Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI520

Математика пәнінен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою тәсілдері.

            Математика бүгінде қоғамдық өмірдің бүкіл салаларына енуде. Қазіргі кезде кез-келген мамандықты игеру үшін математикадан белгілі бір білім қажет. Компьютерлік сауаттылық та математикамен байланысты. Сонымен қатар математика міндетті түрде бітіру емтиханы мен ҰБТ-дағы міндетті үш пәннің біреуі. Сондықтан үлкен жауапкершілік жүгі математика пәнінің мұғалімінің мойнына түседі.

Қандай пән болса да оқушының біліміндегі олқылықтың алдын алу мен оны жою мұғалім жұмысының ең маңызды бөлігі. Онлайн оқыту кезінде оқушы біліміндегі олқылық кішкентай қарлы кесектен үлкен қарлы кесекке айналды десе де болғандай. Себебі, әр сабақтан жеткілікті көлемде алынбаған білім жинақталып үлкен қарлы кесекке айналды. Пән мұғалімдерінің міндеті осы олқылықтардың алдын алып және бар олқылықты жоюдың әдіс-тәсілдерін ойластыру және жоспарлау. Математика пәні мұғалімдері үшін бұл жұмыс өте өзекті деп ойлаймын.

Әр мұғалім алдына мынандай мақсат қою керек: математиканы оқытуда оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою, әрбір оқушының ойдағыдай жеке дамуына жағдай жасау. Ол үшін:

  1. Оқушыларды қателесуден қорқудан еркін таңдау мен жетістікке жетуге жағдай жасау арқылы босату.
  2. Оқушылардың пассивтілігін жеңу және оларды белсенді іс-әрекет субъектісіне айналдыру мақсатында сыныптағы оқытудың түрлері мен әдістерін өзгерту.
  3. Оқушыларға қосымша сабақтарда, сабақ барысында жеке жұмыстар арқылы, тақырыпты меңгерген оқушылардың жұмысы  арқылы уақытында көмек көрсету.

Оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтау үшін әр мұғалім өз тәсілдерін қолданады. Тақырып бойынша алынған білімді бекіту сабағының соңында  негізгі білімді қалай меңгергендігін  анықтайтын қысқаша тест алу керек. Осы тестің нәтижесінен оқушылардың тақырып бойынша олқылықтары анықталады. Одан кейін жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі керек. Ол жұмыс сабақтан тыс уақытта немесе сабақ барысында тақырыпты меңгерген оқушының көмегі арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

 Тақырып, тарау бойынша оқушылардың жиі жіберетін қателіктерін пән мұғалімдері өз тәжірибелерінде анықтаған деп ойлаймын. Сондықтан осындай қателіктерді болдырмас үшін жаңа ұғымдарды түсіндіру барысында ескеріп, оқушылардың көңілін аудару  керек. Мұғалімдер өз тәжірибелерінде оқушылардың жиі жіберетін типтік қателерін жеке дәптерге жазып жүрсе  ол қателіктерді болдырмаудың алдын алу мүмкін болар еді.

Көптеген қателіктерді түзету және алдын алу үшін мектеп оқушыларында өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды. Бұл дағдылар екі бөлімнен тұрады: 

1) қателерді анықтау мүмкіндігі;

 2) оны түсіндіру және түзету мүмкіндігі. 

  Қателерін   анықтай алуға тақырып бойынша қысқаша жасалған тіректік карточка-конспектілер көмектеседі. Бұл конспектілерде тақырып бойынша ережелер мен формулалар, схемалар мен кестелер, графиктер болады.

Келесі қадам анықталған олқылықтарды жою. Бұл жерде оқушымен жеке жұмыс, оқушы топтарымен жұмыс жүргізіледі. Ол сабақ кезінде немесе сабақтан тыс жүргізілсе де болады.

Жеке оқушымен жұмыс барысында:

  1. Алгоритмдер жазылатын дәптер.

Өзінің қателіктерін түсіну және оларды жою үшін оқушылардың қолында ереже, формула немесе есептердің шешу алгоритмі болу керек. Мектеп оқушылары 5- сыныптан бастап алгоритмі бар дәптер жүргізеді, онда ережелер, алгоритмдер және зерттелген тақырыптар бойынша қолдануға арналған мысалдар жазады. Дәптер мектепті бітіргенге дейін сақталады. Алгоритмге арналған дәптерге жазба жасаған кезде оқушылар есте сақтайды, көзбен көреді және моториканы қолданады.

  1. Бақылауға арналған және жұмыс дәптерлерінде жүргізілетін қатемен жұмыс.Қателерді  түзету- оқушылардың білімі мен біліктілегіндегі олқылықтарды жоюдың негізгі формаларының бірі. Бұл жұмыс үнемі мұғалімнің назарында болғанда ғана тиімді. Қатемен жұмыс жасау да пайдалы, өйткені кез келген қатемен танысып, оны талдай отырып, бала болашақта бұндай қателіктердің қайталануынан өзін белгілі деңгейде сақтандырады. Қателер бойынша мақсатты жұмыс оларды жүйелеуді қажет етеді. Бұл жағдайда негізгі рөлді олардың пайда болуының жалпы себептерімен, олармен жұмыс істеудің жалпы әдістерімен біріктірілген қателіктер тобы атқаруы керек. Қателіктерді осылай жүйелеу оларды түзетудің жолдарын көрсетуге және болашақта бұл қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.
  2. Олқылықтарды жоюға берілген өзіндік жұмыстарға арналған дәптер. Ешкім басқа адамның ойларының дайын жазылған түрін оқып ойлануға үйренбейді. Тек қана өзіңіз туралы, өз іс әрекеттеріңізді талдау арқылы ғана ойлануға үйренесіз. Білімдегі олқылықтарды жою бойынша өзіндік жұмыс барысында оқушы мыналарға мүмкіндік алады:
    1. Ол үстірт оқыған және қателесуге әкелген теориялық материалға назар аударады;
    2. Оқу және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге;
    3. Сыныптастарымен де, мұғаліммен де қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға және жетілдіруге( тест жұмысынан жоғары балл алған оқушылар қанағаттанарлық немесе төмен деңгей алған оқушыларға кеңес берушілер болады)
    4. Түзету тапсырмаларын орындау кезінде бұрын зерттелген алгоритмдерді қолдану дағдыларын жетілдіруге;
    5. Тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдіруге, ақыл-ой операцияларын дамытуға: талдау,  синтез, салыстыру, жалпылау.
      1. Оқушылардың қалауымен мүмкіндік болса сыныптан тыс сағаттарда немесе каникул кезінде қосымша сабақтар жүргізу.

Осы жүргізілетін жұмыстар бірсарынды болып оқушыларды жалықтырмас үшін әр түрлі әдіс -тәсілдерді қолданған дұрыс. Мысалы:

  1. Қатені тап;
  2. Ойын әдістері;
  3. Білімді түзету карточкалары;
  4. Жаңа технолгияларды, АҚТ, жеке тұлғаға бағытталған әдістер;
  5. Деңгейлік тапсырмалар және т.б.

Танымдық қызығушылық – адамның туа біткен танымдық қажеттілігіне негізделген ішкі мотив. Көптеген зерттеулер қызығушылық ерік пен зейінді ынталандыратынын, есте сақтауды тезірек және кұшті етуге көмектесетінін дәлелдеді. Бұған проблемалық элементтер мен оқушыларға бағытталған оқыту ықпал етеді. 

Кез келген жұмыс тиімді және нәтижелі болу керек. Оқушы мен мұғалімдердің бірге істеген  жұмыстарының нәтижесі оқушылардың олимпиадаларға қатысуы, жүлделі орындар алуы, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетуінен көрінеді.

 

6 824 2
Райхан Серикказина, Ы.Кабеков атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Ұлы дала Ұстазы № 000313
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Асель
16 октября 2023 19:03
Сәлеметсіздер ме? Маған олқылық жоспары керек еді
Асель
16 октября 2023 19:04
Цитата: Асель
Сәлеметсіздер ме? Маған олқылық жоспары керек еді

Асель,
Асель,