Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI591

Білімді ұстаз шәкірт мақтанышы

«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»... . Иә, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мақтауларды жалғастырсақ, даналық сөздер тізбекбегі шексіздікке ұласады. Ұстаз мектептің жүрегі іспеттес. Өйткені, олар әрбір баланы жете зерттеп, олардың алда қандай маман болатынына бағдар жасаушы, бәйгеге ат қосатын атбегі сияқты.

Ұстаздар жайында қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамыз: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... . Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» - деген екен...

Олай болса, бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім екенін ұмытпауымыз қажет. Яғни, өз ісіне берілген, кез келген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын Ұстаз кез-келген балаға, тұла бойындағы барлық адамгершілік пен сүйіспеншілік қасиетін дарыта білуі керек...

 

"Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі" демекші,
Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: 

«Мектептің жаны – Мұғалім» деген екен!

 

Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті.
Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртібінен түскен жоқ.
Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата - анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің жолын ашарына көзіміз жетік... 
         Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпаңыздар!

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
 

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек екенін ұмытпауымыз керек.

 Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған.
Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

1 854 41
ҚАЛАМБАЕВА ҒАЛИЯ «Байтерек School» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда қаласы Ұлы дала ұстазы № 000650
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гани
25 октября 2021 21:24
Оте керемет жазылган екен!!!!!
Асия Аскаровна
25 октября 2021 21:24
өте керемет жазылған👍🏻 толықтай қосыламын!
Бостанова
Бостанова
25 октября 2021 21:25
Өте керемет еңбегің жана берсін, білімді, алғыр шəкірттерің көп болсын
Аида
25 октября 2021 21:27
Жарайсыз👏. Керемет👍. Мақалаңыз көбейе берсін.
Мөлдір Бахытовна
25 октября 2021 21:28
Толықтай келісемін! Дұрыс айтасыз! Білімді ұстаздар көбейе берсін
Жанна
Жанна
25 октября 2021 21:29
Өте керемет мағынасы бар дүние екен. Сіздің білімді білікті ұстаз екенініз білініп тұр. Тек алға апай!!!!
Уалихан
25 октября 2021 21:32
Ұстаз ұлы тұлға. Жақсы жазылған
акайна
25 октября 2021 21:32
Ғалия Саттібеккызы менің қызымның сынып жетекшісі.Өте керемет білімді аккқңіл жан.Макала өте керемет жазылған,маған ұнады.Апайымызға биік белестерді бағындыра беріңіз деп тілек айтамыз.Тек алға Ғалия апай.
жасмин
жасмин
25 октября 2021 21:32
Ұлағатты ұстаз деген атқа лайықты жансыз! Керемет мақала?!
АЛУА
АЛУА
25 октября 2021 21:33
Очень потрясающая качество материала
Асем
25 октября 2021 21:34
Керемет жазылған
Ғалия
25 октября 2021 21:34
Рақмет көп-көп 😘😘😘 Тілекші болып жатқандарыңызға ❤❤❤
Марина
25 октября 2021 21:35
Жарайсын Алга жумысынатек кана табыс алгыс
Индира
Индира
25 октября 2021 21:35
Устаздык еткен жалыкпас,уиретуден балага !!!...Рахмет апаиымызга.
Сагадат
25 октября 2021 21:36
керемет...!
Амаггул
Амаггул
25 октября 2021 21:36
Əрқашан биіктен көріне бер алар белестерің көп болсын ешқашан қажымай, шаршамаи білімді шəкірттер тəрбиелеуіңе тілектеспін.
Акмарал
25 октября 2021 21:39
Жарайсын тек алга!!!оте керемет жазылган ☺️👌🏾❤️
Акмарал
25 октября 2021 21:39
Оте керемет!!!😘🤍🙌🏽
Айдана
25 октября 2021 21:42
Жақсы жұмыс. Жарайсыз👍🏻👍🏻👍🏻
Амаггул
Амаггул
25 октября 2021 21:42
Сен сияқты білімді, абыройлы мамандар көп болсын
Акмарал
25 октября 2021 21:43
Ұстаз ұлы тұлға!🙌🏽
Акниет
25 октября 2021 21:44
Оте керемет👍Келысемын шакыртер устазды сыйлау керек 👌
Мадина
25 октября 2021 21:46
Маган катты унады 👏👏
Асель
Асель
25 октября 2021 21:46
Керемет шыгыпты кутты болсын👍осе бериниз👏👏👏
Акмарал
25 октября 2021 21:49
Керемет жазылган😍😍😍😍😍
Жусупова Айжамал
25 октября 2021 21:59
Керемет. Жарайсың Ғалия.Алар асуларың мен шығар шыңың биік болсын
Акмарал
25 октября 2021 22:00
Керемет 😍😍🥰🥰🥰
Бахытбек
Бахытбек
25 октября 2021 22:01
Недеген ұлы сөздер
Айгерім
25 октября 2021 22:07
👍👍👍жарайсыз
Токжан
25 октября 2021 22:08
Ұстаз ұлы тұлға, ұстаз екінші ана, әр баланың көңіліе тауып, жетістігіне балаша қуанатында ұстаз! Мұңайса бірге мұңаятында ұстаз! Арқасынан қағып өсіретінде, қанатын қатайтып ұшыратында ұстаз! Барлық ұстаздар қауымына мың алғыс! Шакірттеріңізбен мақтанып, марқайып жүре беріңіздер!!!