Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI553

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: 
 Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

Мүмкіндіктер:

   Білімгерлердің арасында өзара іс-əрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы əріптес ретінде көрінеді.

Жоспар:

  1. Кіріспе 
  2. Негізгі бөлім:
  3. Қашықтықтан оқыту түсінігі.
  4. Қашықтықтан оқыту технологиясының тәсілдері.
  5. Қашықтықтан оқыту жүйелері.
  6. Қорытынды

Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі.

Қашықтықтан оқытуға кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кəсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау,   тиімді құралдар мен оқыту əдістерін таңдайтындай, онымен сəйкес əлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.

«Е-learning»-

       Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың келесі түрі - «Е-learning». Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды енгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. Электронды білім беру кең ауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз не? 

    Мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. 

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі  формасы бар: онлайн (синхрондық)  және оффлайн (асинхрондық)  және кең таралған үшінші түрі вебинар. 

Қашықтықтан оқытуды
 ұйымдастырудың кезеңдері:

Вебинар дегеніміз –
 интернет желілерінің
 көмегімен
 семинарлар мен
 тренинтер өткізу
 формасы

Синхрондық- өзара іс-
 қимыл студент пен
 оқытушының нақты
 уақыт режиміндегі
 қатынасты
 қарастырады. Бұл үшін
 қашықтықтан оқыту
 жүйесінің чаттары
 немесе бейне
 конференциялар
 қолданылуы мүмкін.

 

Асинхрондық -өзара іс-
 қимыл студент пен
 оқытушы нақты уақыт та қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференция-лардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат
 алмасу
 арқылы
 ұйымдастырылады.

 









ҚОРЫТЫНДЫ

         Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың
 негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық
 технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде
 үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі
 болып табылады.

393 6
Перизат Джумабаева, Жамбыл облысы, Шу қаласы, №10 Шу колледжі Арнайы пәндер оқытушысы Тағылым № 000273
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Алия
22 октября 2021 13:14
Қолданған әдіс-тәсілдеріңіз өте тиімді екен!
Жанибек
24 октября 2021 10:25
Одно из лучших предложений на текущее время
Жунисбекрва Айнура
25 октября 2021 21:05
Қашықтықтан оқу өте ыңғайлы . Тиымды
Алтынкуль
25 октября 2021 21:07
Алға, биіктен көрін!
Гульбану
25 октября 2021 22:06
Сәттілік тілеймін
Куралай Аманкуловна
Куралай Аманкуловна
25 октября 2021 22:35
Өте орынды жазылған екен.