Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI455

Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабақтарында жоғары деңгейлі ойлау қабілеттерін диагностикалау және дамыту

Өзектілігі: қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. 

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді.

Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Негізгі бөлім

Қазақстанда тәжвирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мемлекеттік және шағын жинақты мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Мектептер ағымдағы 6 сәуірден бастап ҚОЖ бойынша балаларға білім беру үдерісін бастады. Бұл жүйеге толықтай өту алдында елімізде байқау сабақтары жүргізіліп, білім ордаларының дайындығы алдын ала тексерілді. Тексеру нәтижесіне байланысты әр түрлі платформалар, мессенджер арқылы ұстаздар сабақтарын жүргізді. Сонымен қатар теледидарда белгіленген кесте бойынша дәрістер көрсетіледі. Және «bilimland», «aіmektep», «daryn» секілді республикалық порталдар да онлайн, оффлайн өз қызметтерін ұсынып, ұстаздарға көмекке келді. Мынадай карантиндегі күрделі жағдайда мен өзімнің ғана емес, оқушыларымның да көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер ететін логикалық тапсырмалар мен жұмбақтарды whatsapp арқылы ортақ чатқа жіберіп отырамын. Бұл қашықтықтан оқыту жүйесінде telegram әлуметтік желі мен whatsapp, «гугл мит», «зум» платформаларын қолданамын. 

Математикалық әдістер және математикалық ойлау стилі адамның барлық өміріне енеді. Егер бұрын ерекше дарынды балаларды іріктеу туралы сөз қозғалса, онда кең математикалану салдарынан бұқаралық мектепте математикалық қабілеттерді диагностикалау қажеттілігі пайда болды.Математика бойынша тереңдетіп оқытатын сыныптар 8-11 сынып оқушылары үшін құрылатынын, ал дарынды балаларды дамыту бойынша жұмыс осындай балаларды "жоғалту" қаупі бар 5-6 сыныптарда басталуы тиіс. Осы жерден математикаға жоғары қабілеттілікті көрсететін оқушыларды дер кезінде анықтау туралы сұрақ туындайды.

Қабілеттер мәселелерін зерттеуге белгілі психологтар Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина, Б. М. Теплов, В. Я. Шадриков және т.б.елеулі үлес қосты.Психологтардың көпшілігі белгілі бір қызметті тез және жеңіл меңгеруге, үлкен табысқа жетуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері деп санайды.

Әрбір оқушы математикаға сауатты болуы үшін төмендегі мақсаттарды жүзеге асыру тиіс:

1. математика іс–әрекет сипатына сай логикалық ойлауды қалыптастыру;

2. математикалық білімді игеру мақсатында тәжірибеде қолдану;

3. болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математиқалық мазмұнда ойлап, сөйлей алуы қажет;

4. қойылған сұраққа немесе есептің жауабына дәл (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу;

5. қоғамдық өмір практикасында қажетті математикалық ойлауды 

қалыптастыру.

Менің ойымша шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі. Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді. Шығармашылық ізденіс, талдау және т.б. есептерді шығару, талдау жұмыстары жеке – жұппен – топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Мектептегі оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда математика курсының алатын орны ерекше. Сонымен қатар, дарынды балалардың математика сабағында жаңа ақпараттық технологияны, интернет жүйесін қолдануы, шығармашылық ізденістері өзіндік қабілеттерін ашып қана қоймай, жеке бір салаларды дамытады. 

Қашықтықтан оқыту қалай тиімді жүзеге асады:

Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. “Балапан” және “Ел Арна” телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды.

Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.

Үй жағдайында тиімді жұмыс істеу қағидалары: қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар:

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар мұғалімнің жұмысы мен оның оқушылармен және әріптестерімен онлайн түріндегі қарым-қатынасын дұрыс құруға көмектеседі. Үйден тиімді жұмыс істеу уақыт пен міндеттерді дұрыс бөлген кезде мүмкін болмақ.Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері қашықтықтан жұмыс істеуде уақытты дұрыс ұйымдастырудан бастап, жабдықты орнатуға дейінгі бірқатар қиындықтар болуы мүмкін. Егер IT-технологияларға және қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты мәселелер дұрыс шешілсе, онда қашықтықтан жұмыс кедергілерсіз өтеді.

Ол үшін:

1. Ноутбукті үйдегі Wi-Fi желісіне қосу.

2. Бейне кездесулерге арналған бағдарламаларды жүктеу. Мысалы, Zoom немесе басқа осыған ұқсастар.

3. Карантин уақыты үшін әр мектепте мәселелерді шешуге арналған мессенджерлердегі чаттар ұйымдастырылуы керек – міндетті түрде топтарға қосылыңыз.

4. Онлайн-күнтізбе бастаңыз және онда онлайн кездесулерді жоспарлаңыз. Бұл маңызды тармақтарды жіберіп алмауға көмектеседі.

Мұғалімдердің карантин кезіндегі жұмысы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шешуден тұрады – бөлімшенің чатын құрып, сол жерде шешу орынды болады. Қарым-қатынас қағидаларын сақтауда маңызды. Атап айтқанда: бейне және аудио қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру керек; дыбысты қосу немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру; қызметкерлермен тұрақты түрде жеке кездесулер ұйымдастыру; барлық сұрақтар мен оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге арналғанына қарай қызметкерлердің, оқушылардың немесе ата-аналардың чатына не поштасына жіберу; мұғалім жұмыс күні ішінде әріптестерімен, оқушылармен және ата-аналармен байланыста болуы керек. Мұғалімдер өздерінің тиімді жұмысы күнделікті стандартты жұмыс форматында қолданатын құралдарына байланысты екенін есте ұстауы керек. Сондықтан тек қана өзіңіздің біліміңіз бен дағдыларыңызды қашықтықтан қолдансаңыз жетіп жатыр.

Үй жағдайында тиімді жұмыс істеу: негізгі қағидалар Қашықтан жұмыс істеу кезіндегі оқытушының негізгі міндеті – карантин кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Ол үшін уақытты дұрыс ұйымдастыру керек, сонда ғана үйде тиімді жұмыс жасай аласыз:

1. Үйреншікті жұмыс уақытын сақтаңыз.

2. Жұмыс кеңістігін ұйымдастырыңыз және оны тек жұмыс үшін пайдаланыңыз.

3. Үй ішімен әңгімелесіп, жұмыс барысындағы әрекеттер алгоритмін түсіндіріңіз.

4. Түскі ас пен жеңіл тамақ ішетін уақытты алдын ала анықтап, ас әзірлеп қойыңыз. Сонда артықша уақыт жұмсамай, түскі ас кезінде жылытуға болады.

5. Сабақтар онлайн режимде өтетіндіктен, сыртқы келбетіңізді де ұмытпаған жөн.

Қашықтықтан оқытуда оқу процесін дұрыс ұйымдастыру жеке істерге уақыт табуға мүмкіндік береді.Мұғалімдер арасындағы ара-қатынастық байланысты сәтті құру және бірлесіп жұмыс істеу үшін төмендегі қағидаларды ұстану қажет:

1. Жұмыс күні 6 сағаттан кем болмауы керек, бұл уақытта мұғалімдер желіде болуы керек.

2. Тілдесу үшін бейне қоңырауларды қолдану. Бұл туындаған мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі.

3. Көрнекі мысал үшін экранды қосыңыз және онлайн-конференцияларды өткізгеннен кейін барлық қатысушыларға толыққанды материал жіберіңіз.

4. Жоспарлауды күн сайын бір уақытта жасаңыз.

5. Әр кездесудің аралық нәтижелерін жазыңыз және оларды барлық қызығушылық білдірген адамдарға жіберіңіз.

Негізінде қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі – үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата – аналар балаларының білім үлгірімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пәндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады. Аталған олимпиадалар сайыс түрінде берілсе де, оқушыларды оқытады деп айтуға болады. Өйткені, оқушылар сабақ барысында алған білімдерін шыңдайды, тексереді, салыстырады. Оқушыларға арналған олимпиадалардан басқа, мұғалімдерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан семинарлар, конференциялар, сабақтар ұйымдастырылады.

Қашықтан оқытуға деген жаңа қызығушылық телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, ғаламдық ақпараттық желінің пайда болуы аясында туындаған. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап етеді. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен күш. Педагогикалық қоғамдастық сабақтан тыс жерде оқытушы мен оқушы арасындағы жедел әрекеттестік құралы ретінде осы жоғары жылдамдықты байланыс желілеріне үлкен үміт артып отырмын.

Қашықтықтан білім беру саласында жұмыс істейтін “Bilimland”, “Daryn.online”, “Күнделік”, “Univer”, “Zoom”, “U-study” бағдарламалар ұсынылды.Мұғалім ретінде барлық бағдарламаларға талдау жүргіздім және ыңғайлы,қолайлы болғаны ” EDUS ” бағдарламасы. Өзімнің жеке жұмыс жасап үйренуіме ұтымды – “Bilimland” бағдарламасы.

Мектеп оқушыларына қарағанда, ата-аналар қашықтан оқытудың сапасына алаңдаулы. Мұғалім WhatsApp желісінде тапсырмаларды және үй жұмысын жіберіп отырады. Балалар ” EDUS ” бағдарламасын ашып, мұғалімдердің жаңа тақырып жайлы жоспарлары мен пікірін және жіберген бейнебаяндарын көре алады.Сонымен қатар оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс әр түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсам: Zoom, Microsoft Teams, Google Classrom, Skype, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Аталған бағдарламада (демонстрация экрана) деген батырманы бассаңыз, барлық көрнекілік құралдарыңызбен, презентация, сызба, оқу құралдарын, сонымен қатар сұрақ-жауап алмасып, видеобейнеңізді запись арқылы сақтап алуға мүмкіншілігіңіз бар.  Ұжымымыздағы шұғыл және өзекті мәселелерді осы бағдарлама арқылы жүргізуге мүмкіндік туып отыр.

Оқушылар тек тапсырмаларды ғана емес, бейнежазбаларға сілтемені де қоса алады. Ал оқушылар үй тапсырмасын бұрынғы әдетпен дәптерге жазады. Жасаған жұмысын суретке түсіреді де, электронды пошта немесе WhatsApp желісі арқылы жібереді. Бұл тапсырма қағаздарын ата-анасы баласына түсіндіруге көмектесу үшін басып шығаруға да болады.Оқу материалын қашықтан үйрену қаншалықты ыңғайлы болатынын балалардың көбі ойлап жатқан жоқ.

Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққанда бойымды қорқыныш ұялады. Бір жағынан, қызығушылық пайда болды. «Қалай білім берер екенбіз?», «Оқушылар қалай қабылдар екен?» деген сұрақтар мазалады. Қазіргі оқушылар өте ақылды, дарынды, сондықтан оқушыларым еш қиналмастан оқу бағдарламасын үйіріп алып кетті. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, үлкен жауапкершілігімен белсенді түрде сабаққа қатысады. Әрине бастауыш сынып оқушыларына ата – аналардың көмегі қажет, осы тарапында ата – аналарға үлкен алғысымды білдіремін. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К.Д.Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдейтін уақыт келді.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің басты артықшылығының бірі – уақытты үнемдей алатын болдым. Осы үнемдеген уақытымды өзімнің кәсіби деңгейім мен шеберлігімді арттыруға жұмсаймын. Сабақтың қызықты болуына көңіл аударамын. Сабақтың тақырыбына қарай қосымша тың мәліметтерді таныстырып, оқушылардың қызығушылығын оятуға және пікір алмасу, пікірталастар ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға тырысамын. 

Қорытынды

“Ел басына күн туса,ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын-қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын,тəуелсіздігін қорғайтын,білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге,яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді.6-шы сəуірден бастап барлық əріптестерім қашықтықтан оқыту форматы бойынша сабақ беруде. Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы ұстаздар қауымы барынша талмай еңбек етіп жатыр. Балаларға жан-жақты, қызықты білім беру үшін ғаламтор желісіндегі түрлі (Bilimland, Аіmektep, Daryn online, learning App, т.б.) платформаларынан ізденуде.

   Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады. 

      Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі». Алматы «Білім» 1998 ж

    2. Дүйсенбекова «Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту». Бастауыш мектеп №10. 1999ж.

3. Ю.К.Бабанский «Выбор методов обучения в средней школе». - М: Педагогика, 1981

4. Парфенов П.А. «Использование логики в системе правовых знаний». М., 1987.

5. Тұрғынбаев Ә. «Логика» А., 2000.

6. Бабаева, Ю.Д. Психология одаренности детей и подростков.// Лейтес,Н.С.- М.: Академия,1996.

678 0
ЛАЙЛИХАН АЛАЕВА, М. Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі Алматы қаласы, Алатау ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000263
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: