Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI529

Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделін қалыптастыруда Воскобович ойындарының тиімділігі

Бүгінгі күннің баласы – ертеңгі еліне қызмет ететін, ел тағдырын шешетін азамат. Ал осы азаматты тәрбиелі, білімді,саналы көзқарасты етіп тәрбиелеу білім беруші мекемелерінің алдындағы үлкен міндеті. Заман талабына сай оқушыларға берілетін білім терең де сапалы болу керек. Осындай міндетті орындауда жас ұрпақты тәрбиелеп – оқытуды мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған жөн. Жапон ғалымы Масару Ибука «Үш жастан кейін бәрі кеш» кітабында балаға бәрі бағынады дегенге келтіреді. Кейде үлкен адамдар бір нәрсені игеру үшін барын салды, бірақ одан еш нәтиже шығара алмайды, ал 3 жасар бала аз уақыт ішінде еңбектеу, тәй-тәй басып жүру, сөйлеу тағы басқа нәрселерді оңай меңгереді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балларды көп нәрсеге үйретуге болады.

        Бүгінгі таңда жаңа Қазақстан білім беру саласында әлемдік кеңістікте орын алуда. Елбасы өз жолдауында даму мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алуы керек деп атап көрсеткен. Сондықтан мектепке дейінгі білім берудің сапасын көтеруге көп көңіл бөлінуі керек.

        Жаңаша білім беруде 4К моделіне басты назар аударуда. Ол  креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті  және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.   Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруді ұйымдастыру педагогтардан үлкен жауапкершілікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап етеді. Білім беруді түрлі инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асыруды көздейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда тәрбиелеп-оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Орыс ғалымы К.А.Покровскийдің «Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың болашақ өмірге деген қабілеті байқалады», -деген сөз осының айғағы десе де болады. Филосов Платон «Ойын – әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңеуі жоқ жоғары құбылыс» деген пікір айтқан. 

Ендеше мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда В.В. Воскобовичтің ойындарын қолданудың тиімді екендігі осының айғағы десе де болады.  

В.В. Воскобович  баланың шығармашылық әлеуетін ойын түрінде қалыптастыратын, оның сенсорикасын және психикалық процестерін дамытатын, сондай-ақ балаларға Үйретуші ертегілер әлеміне қызықты саяхат ұсынатын көпфункционалды және креативті дамыту ойындарының алғашқы авторларының бірі болып танылды.

      Мектепке дейінгі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі тәрбиеленушілердің коммуникативтік қабілеттерін дамыту. Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың синонимдік, сипатталмалық, бейнелі және көркем сөз байлығы өте аз. Балалардың сөздік қорларында көптеген жетіспеушіліктер бар. Олар:

  1. сөздік қорының аздығы;
  2. сурет бойынша әңгіме құрастырудың қиындық тудыруы;
  3. өлеңді тез жаттау;
  4. ересек адамның әңгімесін қайталап айту;
  5. оқылған әңгімені түсіну;

Сол себепті педагог балалардың тілін сапалы дамытуда тынымсыз еңбек етуді қажет етеді. 

Тілдік қарым-қатынас және сөйлеуді пайдалану қоры мектеп жасына дейінгі кезеңде, тілдік дамуының ең сензетивті (организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер) кезеңінде  қалыптасады. Бұл кезең баланың фонетикалық дыбыстарға өте бейімді кезеңі. 5 жастан өткен соң бұл сезімталдық бәсеңдей бастайды. Сензетивтік кезең – бала психикалық   процестер мен психологиялық құбылыстардың қарқынды дамитын кезеңі. Сондықтан тым ерте үйрету баланың психикасына қолайсыз жағдай тудыруы мүмкін, бірақ үйретуді кеш бастаған жақсы нәтижеге жеткізбейді. Осы тұрғыда сензетивтік кезең мен балалардың жас ерекшеліктерінің арасында айырмашылық бар екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Сөйлеу - әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы. Осыдан кейін сөз танымдық даму, іс-әрекетті, қызметті жоспарлау, баяндау құралы болады. Сөйтіп сөз дамып әр түрлі, бейнелі, көркем жаңа сөздермен байытылады. Себебі балаға ана тілі сөйлеу қызметі арқылы, сөйлеуді қабылдау және сөйлеу арқылы беріледі. Оны  әрі қарай дамыту үшін іс-әрекет, жағдай туғыза білу керек.  Сөйлеу қарым-қатынасынан басқа, қолайлы орта, тиісті материалдар қажет. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуда негізгі әдістерінің бірі ойын әрекеттері. Кіші балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда көрнекіліктер мен ойын өте күшті қызмет атқарады. Бірақ ойын әдісін қолданғанд а мына принциптерге аса көңіл бөлу керек. 

  1. Ойын мазмұнды болу керек;
  2. Сөйлесім әрекеті сол ойын негізінде құрылуы керек;
  3. Сөйлеушінің сөзі тыңдаушыға бағытталуы керек;
  4. Сөйлеу орфоэписы, интонациясы, темпі дұрыс болу керек;

Бүгінгі таңда балабақша педагогтарына қажетті материалдар жеткілікті. 

Тек соларды тиімді пайдаланып, қажетіне қарай өзіндік тәсілдермен қолдануға мүмкін көп. Солардың бірі Воскобовичтің дамытушы ойындары. 

«Квадрат» - «Шаршы» ойыны

Құралда 32 түрлі түсті үшбұрыш бар. Олар бір-біріне қатысты белгіленген қашықтықта орналасады және жақсы бүгілетін мата негізіне жапсырылады. Ойында 4 негізгі түстер жұмыс істейді: қызыл, сары, көк, жасыл. 5 жасқа дейінгі балаларға ойын үшін екі түсті шаршы, ал 5 жастан жоғары жастағы балалар үшін 4 түсті шаршы қарастырылған.

"Воскобовичтің квадраты" ұшақ, тасбақа, үй және т.б. түрлі заттарға оңай ауысады. Жалпақ және көлемді пішіндер жиналады. Сол көлемдер арқылы түрлі ертегілер, әңгімелер құрастыруға болады. Алғашқы кезде балалар түстерін, фигура атауларын атаса, кейін қол моторикасы арқылы түрлі заттарды жасап, аттарын атап үйренеді. Содан кейін сол заттарды әңгімеге қосып айтады. 

Бұл ойын арқылы балада 

  1. Модельдеу біліктілігі;
  2. Кеңістікте бағдарлау біліктілігі;
  3. Креативтілігі, есте сақтауы, зейіні, ынтасы
  4. Сөйлеу дағдысы дамиды.

«Теремки» - «Үйшіктер» ойыны

Бұл ойын ерте жастағы балаларды оқуға үйретудің тамаша құралы болып табылады. Балалар ойнай отырып, буындарды жинайды, содан кейін буындардан сөз құрастырады. Жиынтықта үйшік түріндегі 12 текше бар. Барлық үйшікте дауысты дыбыстарға арналған терезелер орналастырылған. Дауысты дыбыстар бөлек сандықшаларда берілген. Көңілді әріптерді пайдалана отырып түрлі сөздер құрастыруға болады. 


«Үйшіктер» ойыны арқылы балалардың

  1.  сөздік қорын молайтамыз;
  2.  шығармашылық қабілеттерін дамытамыз;  

 Сонымен қатар балалардың оқу қызметіне деген, білуге, үйренуге деген қызығушылығы артады. 

«Коврограф Ларчик» - «Ларчик кілемшесі»  

 «Ларчик кілемшесі»  ойынының мақсаты - балалардың эмоционалдық-бейнелік және логикалық бастауларының үйлесімді дамуы. Сонымен қатар Оқуды үйрену,түстерді, форма, көлемді ажырата алу,математикалық есептеу дағдылары, логикасы, ұсақ қол моторикасы, графикалық диктант жазу дағдылары, есту, көру, есте сақтау қабілеттері дамиды.

Кілемшеде тәрбиеленушілермен түрлі ойындарды ұйымдастыруға болады Ол тапсырмалар балалардың танымдық дағдыларын, сөздік – қатынас дағдыларын, шығармашылығын дамытуға бағытталған. 

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері Воскобовичтің басқа да ойындарын түрлі педагогикалық үрдісте қолдануына болады. Себебі балалардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық дағдыларын дамытуда үлесі зор.  

Әдебиеттер: 

  1. Омарова Қ.С. Бала тілін дамытуда жаңа технологияларды қолдану. info@infourok.ru.2018 ж.  
  2. Кузнецова М. Игры Воскобовича. www.maam.ru7 2019
1 820 0
Акжарова А.К. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Айналайын бөбекжай» КМҚК-ның директоры, қазақ тілі мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000573
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: