Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI562

Мамандығым - мақтанышым

Әрбір ұстаз өз Отанынын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Сабақта әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушының жеке басын құрметтеу, білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.

Өйткені оқушыларының барлықтарының ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен қадам жасау керек. Халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынұлы «Мұғалім түрлі әдісті көп білуге тырысу керек, олардың өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр ұстаздың жадында болуы тиіс. Қазіргі таңдағы білім саласындағы заман талабындағы жаңғыру, жаңару салдарынан әрбір қадам жасалынған сайын үздіксіз өзгерістер ұстаздар ға үнемі креативті болып отыруды талап етеді. Жаңа формацияның қазіргі заманғы мұғалімі оқытудың, оқудың және тәрбиенің жаңа заманауи мазмұнымен жабдықталған, баланың жеке басын дамыту үшін педагогикалық орта құруға қабілетті, білім беру әлемінде бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақтың дамуына барынша үлес қосып отыратын рухани таза, дүниетанымдық көзқарасы жан-жақты дамыған, қоршаған ортамен байланыс жасай алатын тұлға болуы керек. 

Біздер, ұстаздар алдында үлкен жауапкершілік, яғни электронды жабдықтарға негізделген жаңа ақпараттық технологиялармен ұштастыра отырып сапалы білім беру міндеті тұр. Бұл- біздің заманымыздың үлкен жетістігі, қазіргі заманғы отандық педагогиканың алтын діңгегі, мектеп жұмысының негізі. Ақпараттық технологияларды оқытудың екі сипаттамасы бар. Біріншісі - білім сапасын арттырады, екіншісі - әлемдік өркениеттің жетістіктерін игеруге мүмкіндік береді. Осы екі фактордың үйлесуі егемен еліміздің болашағы үшін Қазақстанның жас ұрпағын өзінің жеке өмірі мен қоғамының игілігі үшін күш-жігері мен біліміне тарту үшін пайдалы болады. 

Халық даналығында «Мұғалім мықты болса, позициясы мықты» деп бекер айтпаған. Өйткені, мұғалім алдымен толыққанды саналы тұлға ретінде өзін-өзі жан-жақты білім нәрімен сусындап, содан кейін ғана балаларды өзінің жетегінен ілестіріп, білім-тәрбие бере алатын маман болуы керек. Ертедегі үлкендер бата бергенде «молда болма, мұғалім бол» деп тілейтін. Бұл сол кезден бастап ұстаздың мәртебесін бәрінен, тіпті молдадан да биік қойған. 

Мұғалім болу үлкен батылдық пен шыдамдылықты қажет етеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін білім беру басты басымдықтардың бірі болып табылатындығын айтқан. Ал, жас ұрпақтың тағдыры мұғалімнің қолында». 

Мұғалім - оқушының жүрегіне жол табатын және оқушының өз елінің патриоты болып тәрбиеленген, дамыған тұлға болып қалыптасуына жауапты адам. Бұл оқушыға мұғалім алдында жан-жақты білім алуға, ішкі қабілетін ашуға, талантын дамытуға және сол арқылы білім бұлағынан сусындауға көмектеседі. Кішкентай кезінен бастап отбасы, ата-аналар мен мұғалімдер оқушыларға даналыққа, сақтық пен көрегендікке үйретеді. Мұғалімнің басты мақсаты - оқушыға білгенін, көргенін жеткізе білу, оның әр сағат сайын ақыл-ойының өсуіне көмектесу. Егер әр мұғалім оқушыларға жан-жақты білім беруге, олардың ішкі қабілеттерін анықтауға, дарындылығын дамытуға, мақсатына жетуге үлес қосатын болса, бұл мұғалімнің жетістігі. 

Жалпы, оқытудың жаңа әдістерін қолдану арқылы оқытудың жаңа әдістерін қалыптастыру оқушыларға еркіндік беру, сыныптастарымен сөйлесу, сәттерді тиімді ұйымдастыру, қалған уақытты тиімді ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау, жас ерекшеліктеріне сай жоспарлау, кешенді дамыту, сыныпты кешенді дамыту. Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. 

Мұғалім жолы көптеген күрделі және қисынды жолдардан тұратынын біле отырып, мен өзімнің болашағымды айқын көру, оқушыларымды білім нәрімен сусындатып, білім шыңына жетелеу үшін өзімнің мамандығымды яғни осы жолды таңдадым. Ия, осы мақсатқа жету үшін мектепте тиімді мұғалім болу үшін үнемі өзгеріп, біліктілігімізді арттыруымыз қажет. Ол үшін жақсы мұғалім оқушылардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жауапкершілікті сезінуі керек. Ұстаз әрдайым жаңашыл болумен қатар, креативті, әрбір оқушының жүрегінен орын таба алатын тұлға. Оқушылармен әңгімелесу, топтасып, жұптасып қызыға жұмыс жасау, танымдық қабілеттерін дамыту, сергіту сәттерді тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ұштау, сергіту, сыныптағы жақсы психологиялық ахуал туғызу, сыни көзқарастарын қалыптасыру, жаңа әдіс-тәсілдерді әрбір сабаққа шебер қолдануы-мұның барлығы кәсіби шеберлігімде пайдаланылатын оқушылармен жұмыс түрлері болып табылады. Тәжірибе кезінде оқушыларымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл-күймен келетінін қадағалаймын. Себебі сабақ бастамас бұрын, оқушвыларымның күңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі тренингтер ұйымдастырып, жақсы психологиялық ахуал туғызу, таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің діндерін қондыру-үлкен бақыт.

209 0
Күлайхан Надырбекова, "№ 142 орта мектеп" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаназар батыр ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000328
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: