Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI424

Кітап ақылына ақыл сұрамайтын алтын қазына.

2 «Е» сынып оқушысы Кадырхан Ералы«Кітап-ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» шығармашылық жобасына

 

          АННОТАЦИЯ

       Тәуелсіз еліміздің болашағы – дара тұлға, жас ұрпақты бүгінгі ақпараттық құралдар жан-жақты дамыта алмайды. Себебі экран беттері мен интернет торабында негізінен шет елдік жеңіл-желпі фильмдер, мағынасы жоқ мультфильмдер, зорлық-зомбылық насихаттайтын кинофильмдер. Баланы жан-жақты дамытатын танымдық дүниелер аз. Дегенмен, соңғы кезде қазақ ертегілері желісінде отандық мультфильмдер, балаларға арналған танымдық бағдарламлар түсіріле бастады. Өкінішке орай, оны тамашалайтын балалар өте аз. Ералы өз жобасында осы ақпарат құралдары мен кітап оқуды салыстыра келіп, кітап оқудың артықшылығын дәлелдейді.

            Зерттеу мақсаты:

          Мектеп күн тәртібіне өзгеріс енгізу арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сол арқылы оқу техникасы мен сауаттылықты көтеру және кітап оқудың қандай пайдасы бар екендігін өз қатарластарына жеткізу, насихаттау, қазіргі ақпарат құралдарынан кітап оқудың артықшылығын көрсету.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:

Мектепшілік зерттеу нәтижесін оқушылар ұжымымен бірлесіп іске асыру мүмкіндігі. Зерттеуге оқушылар, мұғалімдер ұжымы түгелдей дерлік атсалысты, себебі зерттеу нысаны – ұжым. Барлық нәтиже ұжым үшін маңызды. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеулеріне қолайлы жағдай туындады (өзара кітап алмасу, оқығандары туралы пікір алысу, көріністер дайындау т.б.).

Тақырыптың өзектілігі:

Білімнің, рухани қазынаның қайнар бұлағы, өзіңді, өзгені, өмірді түсінудің жолы кітап оқу екендігін барынша ашу және дәлелдеу.

Ералы жұмысында өзі оқыған кітаптарынан неге үйренді, нені алды, қандай қылықтардан жирену керектігін өз қатарластарымен бөлісіп, пікір қорытындысымен таныстырады. Зерттеу барысында жинақталған материалдарынан 2-4 сынып аралықтарындағы оқу техникасы, сауаттылық, оқырмандар саны қаншалықты өскенін көре аламыз. Әр сынып, әр оқушы қандай және қанша кітап оқыды, оқығандары бойынша қандай іс шараларға қатысты, олардың берген нәтижесі нақты көрсетіледі. Ералының ұсынысымен мектеп күн тәртібіне енгізілген 15 минуттың нәтижесі өз жемісін бергенін көреміз. Жүргізілген зерттеулер бойынша кітап оқуға байланысты өз тұжырымын жасап, жоба авторы және мектептің өзін өзі басқару комитеті бірлесіп, ата-аналарға, оқушыларға арналған танымдық –жарнамалық парақшалар әзірледі. Бұл бір жылғы зерттеу нәтижесі ғана, болашақта Ералы өз жұмысын жалғастырып, кітап оқудың артықшылығы туралы тың ойларын ортаға салады. Осы жылғы жұмысы бойынша төмендегідей ұсыныстар жасады:

  1. Келесі оқу жылынан бастап кітап оқу сағатын 30 минутқа ұзарту;
  2. Кітапхана қорын қазақ жазушылар әдебиетімен толықтыру;
  3. Республикадағы орта мектептерде де кітап оқу сағаттарын енгізуді ұсыну;
  4. Кітапты бірлесе оқып, ой бөлісу үшін тұрақты оқырмандар конференциясын өткізіп тұру.

 

              КІРІСПЕ

         Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан әрбір адам кітап оқуды күнделікті әдет қылу керек. Бірақ соңғы кезде қолына мүлде кітап ұстамайтын оқушылардың көбейіп келе жатқаны ашты болса да шындық. Көпшілігі комикс, журналдар, ал мектепте оқу бағдарламасына сәйкес берілген көркем шығарманың үзіндісін оқумен шектеледі. Осындай жағдаймен күресуге болама, оны түзетудің жолдары бар ма? Әлде, ақпараттар ғасырында мұның қажеті жоқ па? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

            

      Шынында да бүгінгі жасөспірім өзіне керекті ақпараттың бәрін теледидар, компьютерлік желі арқылы алып отырғаны даусыз. Бұл бүгінгі өмір ағымы, өмір шындығы. Бірақ жас ұрпақты бүгінгі ақпараттық құралдар жан-жақты дамыта алмайды. Себебі экран беттері мен интернет торабы негізінен шет елдік жеңіл-желпі фильмдер, мағынасы жоқ мультфильмдер зорлық-зомбылықты насихаттайтын кинофильмдер. Баланы жан-жақты дамытатын танымдық дүниелер аз. Бұлардың бәрі кітаптың орнын баса алмайды.

   Менің жобамның негізгі мақсаты мектеп күн тәртібіне өзгеріс енгізу арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сол арқылы оқу техникасы мен сауаттылықты көтеру және кітап оқудың қандай пайдасы бар екендігін өз қатарластарына жеткізу, насихаттау, қазіргі ақпарат құралдарынан кітап оқудың артықшылығын көрсету.

       Тақырыптың өзектілігі – білімнің, рухани қазынаның қайнар бұлағы, өзіңді, өзгені, өмірді түсінудің жолы кітап оқу екендігін барынша ашу және дәлелдеу.

          Зерттеу жұмысының міндеттері:

            Мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылықтарын зерттеу;

            Ата-аналардың баланы кітап оқуға тәрбиелеуі мен ықпалын зерттеу;

            Мектеп кітапханасындағы кітап қоры мен сұранысқа ие кітаптар тізімін анықтау;

   Кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту жолдарын іздестіру;

   Мектептегі барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушылар ұжымын біріктіріп, кітап оқудың пайдасын насихаттау.

Зерттеу әдістері: оқушылар мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу және оның қорытындысы бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеу нысаны бойынша алынған мәліметтерді салыстыру, саралау, іс жүзінде пайдалану, тиімді, тиімсіз жақтарын анықтау.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:

Мектепшілік зерттеу нәтижесін оқушылар ұжымымен бірлесіп іске асыру мүмкіндіктерін пайдалану.

Кітапхана саласындағы мамандардың жұмысын жетілдіріп дамыту.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Мектептің күн тәртібіне күнделікті кітап оқу сағаттарын енгізу арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу техникасы мен сауаттылықты көтеруге ықпал ету, кітаптың ақпараттық құралдарға қарағанда жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер ету артықшылығын көрсету.

Зерттеу жаңашылдығы мен өзбеттілік деңгейі:

Зерттеуге оқушылар, мұғалімдер ұжымының түгелдей дерлік атсалысуы, себебі зерттеу нысаны – ұжым. Барлық нәтиже ұжым үшін маңызды. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеулеріне қолайлы жағдай туындайды (өзара кітап алмасу, оқығандары туралы пікір алмасу, көріністер дайындау т.б.).

Зерттеу базасы: Өскемен қаласы, №49 жалпы білім беретін мектебі.

 

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

 

            Кітапты міндет болғандықтан емес, ләззат алғандықтан оқу Адамзаттың асыл қазынасы кітап туралы философ Ф.Бэкон былай ой түйіндейді: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі». Кітаптан адам баласы өмір сүруге қажетті азық алып, оны қажетіне жаратады. Ой кемесі адамдарды ізгілік пен руханилыққа жетелеп, надандық шырмауынан құтқаруға, жағаға алып шығуға көмектеседі. Жағаға шыққан адам неде болса алға ұмтылып, көздеген мақсатына жетуге асығады. Осындай адамның ажырамас бір бөлшегіне айналған баға жетпес дүние – кітаптың мәні мен маңызы ескеріліп, 1996 жылдың 23 сәуірі ЮНЕСКО көлемінде «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып бекітіліп жарияланған болатын.

            Мен өзімді қызықтырған тақырыпты зерттеуді мектеп оқушылары және ата-аналар арасында сауалнама жүргізуден бастадым. Сауалнаманың мақсаты оқушылар қаншалықты және қандай кітап оқығанды ұнатады, олардың ата-аналары баланы кітап оқуға қалай тәрбиелеп жүр, өздері кітапты қалай таңдайды және жалпы кітап оқуға деген көзқарастарын анықтау болды.

            «Ахмер» орта мектебінде _____________ оқушы мен оның ата-анасына жүргізілген сауалнама.

            Құметті ата-ана!

            Шығыс ойшылы Әлішер Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген екен. Төменде Сіздерге кітап оқуға байланысты сұрақтар беріп отырмыз. Осы сұрақтарға шынайы жауап берулеріңізді сұраймыз.

  1. Балаңаз қалалық кітапханалардың біріне жазылған ба                                                                                           
  2. Кітап дүкеніне барғанда балаңыздың өзі таңдаған кітабын әпересіз бе, әлде Сіздің кеңесіңіз, ұсынысыңыз бойынша сатып аласыздар ма?
  3.  Кітап сатып аларда несіне көңіл аударасыз?
  4.  Балаңызға кітап оқып бересіз бе?
  5.  Өзіңіз оқыған кітабыңыз туралы балаңызбен әңгімелесесіз бе?
  6.  Үй кітапханаңыздағы кітаптар негізінен қандай тақырыпта?
  7. Кітапханаңызда қай тілдегі шығармалар көп?
  8.  Балаңыз қандай тақырыптағы кітаптарды сүйіп оқитынын білесіз бе?
  9.  Балаңызды кітап оқуға Сіз итермелейсіз бе, әлде өз көңілімен оқи ма?
  10.  Кітап оқығаны үшін балаңызды мадақтайсыз ба?

Құрметті оқушылар!  

            Шығыс ойшылы Әлішер Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген екен. Төменде Сіздерге кітап оқуға байланысты сұрақтар беріп отырмыз. Осы сұрақтарға шынайы жауап берулеріңізді сұраймыз.

  1. Қала кітапханаларына барып тұрасың ба?
  2.  Кітап дүкендерінен кітап сатып алғанда өзің қалаған кітапты аласыңба, әлде ата-анаң кеңес берген кітапты аласың ба?
  3. Ата-анаң саған кітап оқып бере ме?
  4.  Қандай кітаптар оқыған ұнайды?
  5.  Үй кітіпханаңдағы кітаптар қай тілде?
  6.  Оқыған кітабың туралы ата-анаңмен ой бөлісіп, әңгімелесесің бе?
  7.  Кітап оқуға ата-анаң мәжбүрлей ме, әлде өз еркіңмен оқисың ба?
  8.  Кітап оқуға уақытың бар ма?
  9.  Кітап оқығаның үшін ата-анаң сені мадақтай ма?
  10.  Мектеп кітапханасында қандай кітаптардың көп болғанын қалайсың? (бірнеше жауап болуы мүмкін)

Оқу жылы басында алынған сауалнама қорытындысы бойынша мынандай тұжырым жасадық:

Оқушылар кітап оқығанды ұнатпайды. Ата-аналар баласының кітапқұмар болғанын қалайды, бірақ кітап оқыту жолын қалай, неден бастауды біле бермейді. Сол себепті мен мектеп кітапханасына барып, кітапханадағы кітап қоры, кітап баспасы, оқушы оқырмандар туралы ақпарат жинадым. Жеке оқушылармен әңгімелесіп, кітап оқу несімен қызық немесе неге қызықтырмайды деген сауалға жауап іздестіріп көрдім:

  1. Кітапты оқуға ата-анасы мәжбүрлеген бала ешқашан кітап оқығысы келмейді.
  2. сынып оқушысы: «Мен алғаш әріптерді үйреніп, буыннан сөз құрап оқи бастағанда оқыған маған өте ұнайтын. Әрине, мен қате жіберетінмін. Сол кезде ата-анам маған қате сөзді қайталатып оқытатын. Қате жіберсем, бірнеше рет қайталататын. Дұрыс оқымағаным үшін маған дауыс көтеретін, ұрсатын. Яғни, қате оқысам «жазаландым», ал дұрыс оқығаным үшін мадқтау естімедім. Оқу мен үшін қайғы, қасіретке айналды. Күнделікті 10-15 рет оқымасам, өзімнің сүйікті ісіммен айналысуға рұқсат берілмеді. Кітап оқығым келмейді!»

Осы оқушының әңгімесінен кейін мен кейбір ата-аналардың «менің балам неге кітап оқығанды ұнатпайды?» деген сұрағына жауап тапқандай болдым. Кітап оқуға мәжбүрлеген бала ешқашан кітапқұмар болып өспейді.

  1. Өз еркімен, өз таңдауымен оқыған бала кітапқұмар болып өседі.

Орыстың балалар жазушысы, ақыны және психология ғылымдарының кандидаты Вадим Левин осы мәселе жөнінде төмендегідей кеңестер береді:

Бала әлі сөйлей алмайтын кезде оған кітап оқи бастаңыз. Өзі оқи алатын жасқа келсе де бұрынғы әдетіңізді жалғастыра берңіз. Балаңызбен кезектесіп, рөлге бөліп, оқыған дүниеңізден рахат ала алып оқыңыз.

  1. Психологиядағы «аяқталмаған әрекет» принципін ұстаныңыз, оқиғанаың ең қызықты жеріне келгенде «шұғыл шаруаға» тұрып кетіңіз (кешір, мен қазір келемін, біз мына жерге келдік). Біраз уақыт өткен соң ары қарай не болғанын сұраңыз.
  2. Балаңыздың көзінше өзіңіз де кітап оқыңыз. Балаңыз кітап оқудан ләззат алатынын түсінсін.
  3. Балаңыз тек комикс немесе белгілі бір тақырыпты ғана оқыса, басқаны оқуға мәжбүрлемеңіз. Өзіне сурет салу арқылы әңгіме жазуды ұсыныңыз.
  4. Өзі ұнатқан журналын алып беріңіз. Себебі кітап оқымаса да журнал оқуды бастасын.
  5. Достарының қандай тақырыпта оқитынын біліңіз, себебі ата-анадан гөрі өз құрдастарын тез түсінуі оларды тыңдауы мүмкін.
  6. Әртүрлі жанрды байқап көріңіз, мүмкін балаңыз әлі өз жанрын анықтамаған болар.
  7. Баланың бөлмесінде немесе арнаулы сөреде оның өз шағын кітапханасын жасап қойыңыз.
  8. Балаңызды кітапханаға жазып қойыңыз. Бірақ кітапханаға баруға мәжбүрлемеңіз.
  9. Кітап дүкеніне бірге барыңыздар және балаңыз өзі ұнатып, таңдаған кітабын алсын.


1.2 Оқуға тәрбиелеу

Мен оқушылармен болған жеке әңгімеден соң мектеп әкімшілігіне барып, өз ойыммен бөлістім. Оқуға қалай тәрбиелеуге керек, мектепте, не істеуге болады деген сұрақтар мені мазалайды.

Біріншіден, біз оқушы кітап оқуды неге ұнатпайды, оның қандай себептері бар деген сауалға жауап іздедік. Себеп өте көп екен: ата-ананың тым қатты мәжбүрлеуі, мұғалімнің қызықтыра алмауы, үлкендер тарапынан дұрыс бағдардың берілмеуі т.б.

Екіншіден, кітап оқуға тәрбиелеудің төмендегідей тәсілдерін ұсындық:

  1. Баланың әрбір оқыған дүниесін бірге талқылау, пікір алысу.
  2. Ешқашан мәжбүрлемеу, қатесі үшін ұрыспау.
  3. Өз таңдауына келісу.
  4. Бастағанын аяқтамаса, мәжбүрлемеу, іздену үстінде екенін ескеру.
  5. Әсіресе, бастапқы кезеңде мұқият болу, әрбір жетістігін мадақтау, құптау.
  6. Әр сыныпта кітап бұрышын ұйымдастыру.
  7. Күн тәртібінде күнделікті 8.15-8.30-ға дейін кітап оқуды ұйымдыстыруды енгізу.
  8. Оқыған кітап кейіпкерлерінің суреті, макет, буклеттер т.б. көрмелерін ұйымдастыру                                              Кітапты міндет болғандықтан емес, ләззат алғандықтан оқы.

     Кітапты таныстарыңның бәрі оқығаны үшін оқуға тырысудың қажеті жоқ. Достарыңның арасындағы әңгімеден шеттеп қалмауға әрекеттеніп, өзіңді қинап, әріптен әріпті ажыратпай, мағынасыз оқи берудің зиян екенін ұмытпа. Өзіңе қызық кітаптарды тауып ал да өзің барғың келетін әлем туралы оқуға тырыс. Егер кітап бұл талаптарыңа жауап бермесе, әуре болма.

Оқуға уақыт табуға тырыс

Кітап оқуға уақыт табу көбіне қиын. Сабақтан шаршайсың, әр уақытың есептеулі, достарыңа көңіл бөлу керек; әлемнен шет қалмау үшін интернетте сағаттап отырасың, теледидар қарауға көп уақыт жұмсайсың, таусылмайтын сериалдар қарайсың. Кітап оқуға күніне кішкене уақыт бөлуге тырыс. Мейлі ол 10 минут қана болсын, - ең құштарлы 10 минут. Кейін әдетіңе айналғанда, ол уақытты 20-30 минутқа көбейтуіңе болады. Инстаграмм, ватсапп достарыңмен қажетсіз әңгіме айтқаннан, осы әлдеқайда пайдалырақ.

Оқығанда, ештеңеге көңіл аударма

Кедергі болатын барлық нәрседен алысырақ жайғас. Тыныш әрі жайлы орын тауып ал. Өзің таңдаған кітабыңмен бетпе-бет қал – сен және кітабың. Егер қолың бір нәрсе жасуға талпынып отырса, бір кесе шәй ішумен алдарқат. Барлық электронды құрылғылардан аулақ отыр. Еліктіретін факторлардың сенен барынша алыста болғаны дұрыс. Алдында планшет, ноутбук қосылып тұрса, поштасын тексеруге көңілің ауып тұратыны бар. Сондықтан өзіңе ыңғайлы орында оқып, ешкім және ешнәрсе кедергі келтірмеуіне көңіл бөл.

Атүсті, шала оқыма

Оқуды өзіңнің күнде жасайтын міндетті жұмысыңа айналдырма. Оған тезірек аяқтайтын тапсырмалар тізіміндегі кезекті шаруа деп қарама. Ұмытпа, ол өзіңді дамыту жоспарындағы орындалуы тиіс пункт емес. Оқыған кітаптар тізіміңді көбейту үшін де әуре болма. Кітап оқу сенің өміріңді қызықты ету жоспары бойынша жасалуы тиіс.

Егер кітап қызық болмаса, ұнамаса, оқуды әрі қарай жалғастырма

Кітап оқу міндет болғандықтан емес, ол процестен ләззат алғандықтан оқы. Егер кітап қызық болмаса, оқуды күштеп жалғастырма. Кітаптың алғашқы тарауында жалыға бастасаң, ойланбастан келесі кітапқа көш. Мүмкін бұл кітап сен үшін емес шығар. Мүмкін қазір бұл кітаптың уақыты емес шығар. Есіңде сақта, кітап  оқудан ләззат алуың керек.

Өзіңе қызық кітаптарды ашуға тырыс.

Оқылған кітап туралы өзге кітап сүйер достарыңмен ой бөліс. Кітапқа жазылған рецензиялар мен шолуларды оқы. Кейде болса да кітап дүкендері мен букнистік дүкендерді аралап шығуды ұмытпа. Дәл сол жерлерде өзіңе қызықты кітаптарды тауып ала аласың. Кітапхана – тыныштық пен кітап оқудың магиялық күшін сездіретін нағыз кітап сарайы. Ол жердегі кітап парақтарының ашылған даусы мен иісінің өзі жалықтырмайды. 

2.3 Күнделікті 15 минут бізге не берді?

Қазан айынан бастап күн тәртібіне енгізілген 15 минуттық кітап оқу өз жемісін бере бастады.

2-4 сынып аралығында оқу техникасы 20%-өсті.

2-4 сынып аралығында сауаттылығы 35-40%-өсті.

Оқыған кітаптары бойынша сахналық көрініске, рөлді ойындарға, әртүрлі көрмелерге қатысқан оқушылар саны өсті.

 

Қорытынды


 Адамзат балсының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрапққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» -  деген еді Ғабит Мүсірепов.

 

Қазақ балаларын әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша, қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «ата-ана, балабақша, мектеп, кітапхана, мұғалім» деген ара-жігі ажырамайтын бірлестік жұмыс жасау қажет. Ата - ана бала өмірге келгеннен бастап әдемі сөздер мен аңыз, ертегілерді бала бойына сіңіре беруі керек. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдыретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата-анасының біреуі айына бір рет баласының жұмысын кітапханаға келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың  кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата-ана жауапкершілігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайыстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадқатау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау, не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.

.

Жоғарыдағы зерттеулерім бойынша менің ұсынысым:

- Келесі оқу жылынан бастап кітап оқу сағатын 30 минутқа ұзарту;

- Кітапхана қорын қазақ жазушылар әдебиетімен толықтыру;

- Республикадағы орта мектептерінде де кітіп оқу сағаттарын енгізуді ұсыну.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ғылыми-әдістемелік журнал топтамасы 2011ж. №5; 7; 11.
  2. Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар. Қазақ әдебиеті.-2009.-№1.
  3. Дәулетова Н. Кітап оқуға тәрбиелеу, Алматы, 2007
  4. Жөкебаев Ж. Кітапхана қызметіне көмек. Қазақ әдебиеті. – 2006. -№5.
  5. Кәрішалова К. Балалар әдебиеті мәселелері. Саясат. – 2006. - №3.
  6. Кітапхана әлемі. Журналдар топтамасы 2009-2010 ж.ж.
  7. Тепіралиева А. Асыл мұра Алматы, 2010 ж.
1 298 0
1)Гульназ Нугуманова, 2)Ералы Кадырхан ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "49 жалпы білім беретін мектебі "КММ бастауыш сынып мұғалімі, 2 сынып оқушысы Ұлы Дала Ұстазы № 000256
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: