Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI473

Балабақша – бақытты балалық шақтың мекені

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, кабілетін ерте дамытады. Адам өміріңдегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шағы – балалық шағы. 

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан –жақты дамиды. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімнің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілеттері ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Балабақша –бақыт мекені.

Нұр-Сұлтан қаласының төрінде орналасқан «Балдырған» балабақшасы 20I0 жылы кішкентай бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашты. Балабақшада бүгінгі таңда 90 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оқу – тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша бойынша жалпы -6 топ бар, оның ішінде 1-логопед,1музыкант, 1 хореограф, 1ағылшын бар. Балабақша қажетті құралдармен, ойыншықтармен толық жабдықталған.

Біздің ұжымда - 6 педагог қызмет атқарады. Балабақша ұжымы облыс, қала көлемінде  ұйымдастырылып отырған байқаулардан қалыс қалған емес. Бірнеше рет алхыс хат, мадақтау, грамоталарымен марапатталып келеді. Бүгінде балабақшамыздың алға қойған мақсаты-елімізді өрге сүйрейтін білімді, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың жаңа технологияларды қолдана білу сауаттылығы, өте жоғары. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толықтырылып жатыр. Балалардың тілін дамытуда, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Педагогтардың кәсіптік деңгейі – балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Педагогтардың балаға қуаныш сыйлауға, талмай еңбек етуі деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағы

айналдырады. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе- ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Балалардың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірген еңбегі зор. Адам баласы балалық шақты қандай сұлу, қандай нәзік, қандай таза десеңші. Әр бала өзінше бір әлем. Балабақшадағы тәрбиеші мамандығының иесі де, қиындығы да осы бүлдіршіндерді үлкен өмірге, қалтарыс-бұлтарысы көп өмірге даярлау. Тәрбиеші шеберлігінің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету. Тәрбиешінің негізгі мақсаты-балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, саналы және сапалы білім беру. нәтижелерге жетеміз. Ойын терапиясы, ертегі терапиясы, қуыршақ терапиясы, музыка терапиясы, құм терапиясы, бейнелеу терапиясы сонымен қатар би -қозғалыс терапиясы кеңінен қолданылады.

Балабақшадағы алға қойған мақсат – міндеттерінің бірі балалардың денсаулығын сауықтыру. Балабақшада сауықтыру шаралары үнемі жүргізіледі. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған спорт залы бар. Дене шынықтыру нұсқаушылары әрбір ұйымдастырған оқу қызметі мен қатар спорттық іс- шараларды тиімді пайдалы өткізеді. Сонымен қатар хауыз жұмыс жасайды. Балабақшаның жүрегі- музыка залы. Музыка жетекшілерінің басқаруымен музыка залында көңілді ұйымдастырылған оқу қызметі, мерекелік іс-шаралар мен ертеңгіліктер өткізіледі. «Балдырған» балабақшасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Инклюзивтік білім беру орталығы» жұмыс істейді. Инклюзивті білім беру орталығында білікті мамандар: логопед қызмет атқарады.

Баланың қандай болуы тәрбиеге байланысты екенің дәлелдеген дана Абай:

Адам болам десеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл, іс көнсеңіз -  деп, қоғамдағы пайдалы азамат болу үшін адам бойына қандай ізгі қасиеттердің қажет екендігіне ерекше тоқталады. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі- балғындарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.

721 0
КУНДЫЗ ЖАНГАБЫЛОВА, Есіл ауданы Балдырған балабақшасының тәрбиешісі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000269
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: