Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI505

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.                  

     Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

     Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді                                                                                                                 Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.                                                                                                          

  Тоғызқұмалақ ережесі                                                                                                                                                                    Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей.

отау

9  

8

7

6

5

4

3

2

1

 

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

қостаушы қазан 

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

бастаушы қазан

отау

1  

2

3

4

5

6

7

8

9

 

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.                                                            Жүріс жасау ерекшеліктері                                                                                                                     Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.                                     1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып,қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

отау

9  

8

7

6

5

4

3

2

1

 

 

9

9

9

10

10

10

10

10

қазан 

 

9

9

9

9

9

9

1

10

10

қазан

отау

1  

2

3

4

5

6

7

8

9

 

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.                                             3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.                                                                                                             
 Тұздық алу ережесі  
 Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.                                                                                                                                          4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.                                                Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

отау

9  

8

7

6

5

4

3

2

1

 

 

-

10

10

1

11

11

11

11

11

  0    қазан 

 

10

10

10

10

10

10

2

11

1

12      қазан

отау

1  

2

3

4

5

6

7

8

9

 

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

отау

9  

8

7

6

5

4

3

2

1

 

 

1

11

1

1

11

11

11

11

11

  3    қазан 

 

11

11

11

11

11

11

Х

11

1

12      қазан

отау

1  

2

3

4

5

6

7

8

9

 

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.                                                                                                                               5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.                                    6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.                                                                                             
                 “Атсырау” ережесі                                                                                                                                    
     Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.                                                                                                  
    7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.                                      8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы

отау

9  

8

7

6

5

4

3

2

1

 

 

1

1

1

Х

11

1

-

-

-

  78   қазан 

 

-

-

-

-

-

-

-

Х

4

76    қазан

отау

1  

2

3

4

5

6

7

8

9

 

Осы  тақтадағы  жағдайда  жүріс  бастаушыдан.  Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

отау

9  

8

7

6

5

4

3

2

1

 

 

1

1

1

Х

1

-

1

3

-

  78  қазан 

 

-

-

-

-

-

-

-

-

-

76     қазан

отау

1  

2

3

4

5

6

7

8

9

 

  Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның аяқталуы.                                                                                                               Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ тоғызқұмалақ ойынымыздың аты қалай қойылған? Қашан пайда болған? Қайдан шыққан? Кім ойлап тапқан? Әуелі қай халықтар ойнаған деген сұрақтарға дәл былай деп айта қояр ғылыми дәлел мен терең талданып, жете зерттелген мағлұматтарымыз (тың пікірлеріміз) жоқ. Кейінгі жылдары осы сұрақтарға жауап беру үшін спорт тарихын, соның ішінде тоғызқұмалақ ойынының тарихын зерттеушілер нақтылы деректер іздестіре бастады.                                                                                                         

Тоғызқұмалақ күрделі сөз: тоғыз және құмалақ. Тоғыз сан. Өзгешелігі тақтығы. Көбейтілуі немесе бөлінуі үштік. Дегенмен оның өзінен аз сандардан айырмашылығы бар. Мәселе екі жіп есіледі, үш жіп өріледі, ал тоғыз жіп тоқылады. Сондықтан соңғысы жұртқа мәлім, кезінде ой өнері мен қол өнері үшін күрделі сан болып есептелді. Уақыт есебінде де тоғыз санының орны өзгеше. Он екі жылдық Азия халықтарына тән мүшелдік жылдардың, яғни жыл есептеудің (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) тоғызыншысы мешін жылы. Бір ғажабы сол – мешін жылдарының бәрі он екіге бөлінеді. Мәселен, 1956, 1968, 1980, 1990, ... бәрі 12 санына бөлінеді. Қариялар қазірдің өзінде де жыл қайырғанда (былайша айтқанда қанша жасқа келгеніңді білгісі келсе) сол мешін жылына бағдар ұстап отырады. Мәселен, орта жасар кісі, туған жылым ит десе. Жыл қайырушы адам ішінен. Мешіннен – мешін төрт мешін 48+ тауық+ ит =50 жаста екенсіз ғой балам дейді. Үлкен кісілер, әңгіме, өсиет айтқан кезде: “Е, балам білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз” деп ақыл айтып, түйінді тоқтамға келеді. Кең байтақ даламызда көп жолдардың бір-бірімен түйіскен жерін тоғыз жолдың торабы немесе тоғыз торау деп атаймыз.

1 075 53
Агайша Туленова Бакытовна №10 мектеп гимназиясының , Дене шынықтыру пәні мұғалімі. Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000570
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Ботагоз
19 октября 2021 18:16
Енбегиниздин жемисин кориниз, жарайсыщ
Гулайм
19 октября 2021 18:20
Тек алға!!!! 👍
Перизат
19 октября 2021 18:29
Білікті ұстаз. Еңбегіңіз елене берсің тек қана алға👍
Айзада
19 октября 2021 19:13
Агайша Бакытжановна, тамаша!
Айгерим Шынгысовна
19 октября 2021 19:20
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Айжан Букенбаева
19 октября 2021 19:29
Өте керемет жазылған👍 Пайдалы ақпараттар көп!
Дархан
19 октября 2021 20:06
Енбегініздін жемісін корініз алға қоиған мақсатыныз орындала берсін
Мадина
19 октября 2021 20:15
Саттілік! Тек алға,👍👍,👍
Дулат Сулейменов
19 октября 2021 21:08
Өте керемет!
Нуржан
19 октября 2021 21:24
Оте кушти!!!
Өте жаксы
Өте жаксы
19 октября 2021 21:28
Өте жаксы!!
Бодин
19 октября 2021 21:42
Спасибо вам за ваш вклад в Национальные игры 👍
Жумакуль
Жумакуль
19 октября 2021 21:42
Агайша Бакыткызы саттилик тилеймин. Енбегин жаңа берсин! Мен саған сенемин!
Жумакуль
Жумакуль
19 октября 2021 21:44
Агайша Бакыткызы енбегиннин жемисин көр. Саттилик тилеймин! Мен саған сенемин! Жарайсың!
ШУКЕНОВ КӨҢІЛБАЙ ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ
19 октября 2021 21:46
Бұл ежелден қазақтың балаларын статистикалық, алдын ала есептеу яғни математикалық есептеулер арқылы жетістіктерге жету жолдарын айқындайтын ойындардың бірі және бірегейі Ағайша Бақытқызы осы жобаны мектеп денгейде қолға алуы өте керемет жағдай. Баланы бастан деген қазақ жас күндері миға сийғызып, денеге сінірген бала өскенде жолын жоспарлап алады .
Гулнар
19 октября 2021 21:49
Керемет, ұлттық ойынды дәріптеп жатырсыз
Асем
19 октября 2021 21:49
Еңбегіңіз жемісті болсын!
Адлен
19 октября 2021 21:51
Өте күшті. Еңбегіңіз жемісті болсын
Шара Алимбетова
19 октября 2021 21:52
Енбегиниз жемисти болсын
Самал
Самал
19 октября 2021 21:53
Сәттілік. Әрқашан жақсы үлгі көрсетіп жүре беріңіз
Алия
Алия
19 октября 2021 21:54
Ыске сат, енбегыныздын жемысын корыныз
Алмагул
19 октября 2021 21:56
Қазақтын осындай ұлттық ойынның дәріптен журген сізге Алла куш қуат берсің. жасап жатқан еңбегініздің жемісін қөрініз Биік биік белестерден қөрінініз
Айзат
19 октября 2021 21:58
Жарайсың әріптес. Тек қана алға!!!
шахарбан
шахарбан
19 октября 2021 22:02
керемет тамаша жаналык.
Жұлдыз Райымбекқызы
19 октября 2021 22:06
Кәзр технология дамыған заманда балалар бір бірімен ойнаудан қалды.
Бұрынғы ойындар ұмытылып бара жатыр
Асем
19 октября 2021 22:07
Тоғызқұмалақ ойыны қазақ халқының сонау көнеден келе жатқан ойыны. Тоғызқұмалақ ойыннан бөлек салт-дәстүр десекте болады. Қазақ салт-дәстүрін, ойындарын жаңғырту ол әр қазақтың міндеті. Барлық қазақ халқын, қазақ бауырларымызды осы ойындарымыз ұмыт қалмас үшін, кейінгі болашақ ұрпаққа аман есен жеткізу үшін жандандыру керек. Балаларымызға үйретіп отыру әрқайсымыздың міндетіміз.
Коптилеуова Кундыз
Коптилеуова Кундыз
19 октября 2021 22:10
Еңбегіңіз жемісті болсын
Сәттілік тілеймін!
Zamzagul
19 октября 2021 22:13
Алла
Разы болсын керемет!
Баян Макенова
19 октября 2021 22:15
Тоғыз кумалак наша национальная интеллектуальная игра.развивает логику.мышление.Я искренне рада.что игра получила свое развитие в современном мире
Иманбекова Газиза Серикбаевна
Иманбекова Газиза Серикбаевна
19 октября 2021 22:20
Желаю вам творческих подьемов в вашей работе.Агайша Бақытовна очень доступно, ясно изложили о национального игре.Подняли актуальную тему тему для дальнейшего развития этой игры.Спасибо вам