Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI472

Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. 

Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл- қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата - аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.

«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей тағамның беріктігінен «Балдырған» балабақшасының «Балапан» қазақ тобында тәрбиеші болып жұмыс жасап келемін. «Балапан» тобында он тоғыз бала тәрбиеленуде. Олардың жас шамасы екі жарым жастан үш жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді.

Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады. Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз. Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

185 0
АЙНҰР САБЫР, Есіл ауданы Балдырған балабақшасының тәрбиешісі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000268
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: