Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI525

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы бүлдіршіндерді салауатты өмірге баулу

Еліміздің болашағы – бүлдіршіндерімізді тәрбиелеуде, балабақшадағы берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы болып табылмақ. Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Балабақша балалары болашақ  иесі болғандықтын, өзінің төл мәдениетін білетін, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын білікті болуы міндетті. Қоршаған ортамен қарым-қатынасын, мінез құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге  байланысты.   Баланы дүниеге әкелу –қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп білетін қазақ халқы балаларды есейгенде ұлтының өз елінің ұлтшыл азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла – тәсіл қолданған. Тілі енді шығып жүре бастаған баланың ой–өрісін, есте сақтау қаблетін  дамыту үшін қазақи салт дәстүрге сай  ойындар ойнату арқылы баланы тәрбиелеген. Қазіргі таңда осы ұлттық ойын, өлең шумақтарымен өсіп келе жатқан бала, балабақша табалдырығын аттап өмірді басқаша танып, өзі еңбектену дағдысы қалыптасып, психологиялық ерекшелігі, ортаға қалыптасуы түрлі ойындар ойнау арқылы  қалыптасады. Балабақша бүлдіршіндерінің  бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да ойынның  мәні ерекше.  Ойын- адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,  ән салмай өсер бала болама? Деп айтқандай  баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. 

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. 

 

Дәстүрлі қазақ халқының  ұлттық ойындары – баланың іс-әрекетіндегі адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге, отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Ұлттық ойын – халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: бірінші- ойын кезінде дене дамуы  жақсарса, екінші-  ойын арқылы әдет – ғұрпымызға тәрбиеленеді. Қазіргі таңда Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм «Құлыншақ» шағын орталығындағы ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды тәрбиелеу барысында қазақтың ұлттық ойындары «ханталапай», «арқан тартыс», «орамал тастамақ», «ақсерек-көксерек», «соқыр теке», «сақина салмақ» т.б. инновациялық технология әдістерін қолдану арқылы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде. 

  Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.Бұл ретте ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн. Себебі осы пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл – қозғалыстар, жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту уақыттарын ұйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау сапасы да артады. Балалар ойын барысында еркін тапқырлық әрекет байқатады, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас таныту  психикалық түйсік пен сезімділікке тәрбиеленеді.

Халық ойынын көп ойнаған, халық фольклорынан мол сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны және сол ойындар арқылы өз халқының салт – дәстүріне, туған жерінің географиялық жағдайына, яғни табиғат ерекшеліктеріне мән беріп өсері сөзсіз. Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

 

Әдебиеттер.

Кел, балалар, ойнайық! – Алматы «Арда» 

Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж.

 

194 0
Меруерт Тунерекова, МҚК "Қуат" балабақшасының тәрбиешісі Алматы облысы, Іле ауданы Ұлы дала Ұстазы № 000318
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: