Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI559

Математика пәнін жаңа технологиялар арқылы оқыту

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызыметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек. 

Сондай – ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар: 

- Пән мұғалімінік теориялық әдістерінің жан – жақтылығы 

- Мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері, (курстар, семинарлар т. б. ) 

- Пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы. 

Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының 

- есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру 

- теорияны білу оны логикамен ұштастыру 

- шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру. 

- көру, есте сақтау қабілетін дамыту 

- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу 

- пәнге деген құзырылылығын арттыру 

Білім мазмұнын орыс академигі И. Лернер айтқан тұрғыдан қарастырар болсақ, ол мынадай бөліктен тұрады: білім (мәліметтер мен деректер), икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс – әрекеттер және көңіл – күй құндылықтары.Осы білім мазмұнының «мәліметтер мен деректер» атты алғашқы бөлігін (ұғымдарды анықтау, қасиеттерді түсіндіру барысында) гуманитарлық пәндерде көбірек сарапқа салынатын болса, «икемділіктер мен дағдылар» атты келесі бөлігі (ережені негіздеу, есеп шығару) жаратылыстану пәндерінде таразыға жиі түседі. Бұл бөліктің алғашқыға қарағанда салмағы ауырлау болады. «Шығармашылық іс – әрекеттер» атты білім мазмұнының үшінші бөлігі мектепте сыныптан тыс жұмыстарда, одан да инновациялық мектептерде ғана өз мәнінде қолға алынуда, ал жаңа буын оқулықтарындағы шығармашылық тапысырмалардың танымдық бағыты басымдау болып келеді, оның үстіне ондай тапсырмалардың сабақта қолдануға көп жағдайда, мұғалім шеберлігі мен қызығушылығына байланысты. 

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

224 0
Айдос Ембергенов "№ 142 орта мектеп" КММ-нің математика пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаназар батыр ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000325
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: