Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI434

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Қазақстанда білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа жүйесі біраз талаптарды түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Бірқатар нормативтік құжаттарда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарқынды, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау шарты ретінде қарастырылады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осыған орай «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар жасалып, оның мақсаты мен міндеттері айқындалды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге

болады. «Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional literacy) - дағды мен білімді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны дамытуға, жаңа білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа техниканы қолдануды игеру, кәсіби міндеттерді жетік меңгеру, жанұялық өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу. Функционалдықсауаттылық дегеніміз кең мағынада, адамзаттың сан салалы іс-әрекеттері мен білімнің (бірінші кезекте жалпы білімнің) интеграциялық байланысы, тұлғаның әлеуметтік бейімделу тәсілдері. Функционалдық сауаттылық деп құзыретті және тиімді іс-әрекетті айтады. Оған адамның қызығушылығын жүзеге асыру және адамның қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасы байланысты болады.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған Ұлттық жоспарды жүзеге асыруда қазақстандық ғалым педагогтардың тың еңбегі педагогикалық тәжірибелерге енгізілуде.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.

Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс- тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің өзіндік маңызы бар. Осы пәндер бойынша алған білімін оқу және практикада пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыратын оқытудың инновациялық әдістерін, соның ішінде СТО стратегияларын және ақпараттық- коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тапсырмаларын әзірлеу басты назарға алынуда Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмаларды ұсынудағы негізгі міндеттердің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасайды.

Қорыта келе, отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалдық сауаттылықты арттыруға баса назар аударсақ тиімділігін дәлелдеген нәтижелерге жетуге болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған жаңартылған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерінен алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

499 0
ФЕРУЗА АБДУКАДИРОВА, С. Рахимов атындағы жом КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Туркістан облысы, Туркістан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000235
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: