Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI500

Бар жақсылық балаларға

«Бала тәрбиесі – бесіктен»
 (
халық даналығы) 
 «Баланы жан – тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» Сол балаға деген сүйіспеншілік мәні осы мамандыққа әкелді. 

«Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,                                                                                        
 Жол табар қараңғыда адасқанда.                                                                                                           Мал озбас біле білсең білім озар,                                                                                                         Ақыры керек болар бір сасқанда » - деп Міржақып ақын жырлағандай, балабақша табалдырығын  тарыдай болып аттап, ақыл- ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы  мен жаманды айыра білуді бүлдіршіндер бойына сіңіре беруге өз үлесімді қосып жүрген жанның бірімін.

 Еңбек жолымда алдыма қойған мақсатым: 

1) Мектеп жасына дейінгі балаларды заман  талабына сай білімді де, білікті етіп тәрбиелеу;

2)Педагог кадрлардың   білім  берудің озық үлгілерін меңгеруі; 

3) Ізденімпаз, жаңашыл басшы болу.

... Бала дүниеге іңгәлап келгеннен кейін, өз отбасымен, өз елімен қауышып, бесіктен түлейді.
 Бір жасқа толып , аяғын апыл- тапыл басқаннан кейін өзінің жеке – дара бесігінен , «Балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы  сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге байланысты.
 Тәрбиеші – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. 

«Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» дегендей ұямнан алған тәрбиемнен бе , әлде табиғатым сол тірлікті керек етті ме, жасымнан  – тәрбиеші болуға аңсарым ауды.
 Мектептен білім негіздерінен сусындап, әрі қарай педучилищеге, пединститутқа  түсіп , мектепке дейінгі  тәрбиеші мамандығын игердім.
    «Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей тағамның беріктігінен «№2 Тәуліктік» балабақшасында 11 жыл тәрбиеші, «Алтын балық» балабақшасында 10 жыл тәрбиеші оның 3 жылында әдіскерлік қызмет атқарып , ұлт болашағын тәрбиелеу жолында тынбай тер төктім. Бала тәрбиелеуде өз пікірім, өзімдік көзқарасым қалыптасты.
 Маған бала тәрбиесінің үдерісінен шығу және көзқарастарымды толығымен жүзеге асыру үшін тек тәрбиеші немесе әдіскер болып қалу аздық ететіндей көрінді.
 «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең»- деп даналарымыз айтқандай  арманымды, балабақшада жинаған теориялық – практикалық қырларымды көрсету мақсатында 2013жылы «Балбөбек» бөбекжайына меңгеруші болып бардым.

Меңгеруші болу - жәй ғана мамандық емес. Ол –  адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі және ұжымды басқаруда жан-жақты, заманауи тәжірибелі, ата- аналармен қол астындағы қызметкерлерімен тіл табыса жұмыс жасайды.

Қазіргі заман ағымына қарай мекеме басшыларын – менеджер деп те атайды. Менеджер – деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу. Бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. 

Балабақша менеджердің міндеті:                                                                                        

1) -Қоғам сұранысына назар аудару. Адамдарға нақты  міндеттер   жүктей                                            отырып, оны  жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 

2)- мектепке дейінгі білім жүйесіндегі өзгерістерді білуге. 

3) – Ұйымның нәтижелі, тиімді даму тәсілдері мен жолдарын табуға. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен  қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық беру,көтермелеу,

марапаттау, жоғары   қызметке  тағайындау шараларын пайдаланады. 

Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен  тіл табысып, тұрақты байланыс 

орнатып, 

1)педагог кадрларды жұмысқа қабылдау, іріктеу, орналастыру немесе жұмыстан шығаруды;      

2) Қызметкерлермен ережеге сәйкес келісім шартқа отыруды;

 3)өз құзыреттілігі шегінде бұйрықтар мен өзге актілерді шығарады; 4)Есепшінің есеп жұмысын ұйымдастырып, барлық қаржылық мәселелерге жауап беруге;

5)Балабақшаның санитарлық гигиеналық талаптарының орындалуына, өртқауіпсіздігі, жылу жүйесінежәне балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты. 

Сонымен қатар   менеджер- ұйымның  іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін  барлық адамдардың 

жұмысын  бағалайды менеджер адамдардың  қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын  қамтамасыз етеді. Адамдардың  мамандығының жетілдірілуі 

де, қызмет  жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не  берекесізденуі де менеджер жұмысына  байланысты.

       Мақтана айтатын жайым мен өз туып өскен ауылымның кішкенеде болса бір мекемесінде қызмет атқарып  ауылыма үлес қосудамын. «Балбөбек» бөбекжайы -40 жылдық тарихы бар халыққа қызмет етіп келе жатқан шаңырақ.
 «Мың қосшыдан, бір басшы» дегендей басшылық қызметті мойныма алған соң бөбекжайдың талапқа сай тәрбие ошағы болғанын қалайсын. Педагог қызметкерлердің де сол талапқа сай жаңалыққа жаны құмар болғанын қалайсын. Бағып жатырған балаларымызда абыройымызды асқақтатса нұр үстіне нұр емеспе. Бала жанының бағбаны бола білдім деп айтсам қателеспеспін. Қазір мен менің артымнан ерген, осы мамандықты таңдап еңбек етіп жатырған бірнеше тәрбиешіге жол сілтер балабақша меңгерушісімін. Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты  мақсатым.
 Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Ол құрал «Балбөбек» 0бөбекжай -бақшасының тәрбиешілерінің бойынан табылады. Ұлттық тәрбиенің негізі ана сүтімен, ана тілімен, ең алғашқы бесік жырының әлдиімен
берілсе, ал бүлдіршіннің тілегі, білімге деген қызығушылығы, оның ойлау қабілеті, танымдық қажеттіліктері балабақшада қалыптасады. Еліміздің   ертеңгі болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан ұрпақ тәрбиесіне  аса жауапкершілікпен қарау баршамыздың жауапты міндетіміз.             

      Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.

  

Осы мақсатта балабақшада 8 педагог қызметкер болашақ  жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриоттық азаматтар буынын тәрбиелеуде. Олардың 8-і де   жоғары білімді. 3- 20 жылдардан астам пед өтілдері бар. 5- І санатты, 2- ІІ санатты, 1- санатсыз мамандар.Өз білімдерін көтеру мақсатында облыс, республика көлемінде білім жетілдіру курстары мен семинарларға қатысып отырады. Балабақша қызметкерлері балабақшадағы   тәрбиелеу мен білім беру ісін баланың психо- физиологиялық даму дәрежесіне, білім деңгейіне қарай ұйымдастыру, олардың ой, дене еңбегіне белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, адамгершілік, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, тәрбиелеуге  әр баланың жан-жақты жетілуіне көңіл бөліп отырады. 

     Бөбекжай-бақшада Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартын жүзеге асырылып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалау ұйымдастырылып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптар мен бала дамуының деңгейі жүйелі бағалау қамтамасыз етіледі. Осы стандарт аясында тәрбиешілерге күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  циклограммасын жүргізу, баланы бақылау индикаторын жасауды меңгерту мақсатында балабақша ішілік кеңестер, семинарлар өткізіліп тұрады. 

     Баланың жан-жақты   дамуына бөбекжай-бақшаның   материалдық - техникалық базасының талапқа сай келуі үлкен роль атқарады. Әрбір топта кеңжолақты ғаламтор желісі қосылған интереактивті тақта , теледидар тәрбиешілердің жұмысын жеңілдетіп отыр. Бар жақсы балаларға дегендей балалардың тәрбие ошағында барлық жағдай СанПИН-нің талабына сай жасақталған.

     Серуен кезінде тәрбиеленушілердің жаксы демалып, шынығып, ойнаулары үшін жақсы ойын алаңын жабдықталған. 

Қорыта айтқанда , ХХІ – ғасыр  бәсеке ғасыры десек, сол ғасырда ұлттық тарихымызды , мәдениетімізді қадірлейтін, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын , қабілетті, қолынан іс келетін азаматтарды осы бастан тәрбиелеу міндеті тұр.   Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі жоғары ұйымдастырушы –менеджер даярлау заман талабы  деп түсінемін. 

Тәрбие ошағының одан әрі гүлденіп, тәрбиеленушілерге жақсы жағдай туғызып,  ауыл бүлдіршіндерінің  жан-жақты дамуына алдағы уақыттада талмай ұжым болып еңбек етеміз деп ойлаймын.  «Ертеңімізді бүгін ойлап, бүгінгіні уақытында жасайық» деген қағидамен осы меңгерушілік міндетті абыроймен орындау жолында аянбай еңбек етсем деймін.  

Болашағымыз – балалар ,
 Береріңмен балаға келешегің бағаланар- деп ой қорыттым.

 

 

419 0
Айгүл Нұрхиева, Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай- бақшасы» КМҚК меңгерушісі Атырау облысы,Махамбет ауданы Ұлы дала ұстазы № 000565
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: