Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI517

Мектепте ата-аналармен жұмыс жүргізудің маңызы

      Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының бала тәрбиесіндегі атқарар рөлі зор. Отбасы тәрбиесін табысты жүзеге асыру балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы тәрбиесін тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. Әрі бұл жұмысты отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдар  арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асыру мақсаты көзделеді.

      «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасының бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін көруге болады. Отбасынан бастау алған бала тәрбиесі, балабақша, одан мектеп тәрбиесіне ұласады. Баланың сәби кезіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері, отырып- тұрудан бастап, тамақ ішу, тазалық сақтау, бір- біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып-білу және оқып-зерттеу мектептегі тәлім-тәрбиеден бастау алатыны даусыз. Дегенмен осы заманғы балабақша, мектеп тәрбиесі бұрын- соңды болмаған отбасы қолдауын қажет етеді. Сондықтан бала тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін мұғалім мен ата-аналар барлық уақытта да өзара ынымақтастықта болуы керек. Отбасының әлеуметтік институт тәрізді, интеллектуалды толыққанды, құлықты және дені сау жас ұрпақты қалыптастырушы орта екені сөзсіз.

     Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс – шараларға, ата – аналарға және сынып жиналыстарына ата – аналарды тартудың қажеттілігі: балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады, балалар маңызды жетістіктерге жете алады; балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады ; ересектер мұғалімнің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі. 

     Әрбір отбасының мықты жақтары болады , әр адам жақсы ата – ана болғысы келеді, барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады. Ата – анамен  жұмысты ұйымдастыру барысында ата – ананы, яғни отбасын тәуелді ете емес, оны қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу, баланың дамуы туралы ақпарат ата – аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Ата – аналармен бірлесе атқаруға болатын жұмыстар: тақырыптық кеңес (ата – аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтармен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту), педагогикалық семинар (отбасылық тәрбиенің әдіс – тәсілдеріне арналады), шығармашылық кештер (балабақша және топішілік болуы, озық қабілетті, танымал ата – аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады), сыныпішілік ата – аналар жиналысы, мектепішілік ата – аналар жиналысы, ата – аналармен жеке кездесу, ата – аналар үшін ашық есік күні, ата – аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру, мерекелік кештерге шақыру, ата – аналарды психологиялық тренинг – ойындарға қатыстыру, отбасылық жарыстарға қатыстыру және «Менің жанұям» атты балалар салған сурет көрмесін тамашалау тағы басқа да. Психологиялық тұрғыдан алғанда сурет арқылы да біраз құнды мағлұматтар алуға болады. Ата – аналарға тарапынан балаларға кейде онша қөңіл бөлінбейтінін, балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүретінін байқауға да болады. Осындай көңіл күй болған кезде балаларымыздан «Мен олардың ұрысқаныны қаламаймын» , «Алысқа кеткенін жақсы көремін», « Маған әкем көп ұрысады » , «Мен істеген ісімді дұрыс емес дейді» деген сияқты ойларды оқуға тура келеді. Не себепті баланың көңілі толмайды? Гүлдің сусырап шөлдейтіні сияқты бала да ынта – ықыласқа шөлдейді. Ата –ананың балаға бар жағдайы жасаудан басқа мейірім, жылуы, қамқорлығы қажет. Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып өздері де тәрбиеге енуі қажет. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде, бала психологиясының дұрыс қалыптасуында ата - ананың да, тәрбиеші- ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Сондықтан отбасы мен мектеп ынтымақтастығының өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ өміріне тигізетін әсері өте зор. «Ұстаз – бағбан, бала - гүл» деген қағида әр  ұстаздың ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ мектеп балалар үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. 

Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың мынадай негізгі   бағыттарын атап көрсетуге болады:

-        ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылықтарын жетілдіру және оқыту бағдарламасын меңгерту;

-        білімдік қызмет көрсетудегі ата-аналардың қажеттілігін зерттеу;

-        ата-ананың педагогикалық және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізу.

-        мекеменің даму деңгейін отбасымен жұмыс мазмұнын анықтау үшін ата-анадан сауалнама   жұмыстарын жүргізу.

Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы болғандықтан, қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орыны екені анық.

Ата-аналармен жұмыс ата-аналардың педагогикалық білімінің, біліктілігінің деңгейін көтеру, педагогтардың ата-аналарға отбасылық тәрбиеде баланы дұрыс тәрбиелеуде қажетті жағдай тудыру үшін көмек көрсетуге баланың даму процесінде мұғалім  мен   ата-аналардың қарым-қатынасын көрсететін педагог жұмысының күрделі де маңызды  бөлігі. Іс-әрекеттің түрлеріне жоспар құрылады, іс-әрекеттің түрлеріне сәйкес кеңес, нұсқау, есеп беру, жылжымалы папка дайындау, күнделіктер жазу, отбасылық газет шығару және ата-аналарды оқу тәрбие жұмыстарына тартудың жолдары қарастырылады, дербес әркет етуге дағдыланып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығып, өмірлік дағдылары қалыптасады.

         Қорыта айтқанда отбасында барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму деңгейіне көтеріле алады.Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық-баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады. Өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалына ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. 

 

 

Әдебиеттер:

1.      Жұмабаев М. Педагогика. 1992 ж.

2.      Крупская Н.К. Мектепке дейінгі тәрбие туралы.-Алматы . «Мектеп».1988ж.

3.      Жұмабекова Р. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2008.

 

9 939 0
Жанаргуль Абдикенова, Ы.Кабеков атындағы орта мектебінің мектеп алды даярлық сыныбы мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы Ұлы дала Ұстазы № 000310
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: