Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI538

Азаматтық-патриоттық тәрбие

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі  өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.

Сонымен бірге  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері, тәрбиеші оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан тәрбиешілерге жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман тәрбиешісінен тек өз оқу қызметінің  терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазіргі балабақша тәрбиеленушілерінің логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен.  Тәрбиеленушілер тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет. Тәрбиеленушілердің білуге деген қызығуын арттыру үшін:

- Тәрбиеленушілердің өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;

- Өткен оқу қызметі пен жаңа оқу қызметін байланыстырып отыруы қажет;

- Тәрбиеленушілердің білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек;

- Оқу қызметінде жаңа әдістермен белсенді оқу қызметінің түрлерін пайдаланған жөн.

         Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес оқу қызметтері,   әртүрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданылап жүр. Оқу қызметін әртүрлі әдіс-тәсілдерді  қолданып, түрлендіріп өткізу тәрбиеленушілердің білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.  Тәрбиеші қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол тәрбиеленушілердің тиянақты да сапалы білім беру.

Тәрбиеленушілердің белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын оқу қызметтерінің бірі - кіріктірілген оқу қызметтері. Егер оқу қызметтерінде рөлдік ойындар ретінде өткізсе, тәрбиеленушілердің оқу қызметі барысында белсенді лікпен жұмыс жасап, өз бетінше  ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай оқы қызмететрінде тәрбиеленушілердің материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсет

Елімізде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының салт дәстүрінің рухани ата-баба мұраларының алатын орны зор. Елбасының «Балапан» бағдарламасы - ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берілген ерекше құжат. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор.

Азаматтық-патриоттық тәрбиеден салт-дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі:

- Көкпар; 

- Бәйге; 

- Қыз қуу; 

- Теңге алу;

- Аударыспақ, және т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. 

Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды қалыптастырып, рухани мұраға және ұлттық мәдениетке құндылық қатынастарын қалыптастыру отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. 

Балабқшадағы азаматтық-патриоттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке тарихын мәдениетін салт-дәстүрін терең меңгеруге ана тілін қадірлеуге үйрету. 

Балабақшадағы азаматтық-патриоттық тәрбиенің міндеті: ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру. 

Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт-дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін, ана тілін қастерлеу үлкенге – құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. 

Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор былай дейді:

– Азаматтық-патриоттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Ал біз соны пайдалана алмай отырмыз. Мойындау керек, қазір мектептеріміз тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен шектеліп қалған. Сондықтан да балабақша, мектептерге азаматтық-патриоттық тәрбиені енгізетін кез жетті. Әлбетте азаматтық-патриоттық тәрбиенің жанында ұлттық білім беру жүруі тиіс. Осы екеуін үйлестіру арқылы білім беру жүйесінің қазіргі тәжірибесін ұлттық инновациямен алмастыру керектігін қазір көпшілік көтеріп жүр. Құзырлы министрліктің осы мәселеге лайықты көңіл бөлетін күні алыс емес деп сенемін.

Жеке тұлғаны азаматтық-патриоттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: 

- белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; 

- индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; 

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; 

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. 

«Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді.

Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор: 

- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру; 

- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу; 

- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару; 

- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Рефлексиялық әрекеттер барысында оқу іс-әркетін ұйымдастыру жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды. 

Сонымен бірге бала тұлғасына шоғырланған оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеші тарапынан әр баланың өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу, оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады. 

Бала тұлғасына азаматтық-патриоттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіннің мәні неде? 

1.Бала тұлғасына азаматтық-патриоттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету. 

2.Бала тұлғасына азаматтық-патриоттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады. 

3.Бала тұлғасына азаматтық-патриоттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау. 

4.Бала тұлғасына азаматтық-патриоттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.

Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.

Халқымыздың әдет ғұрыпын, салт-дәстүрін, ата-ана, тәрбиеші өзі толық білмей тұрып, балаларға азаматтық-патриоттық тәрбие беруі мүмкін емес. Қай заманда болсын, ұлттық өрлеудің халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты – білім.Азаматтық-патриоттық тәрбиенің өрісі мен өресі – бүгін де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе. Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен дамуының, алғашқы баспалдағы болып саналады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. 

Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысынғылыми негізде ұйымдастырып,ұтымды жүргізе білуміз қажет. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принцптерге негізделіп, мақсаты айқындалады. 

Ойымды қорытындылай келе, білім беру ұйымдарында  жүргізілген жұмыстардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор екендігіне көз жеткіздік. Бұл тәрбиелеп оқыту арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал ол жақсылықты жасаған адам қалған мың адамға үлгі болады. 

Біріншіден, қызметтің сан алуан түрлері тәрбиеленушінің дамуына, өз мүмкіндігі мен күшін бағалауға, өзіне сенуге, өзін жақсы, және өзін жағымды жақтан қабылдауға септігін тигізеді.

Екіншіден, оқудан тыс тәрбие жұмысы тәрбиеленушінің жалпыадамзаттық құндылықтарын ашуға, дамытуға ықпал етеді.

Үшіншіден, оқудан тыс жұмыстардың әр түріне қатыстыру тәрбиеленушінің жеке тәжірибесін, оның адамдар қызметтерінің әртүрлілігі туралы білімін байыта түседі.

Төртіншіден, оқудан тыс жұмыстардың сан алуан түрлеріне тәрбиеленушінің ұжымда өмір сүруге, бір-бірімен іскерлікке, өз жолдастарына қамқор болуға, өзін басқа адамның орнына қоя білуге үйренеді.

Сонымен, оқудан тыс жұмыс тәрбиеленушінің бос уақыттарын ұйымдастыруды, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеуді, оның дамуын және әлеуметтенуін біріктіреді.

  Тәрбиешінің тәрбиеленушінің үйлесімді дамыған, рухани бай тұлғаға айналуына ықпал етеді. Қымбатты әріптестер, өз тәрбиеленушінің тазалығына лайықты болайық және оларды Рухани биікке талпынысында қолдайық!

2 326 0
Назымгүл Қасенбекова, "Балдырған " бөбекжайының тәрбиешісі Қарағанды обылысы, Жаңаарқа ауданы Ұлы дала Ұстазы № 000325
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: