Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау және қолдау

Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту- ел үшін басты міндеттердің бірі.  Бұл әркім өз іс- әрекетінің меншігі мен маңыздылығын сезінетін шын мәнінде инклюзивті қоғам құрудың алғы шарты болып табылады. 

Біз әр баланың қажеттіліктеріне және басқа жағдайларға қарамастан, олардың қажеттілігін толық іске асыруға, қоғамға пайдалы болуына және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруіміз керек. Білімге ерекше қажеттіліктері бар балалар өз қатарластарымен бірге қарапайым балабақшада білім алып, дами алады. Бұл балалардың интеграцияланған білім алуы үшін балалар арасындағы қашықтықты, әртүрлі іс-әрекеттерде тең серіктестікті толығымен алып тастау қажет. Балабақшаға тек балаларды тәрбиелеу мекемесі ғана емес, сонымен қатар әр баланың «нақты аймағынан проксимальды даму аймағына» яғни табиғи ынталандырушы өмір кеңістігі ретінде  қарау маңызды. Мұндай ерекше қажеттіліктері бар балалар талаптарды топтағы құрдас балалармен тең  дәрежде орындай алады. Арнайы білім беру қажеттіліктері- бұл қазіргі қоғамда жақында пайда болған термин. Шетелдерде бұл бұқаралық пайдалануға ертерек жолға қойған. Ерекше білім беру қажеттіліктері (ОББ) тұжырымдамасының пайда болуы мен таралуы қоғамның біртіндеп жетіліп келе жатқанын және өмірлік мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сондай-ақ жағдайдың еркімен өздерін тапқан балаларға көмектесуге, барлық жағынан тырысатынын көрсетеді. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру- балалардың қоғамға бейімделуіне ауадай қажет. Қоғам балаларды «қалыпты» және «қалыптан тыс» деп бөлуден алыстауымыз қажет. Қазір қоғамымызда күннен-күнге бұндай ерекшеліктері бар балалар жыл санап артып келе жатыр. Бұл әрине қорқатын жағдай.  Соған орай мемлекетіміз инклюзивті топтар ашуды қолға алуда. Ол топтарда баланың дамуына балаларға барлық жағдай жасалады. Ең жиі кездесетін қабілеттерге қарамастан, егер балаға ата-аналармен қоғам тарапынан тиісті назар аударылмаса, баланың дамуы тежелуі мүмкін. Көбінесе ата-аналар тарапынан қателіктер кетіп жатады. Ата-аналар баламен қарым- қатынасты күшейту қажет. Баламен сөйлесу керек, смартфонға тәуелді қылмай, әртүрлі ойындар ойнауын қадағалау керек. Басқа  балалармен топтасып ойнау және олармен қарым-қатынасы маңызды. 

Ал, біздің міндетіміз- мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамда болатын қиындықтарға төтеп бере алатындай жеке тұлға  ретінде қалыптасуына көмек беру.

 

6 764 0
Шынар Ибраева, "Боранқұл" бөбекжайының педагог-психологы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы Ұлы Дала Ұстазы № 000331
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: