Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI557

География сабағында ойын технологиясының маңызы

География пәні сабақтарындағы әр түрлі ойындар оқушы білімін дамытып, танымдық қабілітін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педогогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келнді. Алдыңғы қатарлы педогогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. 

 Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын-айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі,  жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болды.Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,» - деп балалар ойыны жоғары бағаланған. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен таңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Сабақта және сабақтан тыс уақатта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.     В.С.Дудченко-есептеуінше ,іскерлік өзара қарым - қатынастың әдістері, тәсілдері, техникасы мақсатқа талдаудың меңгерудің және бағытталған дамудың негізгі аясына айналды.

   Жаңа педогогикалық технологиялар болашақ мұғалімдердің өзіндік іс - әрекетін белсендіруге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы болашақ мұғалімдердің педогогикалық   шеберлігін қалыптастырудың жолын тауып жан- жақты дамыған шығармашылық, әлеуметтік бәсекеге қабілетті, ортаға бейімделген кәсібеи біліктілігі жоғары тұлға тәрбиелеу мәселесін шешуге болады. Педогогикалық технологиялар мақсатқа талпыну, мақсатқа бағытталу сияқты сапаларымен сипатталды. Педогог - жаңғыртылып отырған білім беру жүйесінің негізгі тұлғасы болғандықтан, инновациялық білім беру  кеңістігінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық   шеберлігін қалыптастыруда мақсатқа қол жеткізу әрекеттерінің  көн нұсқалылығы оларды икемді ете түседі.

 Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т.б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып ,ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады.  Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу   болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Әрбір ұстаздың мақсаты - сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.

490 0
Индира Сутенова, "№ 142 орта мектеп" КММ-нің география пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаназар батыр ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000323
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: