Қазіргі білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты оқушыларды сындарлы теория негізінде оқыту және жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді түсіну және қолдана алуын қамтамасыз ету болып отыр. Оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алатындай жағдай жасау керек. Сондықтан әрбір мұғалім оқушының бойында функционалдық сауаттылығын дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу керек. Топтық жұмыста белсенді оқу тәсілінің тиімді жақтарын пайдалана алу керек. Белсенді оқу тәсілдері топтық жұмыс арқылы іске асады. Топпен жұмыс жасар алдында топ ережелерін құрып алады.
Топтық жұмыстың ережелері
- Бір – бірін мұқият тыңдау;
- Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
- Бір – бірінің пікірін құрметтеу;
- Ортақ пікірге келу;
- Құпиялылық т.б.
Тапсырмалар түрлері
- Жеке тапсырма
- Жұптық тапсырма
- Топтық тапсырма
Бұл әдіс-тәсілді барлық пәндерге қолдануға болады. Белсенді оқу тәсілі –мұғалімді енжар тыңдап қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үрдісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын және пән бойынша белгілі тақырыпта ойындар кіреді.
Оқушы рөлі
- Өздігінен тапсырманы орындайды;
- Топ мүшелерімен өз пікірін бөліседі;
- Жоспарланға тапсырма бойынша ойын айта алады;
- Өз мүмкіндігін біледі;
- Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілеті болады.
Белсенді әдіс-тәсілдердің топтық жұмыс кезінде орындауда қалыптастырушы бағалау тиімді. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерінен таныс болуы керек. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды. Кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға жаңа идеяны тұжырымды, екі немесе одан да көп идеяларды салыстыруды, идеяларды бағалауды, топтық бақылау негізінде пікір білдіруді, сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады. Топтық жұмыста белсенді тәсілдің тиімді жағы тапсырма орындау арқылы білім алушылар сабақ соңында дескриптор арқылы өздерінің қандай нәтиже көрсеткенін біле алады. Оқушыларға мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы арқылы кері байланыс беріледі, өз –өздерін бағалай алады және бұл тәсілдер жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатындықтан, қызықты әрі тартымды болады.
Топпен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың топпен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:
Оқулықпен жұмыс істеу - әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді. (көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру
кезеңінде пайдаланған тиімді.)
Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін
меңгермеген оқушы деп санаймын.
Кескін картамен жұмыс: курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.
Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: географияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с.
Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек. Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып отыру керек. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру қажет, себебі ол - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
График, профиль, диаграммалар сызу: Температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту - оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.
Табиғатқа бақылау. ( топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті бақылау жүргізу).
Жоба әдісі – География сабақтарында оқу үдерісін табысты ұйымдастыру жолдарының бірі – жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардың белгілі бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу – танымдық іс – әрекеттерінің жиынтығын қамтиды. Жоба жұмысы барысында оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері, күрделі мәселелерді шешу жолындағы ізденушілік дағдылары және өз іс – әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі.
Электронды құралдармен жұмыс. Компьютерлік технологияларды қолдану география пәні бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажеті шарты болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар пәннің мазмұнын зерделеу барысында электрондық құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының «Зерттеу және зерттеушілер», «Географиялық карталар», «Географиялық деректер базасы, «Дүниежүзі елдері»тарауларының оқу мақсаттары АКТ қолдануды тікелей талап етеді.
Модельдеу. Әдіс бойынша қандай да бір құбылысты зерттеу үшін оның оқушылар қарастыратын балама моделі жасалады. Модельдік түсініктер микроәлем объектілерін зерттеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, электронды бұлтты жасап көрсету электронның моделі ретінде қызмет етеді.
Экранды құралдармен жұмыс. Бейнематериалдар. Географияны оқытуда пәннің ерекшелігіне байланысты экранды оқу мартериалдарын пайдалану үлкен маңызға ие. Экрандағы шынайы өндірістік үдерістер мен аппараттардың бейнесі, сондай – ақ анимация арқылы табиғаттағы географиялық өзгерістерді көрсету мүмкіндігі география сабағының тақырыбын ашуға бағалы көмегін тигізеді. Оқу мақсатына байланысты бейне материалдарды сабақта немесе сабақтан тыс уақытта көрсетіп, пайдалануға болады. Сондай – ақ, бейнематериалдарды тақырып бойынша соңғы сабақта қорытындылау құралы ретінде пайдалану тиіді болуы мүмкін.
Мультимедиялық таныстырылымдар. Білімді ақпараттандыруды дамытудың қазіргі кезеңінде география пәні бойынша оқу материалдарын ұсынудың тиімді құралдарының бірі мультимедиялық таныстырылымдар болып табылады. Компьютерлік жүйелердегі графикалық көрнекі суреттер білім алушыға ақпаратты түсінікті беруге, оны түсінуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың топпен жұмыс жасау нәтижесі білім ұстанымының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін» дегендей оқушылардың негізгі білім және білік дағдыларын қалпыстырады.
География пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты мен өз тәжірибемде сөз әдісін, наменклатуралық білім беруде сұрақ –жауап әдісін , тестік жүйенің әр түрін қолданамын.
Оқушылармен қабілетіне қарай топтық жұмысты қайталату арқылы, білім негіздеріне қарай карточка жасап келіп сұрау арқылы, кескін картамен жұмыс істету арқылы және тестік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырдым.
Ал оқушылармен оқу- білім беру жұмыстарын ұйымдастырғанда оқытудың топтық түрін көбірек пайдаланамын. Жоғарғы сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негізделген Web-технологияны көбірек пайдаланамын. Соның нәтижесінде оқушылардың іздену, зерттеу қабілеттері дамиды.
Пәннің ерекшелігіне байланысты топтық жұмыс жасау арқылы білім беру тиімді деп ойлаймын.