Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI470

Балаларға мемлекеттік тілді оқытудың интерактивтік түрлері

Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің әлемнің алпауыт елдерінің қатарында тұрып, ұлттық құндылықтарымыз бен тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді әлемге танытатын зиялы, білікті ұрпақ тәрбиелеу, міндетіміз. Сондықтан мұғалімнің алдында жан-жақты дамыған, өз елінің тілін, тарихын, мәдениетін жетік білетін, белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын білімді бала болу керек. 

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық саладабелсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Сондықтан, Мемлекеттік тілді үйрету мектепке дейінгі мекемеден бастау керек. Оның ішінде тіл үйретудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар, соның ішінде ең тиімдісі – интерактивті әдіс. «Интерактивті» термині ағылшын тілінен аударғанда, «бірлесіп әрекет қылу», өзара әрекет етуге қабілетті («interact»: «inter»- өзара, «act»-әрекет ету). Интерактивті – бір нәрсемен (мәселен, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалог, әңгімелесу тәртібінде болу немесе өзара әрекет ету қабілеттілігін білдіреді. Тәрбиеші оқыту үдерісінің ұйымдастырушысы, топ көшбасшысы, мектеп жасына дейіні балалардың бастамасы үшін жағдай жасаушы рөлін атқарады. Интерактивтік әдіс-тәсілдермен қатар педагогика ғылымдарының докторы, психолог Ираида Кубаеваның еңбектерін алға тартуға болады. Тіл үйретудегі еуростандарттық әдіс бойынша яғни, кілтті сөздерді пайдалану арқылы жүзеге асыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға 4 кілтті пайдалануға ұсынады. Олар –да, -ға, -шы, -ма. Мысалы: бала-да, бала-ға, бала –ма, балық-шы. Интерактивті оқыту негізіне жататын білім беру үдерісі барлық балалар таным үдерісіне тартылатындай, олар нені біледі және ойлайтындығы бойынша ұғыну және ойлау мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылған. Таным, оқу материалдарын меңгеру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың бірлескен іс-әрекеті әрқайсысы өзінің ерекше жеке үлесін қосатынын, біліммен, идеямен, іс-әрекет тәсілдерімен алмаса жүретінін білдіреді. Игілікті және өзара қолдау жүреді, бұл жаңа білім алумен қатар, таным іс-әрекетінің өзін дамытады, оны ынтымақтастықтың барынша жоғары нысандарына ауыстыруына мүмкіндік береді.

Интерактивті оқытудың ерекшеліктері

Біріншіден, интерактивті педагогикалық өзара әрекет ету оған қатысушылардың қарым- қатынастарының қарқындылығы мен олардың коммуникациясы, іс-әрекеттерінің алмасуы мен олардың әртүрлілігі, нысандары мен тәсілдерінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.

Екіншіден, интерактивті оқыту балалар өзінің және өз достарының тәжірибелерімен тікелей өзара әрекет етуіне негізделген, себебі көптеген интерактивті жаттығулар баланың өзінің тәжірибесіне жүгінеді. Жаңа білім, қабілет мұндай тәжірибелерге байланысты және соның негізінде қалыптасады.

Үшіншіден, тапсырманың тек бір дұрыс жауап болуын қарастырмайды, бір басым пікірдің үстем  етуіне жол берілмейді. Бала тәжірибесіне негізделетін шешімді табу үдерісі маңызды.

Төртіншіден, интерактивті оқыту үшін қатысушылардың өздерінің іс-әрекеттері мен орын алған  өзара әрекет етудің мақсатты рефлексиясы тән.

Бесіншіден, интерактивті оқыту білім беру үдерісіне қатысушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекет

үлгілерін өзгертуге, жетілдіруге бағытталған.

Алтыншыдан, интерактивті оқыту барысында балалар өз пікірлерін қалыптастыруға, өз ойын дұрыс айтуға, өз көзқарасын дәлелді құруға, пікірталас жүргізуге, басқа адамды тыңдауға, балама пікірді құрметтеуге үйретеді.

Жетіншіден, қатысушылардың диалогтық қарым-қатынас барысында сыни ойлауға, талқылауға, естіген ақпараттар мен жағдайларды талдау негізінде қарама-қайшы проблемаларды шешу қабілеті қалыптасады, олар балама пікірді өлшеуге, ойластырылған шешім қабылдауға үйренеді. Жұмысты мұндай ұйымдастыру кезінде бала өзінің пікірін, көзқарасын білдіруді, баға беруді ғана емес  «әріптестерінің» сенімді дәлелдерін естуінен кейін өз көзқарасынан бас тарта алады немесе оны едәуір өзгерте алады.

Интерактивті оқытудың әдістері

Қазіргі таңда әдіскерлер мен педагог-практиктер оқыту үшін топпен жұмыс істеудің бірқатар

нысандары мен әдістерін дайындады. Олардың ішіндегі барынша танымал әдістерге мыналар жатады:

- case-study (нақты, практикалық жағдайдың талдауы);

- интерактивті және рөлдік ойындар;

- пікірталастар;

- жоба әдісі;

- ассоциация әдісі.

Бұл нысандар/әдістер алдыңғы сабақтан немесе күнделікті тұрмыстан алынған, балаларда бастапқы түсінігі бар қандай да бір проблеманы сабақта талқылаған жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар, талқыланатын тақырыптар өте тар ауқымда болмауы керек. Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі .Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады.

Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі ойын іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі бар балалар үшін оқу іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі тән екендігін дәлелдеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары ата-аналар үшін кеңес беру бөлімдер жұмысында қолдану үшін. Ата-аналармен жұмыс жасаудың барлық нысандары ұжымдық, индивидуалды және көрнекілік- ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналармен ұжымдық жұмыс жасау нысандары: ата-аналар жиналысы, конференциялар, консилиум, клубтар, зерттеу-жобалық, рөлдік, еліктеу және іскерлік ойындар (соның ішінде тренингтер), байқаулар, сұрақтар мен жауаптар кеші. Жұмыстың индивидуалды нысандары: әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама жүргізу. Ақпараттық: ата-аналар бұрышы, әртүрлі көрмелер (балалар жұмысы, табиғи материалдардан балалардың ата-аналарымен бірлесе жасаған жұмысы, «Балалар кітаптары», «Отбасы альбомы» және т. б. ), ақпараттық қағаздар: жиналыс, саяхат туралы хабарламалар, өз еркімен көмектесушілерге алғыс хат, ата-аналар газеті, «Баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі», «Үйде оқимыз» тақырыптық қағидаты бойынша құрылған жылжымалы папка, радио-эфир.

Қоғамдық тәрбие өзіне көптеген қызметтер мен міндеттерді алды, ол өз кезегінде балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін төмендетті. Қазіргі таңда ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру өзекті болып табылады.

Педагогтың отбасыға қатысты кез келген бастамасы баланың ересектермен қарым-қатынасы мен эмоционалдық жай-күйін нығайту, сауықтыруға бағытталған. Адамзаттың тарихында өсіп келе жатқан ұрпақтың 2 тармағы қалыптасты: отбасылық және қоғамдық. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс жасауда педагогтар ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінде заманауи тәсілдерді ескеруі қажет. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады. Педагогтар оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайлануы қолдау табатын болады. Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлініп, қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қойып отырғандығы атап көрсетілген. Осы тұрғыдан қарасақ, бұл тек жаңа технологиялық құралдар ғана емес, оқытудың жаңа түрі мен әдістері, оқытуға жаңаша көзқарас дегенді   білдіреді. Орыс топтарында қазақ тілін оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру үшін қолданылатын технологиялар, олардың қатысымдық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, оларға ғылым мен білімді үйретуге, ынтымақтастықта еңбектенуге тәрбиелеуге, қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгертуге арналған технологияларды қолдану болып табылады. 

244 0
ДАНА СМАҒҰЛОВА, № 95 «Алматы» балабақшасы МКҚК Жоғары білікті І санатты қазақ тілі мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000266
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: