Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI431

Бастауыш сынып оқушыларының тіл мәдениетін дамыту

Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдіс – тәсілдерді талап етеді. Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс деп санаймын. Ауызша тіл дамыту әдістері осындай жүйеде жүргізіледі: 1.Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады. 2. Мәтін оқу әдісі Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады. 3.Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады.                                     Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады. 4.Жазбаша жұмыстарды:1)Хабарлау 2) Баяндау 3)Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады. Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі – шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады. 5. Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі. Өз ортасына байланысты «Менің досым», «Менің әкем», «Менің күшігім» т. б 6. Мәнерлеп оқу әдісі Тіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. «Қай ертегіде кездесемін?», «Мені білесің бе?» деп алып кейіпкерлердің үлкейтіп салынған суреттерін көрсету арқылы кім екенін, қай ертегіде кездесетінін айтқызып, мінездеме бергізу арқылы білгендерін ауызша жеткізе білуге үйрету жұмысы да тіл дамытудың негізгі бір жолы болып саналады. Мұның өзі оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың өзін сөйлету арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау - тапсырмаларға жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске негізделіп жазылған үлеспелі кестелерді толтыру т. б. Әдістер үзбей ақтарылып отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз. Мектепте түрлі әдіс - тәсілдерді, мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушының тілін дамытуға, тіл байлығын, тіл мәдениетін арттырып, тәрбиелеуге үлкен мән берген жөн. Ана тілді жетік білу, қастерлеу, ардақ тұту да осыдан келіп шығады.


339 0
САИДА ИСКАКОВА, С. Рахимов атындағы жом КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Туркістан облысы, Туркістан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000232
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: