Мақсаты: Оқушылардың география пәні бойынша алған білімдерін , есте сақтау қабілеттері мен ойлау дағдыларын дамыту.
1. «Сандар сөйлейді»
Оқушыларға жекелеген қағазға немесе тақтаға жазылған сандар көрсетіледі. Сол сан бойынша елдің жер көлемін, таудың биіктігін, мұхит тереңдігін және тағы басқаларды анықтайды.
1. 150 4. 11022 7. 7591
2. 2724,9 5. 8848 8. 1992 жыл 2наурыз
3. 360 6. 7591 9. 510
2. Элективті тест.
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
1.Қазақстанның территориясы нешінші сағаттық белдеуде орналасқан? А. IV-V
B. III-VI
C. V-VI
D. II-IV
E. III-VI
2.Тынық мұхиты алабының өзендері
А. Дунай
В. Хуанхэ
С. Рейн
Д. Ганг
Е. Жайық
3.Географиялық қабық терминин алғаш рет енгізген кім?
А. А.Гумбольд
В. В.В.Докучаев.
С. А.Григорьев.
Д. В.И.Вернадский.
Е. Э.Леруа
4.Жапонияның ең ірі аралы А. Хонсю
В. Хоккайдо
С. Сикоку
Д. Кюсю
Е. Осака
5.Африкадағы «қосарлы» экономикалы ел
А. Алжир
В. Танзания
С. ОАР
Д. Марокко
Е. Кения
- «Бұрыштар» тәсілі:
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.
Сұрақ Жауап
План 1:5000
Топографиялық карта 1:50000
Ұсақ масштаб 1:2000000
Орта масштаб 1:100000
4.Картамен жұмыс
1.Картадан қызыл түспен көрсетілген еліміздің облысын анықтаңыз.
А. Алматы
В. Қостанай
С.Қызылорда
Д. Шығыс Қазақстан
Е. Оңтүстік Қазақстан
2. Берілген кескін картаға Жапонияның ең ірі аралын белгілеңіз.
А.Хоккайдо
В. Хонсю.
С. Сикоку
Д. Кюсю
Е. Осако
3.Қызыл түспен көрсетілген АҚШ құрамына енетін штатты анықтаңыз.
А. Гавай
В. Канзас
С. Аляска
Д. Аризона
Е. Монтана
5. «Әуедегі шар» әдісі. Оқушылар шарға өздерінің сұрақтарын жазып әуеге ұшырады.Ұшқан шарды оқушылар өздеріне ұстап алып, жазылған сұрақтарға жауап береді. Мысалы:
1.Испанияның астанасы.
2.Еуразияның оңтүстіктегі шеткі нүктесі.
3.АҚШ-тың автомобиль астанасы.
4.Африканың мыс белдеуі.
5.Ең кіші материк т.б.