Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болуы тиіс.
Мектептің басты міндеті – ең алдымен, саналы да ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп шығу. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісінде, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мектеп болашаққа бастайтын, рухани азықтандыратын алтын ұя болса, ал мұғалім – сол шаңырақтың тірегі, сүйеніші.
Жүрегі таза шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын мейірімді жан – ұстаз. Ұстаз – шәкірттерінің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам. Ұлы дана Абай хакім айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз-тұл»-деп адам баласының кісі боп қалыптасуы көбіне ұстазға байланысты екенін ерекше атап өткен. Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бері басшылық қызметін атқарып келемін. Осы жылдар арасында мектебім мен ұстаздарымның жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі таңда аталмыш мектепте 2166 білім алушылар мен тәрбиленушілер болса, ұстаздар саны 209-ды құрайды. Осындай үлкен ұжымда жоғары білімді 208 мұғалім, арнаулы орта білімді 3 мұғалім, жоғары санатты 20 мұғалім, бірінші санатты 96 мұғалім, екінші санатты 23 мұғалім, педагог-зерттеуші 47 мұғалім, педагог-сарапшы 67 мұғалім, педагог-модератор 27 мұғалім, 5 мұғалім магистр дәрежесінде жұмыс атқарып келеді.
Жалпы «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздар қауымы сенім биігінен көрінуге өте құштар әрі ынталы. Жарты ғасырдан астам уақыт еліміздің білім-ғылым саласындағы жас ұрпақты тәрбиелеп өсірудегі ерен еңбегін ескеріп, болашақ ұрпақ үлгі тұтады деген мақсатпен мектебіміздің Балтабай Нұрлыбеков есімімен аталуының өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Білім – бұл қазына, оның кілті – еңбек, ал қорғаушысы – ақыл. Білімді, еңбекшіл, ақылды ұстаздарымыздың марапаттары мен жетістіктері ұшан-теңіз.
Мектеп ұстаздарының қажырлы қайратының, табанды еңбегінің арқасында 2019-2020 оқу жылы мектеп ұжымы үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді білім алушылары көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, мектептің жетістер қатарын еселеді. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”- деп дана халқымыз айтқандай, осы орайда ұжымымдағы ұстаздарымның еңбектерін айтып өтпеу мен үшін, мектеп басшы ретінде, әділетсіз деп білемін. Жетістіктер қатарына тоқталар болсам:
2019 жылды Қарағанды қаласында өткен жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылы туылған кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 2000 метрге жүгіру бойынша 7:1884 секунд нәтижесімен 10 сынып білім алушысы Құралбай Ақбілек 1 орынды иеленді. Бапкері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Алтынбеков.
2019 жылы республикалық “Ұлы даланың ұрпақтары” өнер және білім байқауына мектептің 15 білім алушылары қатысып, жүлделі 1 орынды 3 білім алушылар, 2-орынды 4 білім алушылар иеленіп, жалпы республикалық 7 орынды иелендік. Жетістікке жеткен білім алушылардың пән мұғалімдері Қ.Тортаев, Ж.Исаева, М.Шарипбаева, Ж.Боранбаева, Г.Абдуллаева.
2019 жылы “Өнертапқыштыққа алғашқы қадам” атты білім алушылар арсындағы байқаудан 10 сынып білім алушысы Абдуалиев Рамазан 2 орынды иеленді.
2019 жылы «Үздік жас мұғалім - 2019» байқауының аудандық кезеңіне төмендегі мұғалімдер қатысып жүлделі орынды иеленді:
Математика пәнінің мұғалімі Э.Кубеева 1 орынды, информатика пәнінің мұғалімі Балабекова Гулдана 1 орынды, тарих пәнінің мұғалімі Турдибоев Байбол 3 орынды, биология пәнінің мұғалімі Қувантирова Амангул 2 орынды, бастауыш сынып мұғалімі Валиева Салтанат 3 орынды, ағылшын тілі мұғалімі Елгондиева Улбосын 1 орынды, технология Салменов Ерғали 1 орынды иеленді.
Ал, осы байқаудың облыстық кезеңіне өткен 4 жас маман Кубеева Элмира 2 орынды, Балабекова Гулдана 2 орынды, Салменов Ерғали 1 орынды иеленді.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде І орынды иеленіп, облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды география пәні мұғалімі Ниязбаева Гулжайна иеленді.
Аудандық «Педагогикалық дебют» байқауына мектептің жас ұстаздарынан А.Абсамат, Ш.Куттиева Шолпан қатысып ауданда 1 орынды, облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді.
Аудан мұғалімдері арасында «Владей тремя языками и добейся успеха» тақырыбында өткізілген байқауында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Сындарова 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңінде жүлделі 2 орынды иеленді.
«BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Ғылым және Білім-2019» атты байқауына мектептің 15 ұстазы қатысып, 11 ұстаз І дәрежелі дипломға, «Қазақстанның құрметті ұстазы» төсбелгісіне ие болды және барлық 11 ұстазымыздың еңбек жолында жеткен жетістіктері «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты 2 томдық кітап жинағына енді. Олар: Ж.Акылбекова, С.Каненова, К.Казанбаева, Н.Уябаева, Р.Шахзадова, С.Збайрадинова, У.Темиртаева, Ж.Исаева, П.Казмамбетова, З.Исаева, З.Сындарова.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңіне қатысып, Айнабекова Қарлығаш билогия пәні бойынша І орынды, Досаева Перизат информатика пәні бойынша - І орынды, Ахметова Айсулу орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша ІІ жүлделі орындарды иеленді. Ал, осы фестивальдің облыстық кезеңінде информатика пәнінің мұғалімі П.Досаева 3 орынды иеленді.
2020 жылдың ақпан айында Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Абай оқулары» байқауынан мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Серикбаев Ғарифулла Максутович, Сындарова Зәуре Абдрашитовналар қатысып, Серикбаев Ғарифулла ІІ орынды иеленді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңде ІІІ орын мен 10000 теңге жүлде қорын 10 сынып білім алушысы Оразбай Нұрберген жеңіп алды.
Мектептің 22 мұғалімдері 2019 жылғы «Ең білімді педагог» ІІІ облыстық пән олимпиадасына қатысып, К.Курбанбаева, У.Байташова, Э.Исмайлова, Л.Муталиева, А.Бекбулатова, А.Бекзатова, Ж.Бейсенова, П.Досаева, А.Конысовалар «Ең білімді педогог» төсбелгісімен марапатталды.
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интелектуалды білім сайты «Ең үздік әдістемелік құрал» атты Республикалық байқауына Ү. Байташова , Г.Сулейменова, Р.Шахзадовалар қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Мың бала» интелектуалды білім сайтындағы «Үздік сабақ» атты Республикалық байқауына 39 мұғалім қатысып, қатысқан мұғалімдер І дәрежелі дипломмен, ал Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының халықаралық олимпиадасында «Абайдың 175 жылдығы» қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері қатысып, І және II дәрежелі дипломдарға ие болды.
IMT Class (Швейцария) Инновациялар мен заманауи технологиялардың халықаралық класы Қазақстан Республикасының әр мектебінде онлайн режимінде пәндерді оқытудың заманауи модельдерін игеру жобасына мектебіміздің 2 ұстазы мен 10 білім алушылары қатысты. Мақала авторы Ж.Акылбекова, кординатор Ж.Бейсенова білім алушылар Ш.Оразбай, А.Умирзакова, А.Абдирахманова, А.Смадияр, А.Утегенова, Е.Пирмахан, Б.Мухтаров, Д.Сарсенова, С.Атеева, А. Кошимбектер оқығандығын растайтын сертификат берілді.
Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасына 156 білім алушылар қатысты. Нәтижесінде І орынды - 10 білім алушылар, ІІ орынды - 15 білім алушылар, ІІІ орынды - 25 білім алушылар иеленіп, жалпы 50 білм алушылар жеңіске жетті.
«Алтын қыран» ерекше дарын иесі олимпиадасына 22 білім алушылар қатысып, 11 білім алушылар жүлделі орын алды.
«Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына мектептен 189 білім алушылар қатысып, І орынды 10 білім алушылар, ІІ орынды 18 білім алушылар, ІІІ орынды 22 білім алушылар иеленді.
«Бәйтерек» зияткерлік олимпиаласына 256 білім алушы қатысып, нәтижесінде І орынды 5 білім алушылар, ІІ орынды 65 білім алушылар, ІІІ орынды 70 білім алушылар иеленді.
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша «Білген Бәйге, Білген Аламан» олимпиадасына мектептің 1-11 сыныптардың 503 білім алушылары мектепішілік кезеңіне қатысып, нәтижесінде аудандық кезеңіне 204 білім алушылар, облыстық кезеңіне 120 білім алушылар, республикалық кезеңіне 39 білім алушылар қатысып, нәтижесінде бас жүлдені 1 білім алушы, І орынды 13 білім алушылар, ІІ орынды 22 білім алушылар, ІІІ орынды 3 білім алушылар иеленді. Осы республикалық олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 1 сынып білім алушысы Төленді Нұрсағын қазақ тілі пәні бойынша бас жүлдені иеленіп, Қазақстан Республикасының «Білген Бала» атағына ие болды. Бас жүлде - “Білген бала”, І орын - «Кемеңгерлер» мектебі, ІІ орын - «Білімділер» мектебі, ІІІ орын - «Ақылдылар» мектебі атты дипломдар берілді.
Ауыл мектептерінің балаларына арналған “Айқанат” олимпиадасының іріктеу кезеңіне 61 білім алушылар қатысып, аудандық кезеңіне өз білімдерін дәлелдеп 22 білім алушылар жолдама алды. Ал, облыстық кезеңіне 8 білім алушылар жолдама алып, 2 білім алушы республикалық кезеңіне өтті Қапшағайда өткен республикалық кезеңіне математика пәні бойынша Ж.Тұрсынбаев, ағылшын тілі пәні бойынша С.Досмаханбетов қатысты.
Сонымен қатар, мектебімізде Ордабасы аудандық білім бөлімінің және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының жоспарына сәйкес мектебімізде аудандық және облыстық түрлі семинарлар ұйымдастырылады. АББ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың қаңтар айының үшінші онкүндігінде «Білім алушылардың ғылыми-тәжірибелік жобалау іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары» тақырыбында ОҚМУ аға оқытушыларымен бірге аймақтық тәжірибелі семинар өткізілді. 2020 жылдың 20 ақпан күні АББ-нің өндірістік жоспарына сәйкес Б.Нұрлыбеков жалпы орта мектебінде «Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түрі мен әдістерді қолдануын және нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізу» үшін шығармашыл ұстаздар Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Уябаева, З.Исаева, К.Нурумбаевалар өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің өндірістік жоспарына сәйкес 2019 жылдың қараша айында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбында бастауыш сыныптар бойынша тәжірибелік семинар өтті. Семинар жоғары деңгейде өтіліп, семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар Ордабасы аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мұғалімдер арасында Республикалық виртуалды олимпиададан 17 мұғалім І орын жүлдегері атанып, Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстанның үздік ұстазы» атты ордені және куәлігімен 7 мұғалім мараппаталды.
Аудандық «Үздік зерттеуші ғылыми жоба конкурсында ағылшын тілі секциясы бойынша: 1 дәрежелі дипломмен 11 сынып білім алушысы А.Умирзакова, жетекшісі О.Бекзатова І дәрежелі дипломмен Д.Мырзақұлова жетекшісі М.Махимова ІІ дәрежелі дипломмен, Б.Мухтаров жетекшісі Л.Қалмуратова ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.
Информатика секциясы бойынша І дәрежелі дипломмен С.Шахмурадов, жетекшісі А.Конысова, ІІІ дәрежелі дипломмен А.Балтабай, жетекшісі Г.Балабекова иеленді.
Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүруі керек.
Мектебіміздің тәжірибелі, шебер ұстаздары жас мамандарға үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибесімен үздіксіз бөлісіп отырады. Біршама жұмыс түрлерін жүйелендіріп, жүзеге асыру да күн тәртібінен қалған емес. Осындай білікті маман, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары, Н.Уябаева аудандық кезеңде өткен қашықтықтан онлайн жүйесіндегі «Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» дәстүрлі озық тәжірибелі педагогтер слетының І үрдіс - «Үздік әдістемелік калейдоскоп» сырттай байқауында ІІ орынды иеленді.
Жас ұрпаққа сапалы білім беруде мектебіміздің мұғалімдері аянбай еңбек етсе, еңбегінің жемісін көрсететін білім алушыларымыз емес пе?! «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізуде ұстаздар қауымының тағы бір биік белесті бағындырғанының куәсі болдық.
2020-2021 оқу жылының басынан қашықтықтан білім беру жүйесімен білім берілсе де, ұстаздарымыздың біліктілігінің арқасында қашықтықтан оқытуды меңгере отырып, жетістіктер саны күн сайын арта түсуде.
Биылғы жылы ұлы ақын, халқымыздың ұлы перзенті А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойын лайықты атап өту мақсатында мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұндай іс-шаралар мен байқауларға мектебіміздің білімді ұстаздары өз үлестерін қосты. Мұғалімдер арасында Абайдың 175 жылдық мерей тойына байланысты онлайн форматында өткен аудандық «Абай даналығы» атты байқауында «Ұлы халықтың ұлы Абайы» зерттеу жұмыстары бағыты бойынша қатысып жүлделі І орынды К.Курбанбаева, ІІ орынды А.Бердешова иеленген. Ал, облыстық кезеңінде К.Курбанбаева ІІІ орынды иеленді.
Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі. 2020 жылғы аудандық педагогикалық оқуда эстетикалық пәндер бойынша Г.Жумадилова, дене шынықтыру пәні бойынша Н.Акмамбетов, С.Ильясовтар құнды баяндама оқығаны үшін марапатталды.
Облыстық «Ең білімді педагог-2020» байқауына мектептің 30 мұғалімі қатысып, А.Айтжанова, Г.Сүлейменова, Д.Шарипова, Г.Турдиева, А.Әбсамат, Б.Утеубекова, С.Тұрсынова, Г.Аманбаева, С.Сазаханова, Д.Маркабаева, Д.Калдыбекова, У.Мамбетовалар бас жүлделерді иеленді.
Республикалық “Жеті өнер” балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында вокал жанры бойынша Ғ.Юлдашев ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Қ.Тортаев “Үздік ұстаз” номинациасын иеленді.
Мектебіміздің тарих пәні бірлестігі Республикалық ғылыми-әдістемелік
«Жарқын болашақ » журналының қазан айының 29 санында журналдың сыртқы мұқабасына шығып, осы санында қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жариялады.
Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы абыройлы борыш үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген көшбасшы ретінде мектебіміздің мәртебесін асқақтатып, әрдайым биіктерден көрінуіне өз үлесімді қосамын.
Әл-Фараби: «Ұстаз.....Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деген. Өз мектебімнің ұстаздары бала бойына жан-тәнімен білім мен тәрбиені қатар бойына сіңіре отырып, үлкен өмірге шыныққан, шымыр шәкірт тәрбиелеуде деп шын сеніммен айта аламын. Талай дарын иелері мен қазірде ел тізгінін ұстап отырған алып азаматтарымыз да ұстаздан тәлім алған. Қандай кезең болмасын, қандай жағдай болмасын өнегелі ұстаздарымыз тығырықтан шығудың жолын тауып, біліммен сусындата білген. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту барысында ұстаздар қауымы да, білім алушыларымыз да өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтарын жеңіп, болашаққа нық сеніммен қарайды.