Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI440

Балабақша – бақыт баспалдағы

«…Баланы жан – тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» сол балаға деген сүйіспеншілік мәні осы мамандыққа әкелді.

Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Баланын болашаққа қадам алып, жан-жағымен, қоршаған ортасымен танысып, ең бірінші білім, тәрбиемен сусындайтын орны – балабакша. Сондықтан тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Олай болса заман талабынан қалмай, заманауи болашақ жастарымызды тәрбиелейік. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.

Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. … Бала дүниеге іңгәлап келгеннен кейін, өз отбасымен, өз елімен қауышып, бесіктен түлейді. Бір жасқа толып, аяғын апыл- тапыл басқаннан кейін өзінің жеке – дара бесігінен, «Балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Ұстаз – беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. «Тәрбиеші ең жауапты міндет орындайды – ол адамды қалыптастырады. » М. И. Калинин, айтқандай міне, біздің міндетіміз айқын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан – жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артып отыр. Егемен еліміздің мәңгілік болып, қазақ елінің мәңгі жасауы және «қазақ» атауының ешқашан өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпақтың қолында. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде-бақша өмірінің рөлі зор. «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» дегендей ұямнан алған тәрбиемнен бе, әлде табиғатым сол тірлікті керек етті ме, жасымнан ұстаз – тәрбиеші болуға аңсарым ауды. Бала тәрбиесінің үдерісінен шығу және көзқарастарымды толығымен жүзеге асыру үшін тек тәрбиеші немесе әдіскер болып қалу аздық ететіндей көрінді. «Мың қосшыдан, бір басшы» дегендей басшылық қызметті мойныма алған соң, ертең балабақшамның сыннан абыроймен, мүдірмей өтуі мен үшін үлкен жауапкершілік. Алдымда шамдары самаладай жарқыраған, ақ шаңқан, әдемі ғимарат. 2 Аулада жүздері бал – бұл жанып, бақытты балалық шақтарының асқарында алаңсыз сайраңдаған бүлдіршіндер. Бақшаның ішіне ендім…. . Алдымда жарқын жүзді адамдар, маған ізет көрсетуде. Бір сәт кеудемді қуаныш кернегендей. «Меңгеруші» бөлмесіне еніп, терезеден сыртқа назар аудардым. Манағы өзім көрген бүлдіршіндерім мәре-сәре болып, аулада ойнап жүр. Сол сәтте көңілімді қуаныш кернеді. Педагогтардың кәсіптік деңгейі — балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады. Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік — өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері. Біздер балаға қиындығы мен қарама — қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десек артық болмас. Болашақ заңгерлерді-әділдікке үйрету, дәрігерлерді-жауапкершілікке баулу, мейрімділікке үйрету, құрылысшыларды-нақтылыққа тәрбиелеу-барлығы біздің колымызда. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейрімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Балабақшадағы оқу қызметтері бес сала бойынша іске асып барлығы ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады. Тілін дамытып ортаға биімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын, ұзын қысқа, үлкен кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстап өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі зор. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. 

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Балабақшаны бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына деп білуіміз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы. Сөзімді «Тәрбие –тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылағым келеді. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!

821 0
АЙША ДАУЛЕТБАЕВА, Қайрат ауылы «Мөлдір бұлақ»бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000241
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: