Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI537

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін қалыптастыру

        Тәрбие мен  білім  өмір  жолындағы үзіліссіз  процесс.Егемен  еліміздің ертеңіне өз үлесімізді  қосқымыз келсе, балабақшадан  бастау алып, бала  бойына  танымдық қабілет   дарыту міндетіміз.Танымдық қызығушылық – белсенділік арқылы жүзеге асады.Танымдық белсенділік арқылы бала қоршаған ортаға  биологиялық және әлеуметтік бағдар жасай отырып, қоршаған ортаның беймәлім құбылыстарын түсінуге тырысады. Бала ес біле келе 3 жасқа аяқ басқанда айналасындағы құбылыстар мен заттардың қажеттігін ұғынады.Яғни бала «Бұл не?», «Ол қайдан келеді?», «Неліктен олай болады?» осыған ұқсас сұрақтарға жауап іздейді.Міне осы тұста баланың танымдық қабілеті, тілдік қарам-қатынас арқылы жүзеге асады.   Мектеп жасына дейінгі баланың танымдылық белсенділігі яғни оның есте сақтауы, зейін тұрақтылығы, ойлау, елестету,қабылдау сияқты танымдық қасиеттері.Ал баланың танымдық белсенділігін арттыру үшін көру,есту, сезу сияқты анализаторлары бірге жұмылдырып жұмыс жасаған жағдайда жүзеге асады.Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаға ең басты,ең көмекші құрал көрнекілік, көрнекілік-сөздік, тәжірибелік әдістер қажет екенін дәлелдейді. 

            Танымдық қызығушылық бала бойында ізденушілік,қызығушылық, байқампаздық, еліктеушілік сияқты қасиеттерді оятады. Ал қызығушылық баланы – ұстап көруге, тәжірибе жасауға жетелейді.Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігін әр жас ерекшелігіне бөліп қарастыратын болсақ, баланың әр жасерекшелігіне сай білуге, үйренуге деген қызығушылығы әрқалай болады.

         Мектеп жасына дейінгі балалар айналадағы заттар мен құбылыстардың ең қарапайым түрін білуге, үйренуге сұраныс жасайды. Яғни заттың атауын,оның не үшін қажеттігін, қала берді қасиеттерін анықтауға тырысады.Мысалы, мынау не? Бұл доп.Доп- ойыншық.Ол ойнау үшін керек, резеңкеден жасалған, домалақ, домалайды –деген қарапайым түсініктен әрі аспайды.Ал ересек жасқа аяқ басқанда баланың білуге тануға деген құштарлығы өзгеше бола бастайды.Бала сырттан байқап қана қоймай, өздігінен әрекет етуге тырысады. Бала айналасындығы үлкендерге өзіне қажетті заттарды, табиғаттағы құбылыстарды  бақылай отырып, тануға, білуге, анықтауға ұмтылады өздік әрекеті басым болады. Сондай-ақ айналасындағы үлкендерге сұрақ қою арқылы тиісті жауап алуға ұмтылыс жасайды.Атап айтқанда қарапайым ғана табиғат құбылыстарындағы ерекшеліктерді байқағанда, мысалы, жапырақтар неге сарғаяды? Күн неге ысыйды?   Қар неге жауады? жаңбыр қайдан пайда болады? деген сияқты өзіне беймәлім нәрселерді білуге тырысады. Осы тұста балаға ең басты көмекші әдіс – эксперименталдық-тәжірибелік әдіс деп айтуға болады. Бала экспериентті-ізденуді қажет ететін ең басты әрекет түрі. Алынған жаңа білім,жаңа мәлімет арқылы баланың шығармашылығы дамиды.Алынған білімді бала өз іс-тәжірибесінде жүзеге асыра бастайды.Оны нәтижелі іс-әрекет барысында көрсетеді.

     Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігі жоғарыда атап өткендей эксперимент жасау арқылы және бақылау арқылы жүзеге асады.Мектеп жасына дейінгі балаға табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көрсетіп, ұстатып, дыбысы болса тыңдатып, зерделеу жолдарын бақылау әдісі дейді.Бақылау жасау үшін – бақылау нысанасын, бақылау мақсатын анықтау керек.Бақылау барысында балаға бақыланатын заттарды қолымен ұстатып, қарап көріп, негізгі ерекшеліктерін ажыратып, бір, екі қасиетін атату керек.Одан кейін ғана оның жоспары құрылады.Тек жоспар арқылы ғана жүзеге асады. Эксперимент жасау шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу болып табыылады.Осы мақсатта «Гүлдер» бөбекжайында тәжірибе алаңының апталығы өтті. Жалпы  апталық бөбекжайымыздың 5 тобының ата-аналарымен жүргізілді.Біздің мақсатымыз ата-аналармен бірге тәжірибе жасау,оқу қызметтері қалай өтетінің көрсету болатын.Ата-аналарымыз келіп тәжірибелерді қызыға жасады, жасалу жолдарын сұрап қызығушылықтарын білдірді.Ал біздің балалар бұл тәжірибелерді әр апта сайын тақырып бойынша өтіп,қызықты  қауіпсіз тәжірибе түрлерін жасап жүр. 

                   Міне осындай жұмыстар жүргізу арқылы баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға болады.Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігі кіші және жас балалар арасында бақылау, эксперимент арқылы жүзеге асатынын байқауға болады.Бала бойындағы танымдық қабылетін тікелей үлкендер арқылы жүзеге асатындықтан үлкендер тарапынан асқан жауапкершілік пен шыдамдылық талап етіледі.Баланың қойған әр сұрағына немқұрайлылық танытпай мүмкіндігінше баламен бірге дәлелдеуге, анықтауға, қорытындысын нақтылауға тырысу қажет.

            Өмірді жаңа тани бастаған мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерін жүзеге асыру бүгінгі таңда әр педагогтың басты міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

799 0
Маржанкул Искакова, Рахман- Е жеке балабакшасының тәрбиешісі Кызылорда облысы, Жанакорган ауданы, Кожакент ауылы Ұлы дала Ұстазы № 000324
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: