көп. Ол   да бір жағынан дұрыс та шығар, бірақ қолмен жасайтын ауыр жұмыстарды да жасайтын жандар керек, бұрынғы жұмысшылар зейнеттік жасқа жеткендігін білеміз, оларды алмастыратын жастарымыздың қатары азайып бара жатқандығы барлығымызды алаңдатуда. Осы тұста алаңсыз ұйықтау үшін бала еңбегін дұрыс жоспарлау біз, үлкендердің мақсаты мен міндеті. Осы тұста «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» дегенді айтар едім.  Біз өзіміздің оқу орнында қала балаларын  ауыл  өмірімен танысып, ауыл балаларының күнделікті жұмысын жасап, ауылдың тарихы мен табиғатымен танысу үшін «Менің ауылдағы бір айым» атты жобаны  қолға алған болатынбыз. Ауыл өмірімен тікелей араласып,  барлық еңбек түрлері яғни мал бағу, ауыл маңындағы жұмыстар, табиғат құбылыстары мен   әсемдігін сезініп, өздері алған сезімдерді бала қағаз бетіне түсіріп алып келді. Қазіргі таңда бала ата-ананың өзіне жасап жатқан  қамқорлығын сезінбейтіндер бар, осы балалар үшін «Менің анамның, не әкемнің   жұмысындағы бір күн» жобасын да жүзеге   асырудамыз. Ол  не бала ата-ана тауып жатқан әр тиынның қалай келетінін сезіп, өзі ой елегінене өткізіп , жұмысқа араласып, қаншалықты қиын, қызықты екендігін түсінгенде, өзіне беріліп жатқан тиындардың қандай жолмен келіп жатқандығын түсініп, еңбекті құрметтеуге үйретеміз. Сондықтан адал еңбекпен тапқан нанды да ұялмай жейтіндікті жастар санасына жеткізіп отыру керек. Әр жасаған жұмыстарына ұқыптылықпен қарап, сол жұмыстың сапалылығы ел болашағының  кепілі деген  қағиданы ұстанғандықтары жөн.  Ел болашағы- жастар. Біз жастарға сенеміз! 

  

  

                                                                                          ..

 

 

741 3
АЙГЕРІМ ЖАРҚЫНБЕКОВА «Байтерек School» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда қаласы Ұлы дала ұстазы № 000652
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Салтанат
25 октября 2021 15:39
Оте керемет жазылган 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Нұрай
25 октября 2021 18:25
Өте жақсы деректер бар екен
Азамат
Азамат
25 октября 2021 20:48
Керемет жазылған екен