Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI556

Қазақ тілін инновациялық әдіс – тәсілдер арқылы оқыту

Қазіргі педагогика теориясында елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды.

Себебі, жаңа инновациялық технологиялардың дамуына байланысты. Білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келуі біршама өзгерістерге жол ашты.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Мұғалімнің міндеті осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру.

Жаңа технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамып, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда.

Педагогикалық технологияны жетік меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуын игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру болу керек. 

Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар мектеп қабырғасында меңгерген білімдерін колледжде одан әрі ғылыми – практикалық түрде дамытады. Осы мақсаттың орындалу жолында тілдік материалдарды модульдік жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді, әрі оқушылардың практикалық, лабораториялық жолмен жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді. Олар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, текстпен, басқа да ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады.

Қазіргі қазақ тілі - тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

Оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.

Оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектеседі. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.

Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын - ұстаз.

Сын тұрғысынан ойлау-шығармашылық ойлау. СТО бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ жоспарын құруда және оны өткізуде өте қолайлы. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында көп ізденеді және оқушыны да өз бетімен ізденуге дағдыландырады. Оқушы мектеп бағдарламасындағы тақырыпты толығырақ зерттейді, қорытынды шығарады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осы технологияның өзіндік пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсіреді де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқанда, сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде 

Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін береді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты шарты
әдістемелік зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік
тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілер қосу,
әдістеме ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту
әдістемесінің тәжірибелерін пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл
бөлу, сондай-ақ мектептердегі оқыту жүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау.

Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.Сондықтан, жаңа технологиялар мен инновацияны бірдей деңгейде қолдану екі тарап үшін де ұтымды болмақ.

905 0
Ақшолпан Райымбекова, "№ 142 орта мектеп" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаназар батыр ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000322
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: