Тарих пәнін оқыту барысында жылдар бойы қалыптасқан оқытудың әдістеріне өзгерістер енгізіп, сабақтардың сапасын арттыру үшін және білімгерлердің өзіміз жүргізетін пәннен білімін көтеру үшін жаңа технологияларды орынымен пайдаланумыз қажет.
Әрбір білімгердің бойында саналылық пен отаншылдық қалыптастыру үшін де инновациялық технологияларды орнымен қолдану қажет деп ойлаймын. Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы, қоғам дамуы мен технологияны енгізу сапалылығы осы елдің білім беру жүйесінің жолға қойылғандығымен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.Білімді және тәрбиелі, дүниетанымы кең, ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшіні – сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат – мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс – тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады. Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет. Ұстаздар қауымының республикалық және өңірлік тәжірибе алмасуы үнемі болуы шарт. Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай: оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру оқушының шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту сабақ үдерісінде АКТ –ны тиімді пайдалану тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру. оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» деп атап көрсеткендей ,оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс: оқыту мазмұны мен әдіс икемділігінің маңыздылығы қағидаты.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай оқу мазмұны мен әдісін таңдау болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаттылық қағидаты. Оқытуға жеке дара қарау яғни ғаламтор материалдарын тиімді пайдалана білу Оқушының жаңа тың материалдарды тауып , сұрыптауына мүмкіндік туады.Электронды оқулықтарды тиімді пайдалану. Білім алушының білім мазмұнын таңдау еркіндігі қағидаты Пәндер мазмұнының Қазақстан Республикасы білім стандартының нормативтік талаптарына сай болуы.Этикалық қағидаттар. Мұғалім мен оқушы арасындағы шынайылық және еркіндік , сыйластықтың орын алуы.
Әл-Фараби: « Оқыту дегеніміз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру»,- дейді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.. Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады.