Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI452

Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының табыстылығының психологиялық-педагогикалық шартын (жағдайын) зерттеу

Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жалпы жаһандану үрдісі барлық салаларға өз ықпалын тигізуде. Соның ішінде білім беру жүйесіне елеулі әсер етіп, білім жүйесін түбегейлі өзгерістерге алып келуде.

Болсада, осы соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде айтарлық өзгерістер болып, білім жүйесі реформаланып, жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының отарлау саясатынан босап шығып, Тәуелсіз Мемлекет аттанды. Бұрын КСРОның бір бөлігі ретінде саналатын Қазақстан бүгінгі күнде дүниежүзілік аренаға шығып көшбасшымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтің кемеңгер саясаты арқасында, күллі әлемге әйгілі болды. Тәуелсіздік тізгінін алған жас мемлекеттің бүкіл салаларында реформалар жүргізіліп, бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына ендік. Бұл өзгерістер ең алдымен білім жүйесінде жүргізіліп, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жаңаша серпін алды. Бұрынғы теорияға негізделген, жалпы орталықтандырылған білім жүйесінен алшақтап, ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып, жергілікті менталитетке негізделген, білім ғана алып қоятын емес, алған білімін өмірде пайдалана білетін, жаһандану дәуірінде бәсекеге түсе алатын, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған Тұлға тәрбиелеуді басты орынға қойған білім парадигмасы туындады. Жан-жақты дамыған білімді адамды дайындауда, тек қана жақсы білім беру емес, сонымен бірге адамгершілікке, елжандылыққа, ізгілікке, төзімділікке, аяушылыққа тәрбиелеуді бірге алып жүру керектігін дәуір көрсетіп отыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты, ынта-ықыласымен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс» - деп көрсетілген.Ғылыми технологиялардың қарқынды дамуына байланысты, адамдардың көп жұмыстарыавтоматтандырылып, жеңілдетілді. Бірақ соңғы кезде ғылыми технологиялардың қарқын дамуына байланысты, адамдар арасында селқойлық, қатыгездік, мейірімсіздік сияқты құбылыстар көптеп кездесетін болды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осындай қатыгездіктің куәгерлері болып отырмыз. Шетелге бармай-ақ, өзіміздің елде болып жатқан қатыгездіктерді көріп-естіп, төбе шашымыз тік тұрады. Лас-қоқыстардан табылған жаңа туған нәрестелердің денелері, қарттар үйлері мен тастанды балалар үйлерінің көбейуі, педофилия, қайыршылық, маскүнемдік, нашақорлық, жөзекшілік, суицидтік (өзіне өзінің қол салуы) құбылыстардың күн сайын көбейуі бәрімізді алаңдатуда. Соңғы кездері ғалымдар зерттеулер жүргізіп, білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеудің ортасының алшақтап кеткенін айтуда. Өз кезегінде, Орта ғасырдың ғұлама қайраткері – Әбу Нәсір әл-Фараби атамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөзінің бүгінгі күнде де көкейкестілігін жоғалтпағаны анық ақиқат. «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деп Ж. Аймауытов атамыз айтқандай, бала тәрбиелі болмаса, берілген білімнің нәтижесі болмайды. Сондықтан, ақырғы күндері жоғарыда айтылған олқылықтардың орнын толтыру үшін мемлекеттік деңгейде бағдарламалар қабылданып, жан-жақты іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары. Осы аталған іс-шаралардың бәрі дені-жаны сау, жан-жақты дамыған, адамгершілік, мейірімділік, ізгілік, төзімділік қасиетттерін мойына сіңірген тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға негізделген. Мұндай миссияны атқару тек мемлекет немесе ата-аналардың еншісінде емес, балабақшадағы тәрбиешіден бастап мектептегі педагогтардың, бүкіл қоғамның құзыреттілігінде. 

Сондықтан да, соңғы кездері педагогтарға болған көз қарас өзгеріп, олардың жас ұрпаққа терең білім, дұрыс тәрбие беруіне кедергі болатын әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, жан-жақты қолдау көрсетіп, мемлекеттік деңгейді мәртебесін көтеріп, айтарлықтай іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұғалімдердің білімін көтеру, қайта даярлау жұмыстары да жаңа жолға қойылуда. Ұстаз – оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан тарап жолынан адаспай өтуіне оған бағыт беретін адам, баланы адамгершілікке, адалдыққа сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын жан. Ал сынып жетекшісі – ол өз тәрбиеленушісінің әрқайсысының бойынан қайталанбас, дара тұлғаны көре білетін; тұлғалық-бағдарлы тәсілге сүйене отыра педагогикалық диагностика негізінде әр оқушыны терең зерттейтін, олармен байланысын үйлестіретін, балалар ұжымының қалыптасуынаықпал ететін ақылды тәрбиеші екенін естен шығармайық.Заманауи мұғалім тек өз пәнінің терең білгірі емес, сондай-ақ, педагогикалық-психологиялық, тарихи танымдық, дүниеге көзқарастық тұрғыдан сауатты, ақпараттық- технологияны жетік игерген, жан-жақты дамыған, жаңаға құштар тұлға болуы ол заман талабы. Бұл туралы ел президентіміз Қ. Тоқаев 2019 жылы 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында білім және ғылым қызметкерлерінің\ республикалық тамыз конференциясында «Ең негізгі мәселенің бірі – педагог мәртебесін көтеру. «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң жобасында мұғалімнің сағат жүктемесін қысқарту, беделі мен абыройын қорғау және материалдық жағдайын жақсарту керек» - деп айрықша айтты. Болашақ мұғалімдерді даярлау және олардың біліктілігін көтеру, жалпы білім беру жүйесі және қызметкерлерінің педагогикалық-психологиялық проблемаларын отандық ғалымдардан М. Ж. Жадрина, Ш. Таубаева, Ш. Беркімбаева, Б. А. Әлмұғамбетов, Л. И. Колесниченко, В. Н. Белолюдцева,  С. Д. Муканова, Е. Т. Гаевская және тағы басқа ғалымдардың ғылыми жұмыстарында зерттелген. Оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін педагогикалық технологияларды зерттеп, енгізген ғалымдардың, атап айтқанда, П. Беспалько, В. Монахов, П. Селевко,         Ш. Амонашвили, Д. Б. Эльконин, Ж. Қараев еңбектерінен көруге болады.Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің заман талаптарына сай өзгеруі, педагог мәселесінің мемлекеттік деңгейде көтеріліп педагог мәртебесінің берілуіне байланысты жалпы білім беретін орта мектептердегі сынып жетекшісіне қоятын талап өзгерді. Міне, осы мәселені айқындау үшін, «Мектеп сынып жетекшісі жұмысының табыстылығының психологиялық-педагогикалық шартын (жағдайын) зерттеу» тақырыбының бүгінгі күнде өзекті мәселе екендігі айқын.

Зерттеу объектісі: Жалпы орта білім беретін мектептердегі сынып жетекшісінің қызметі.

Зерттеу пәні: мектеп сынып жетекші жұмысының табыстылығының педагогикалық-

психологиялық алғы шарттары.

Зерттеудің мақсаты: мектеп сынып жетекшісі жұмысының табыстылығын дамытуды теориялық

тұрғыдан негіздеу және заманауи мектеп сынып жетекшісінің моделін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- сынып жетекшілерінің жұмысының табыстылығын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін

нақтылау;

- сынып жетекшілерінің жұмысының табыстылығын дамытудың педагогикалық шарттарын

анықтау;

- сынып жетекшілерінің жұмысының табыстылығын дамытудың сынақ-тәжірибе жолдармен

тексеру;

- сынып жетекшілерінің жұмысының табыстылығын дамытудың сынақ-тәжірибе нәтижелерін

мектеп сынып жетекшісінің жұмысының табыстылығын дамытуда пайдалану.

Зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негіздемесі. Адамды ең жоғарғы құндылық ретінде танитын тұлғалық білім беру тұжырымдамалары, таным теориялары, ғылыми танымдағы теория мен практиканың үйлесімділігі, теория мен практиканың диалектикалық өзара әсері. Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша психологтардың, педагогтардың тұлға, таным, білім туралы, танымдық әрекет, оқытудың технологиялары, тәрбие жұмыстарының түрлері, ақпараттық сауаттылық, ақпараттық мәдениет, әлеуметтену, елжандылыққа, ізгілікке, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу туралы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін зерделеу. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ж. т. б. Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, зерделеу, салыстырмалы талдау, сұрақ-сауалнама, мониторинг  жүргізу, тәжірибелік эксперимент жұмысын жүргізу, оның нәтижесін бағалау, өңдеу, салыстыру және қорыту.

Зерттеудің жаңашылдығы:

- мектеп сынып жетекшісі жұмысының табыстылығын дамытудың теориялық негіздері

нақтыланды;

- «заманауи сынып жетекшісі» ұғымына анықтама берілді;

- мектеп сынып жетекшісі жұмысының табыстылығын дамытудың педагогикалық- психологиялық шарттары анықталып, заманауи сынып жетекшісінің моделі жасалынды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептердігі сынып жетекшілеріне заманауи сынып жетекшісінің моделін жасау арқылы олардың жұмысына бағыт-бағдар берілуі.

346 0
РАМИНА МАЛИКЖАНОВА, М. Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алматы қаласы, Алатау ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000262
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: