Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI416

Мектепалды даярлауда инновациялық технологияларды тиімді қолданудың маңызы

ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабының 2-тармағында: «Мектепке дейінгі дайындық білім беру жүйесінің бастапқы интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін жағдай жасайды. Мектепке дейінгі дайындық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады»-деп мектепке дейінгі білім беру мен мектеп арасындағы сабақтастықтың маңызын атап көрсетті [1,7].

Мектепке дейінгі дайындықтың міндетті екенін, баланы отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда мектепке дайындаудың мүмкіндігі қарастырылғаны заңмен бекітілген. Балаларды мектепке даярлау білім беру ұйымдарында тегін жүзеге асатыны да қарастырылған. Балалардың жан-жақты психо-физиологиялық, әлеуметтік, зияткерлік, тұлғалық т.б. дайындығының маңызы зор.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындаудың  негізгі міндеті:  балалардың мектепте оқуға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Бұл міндет педагогтің балалармен,  ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау, баланың еркін қызметін қалыптастыру арқылы іске асырылады. Әр баланың  мектепте оқуға ынтасын қалыптастыруды, жаңа ортаға тез бейімделуіне жағдай жасап, алдын-ала мектеп әкімшілігімен келісім жасаумен жүзеге асады. Балаға мектепте оқудың артықшылықтары мен жағымды жақтарын айтып түсіндіріп, баламен мектепке экскурсия ұйымдастыру қажет.  

Мектепке дейінгі жастағы балаларды білімқұмарлыққа баулуда, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға және қоршаған ортаға бейімделуіне алған білімдері мен тәжірибелерінің маңызы зор. Бұл мектеп жасына  дейінгі балалардың   ерте дамуына ықпал етудің тиімді тәсілдерін қарастырады. 

Мектепалды даярлық топтарында педагогикалық процесті жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі-интерактивті тақтаны пайдалану болып табылады. Білім беру процесінің жүйелілігі мен бірізділігін сақтай отырып жүзеге асырамыз.  

Балалардың мектепте оқуына төмендегідей мүмкіндіктердің жасалуы көзделген. Олар: 

- балалардың физикалық дамуына жағдай туғызу; 

- тәрбиелеу   процесін жетілдіру; 

- балалардың толыққанды білім алуына инклюзивті білім беруді жүзеге асыру;

- балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу;

-мектепте оқуға қызығушылықтарының оянуының маңызы зор. 

Білім саласындағы өзгерістер жас ұрпақты жаңаша ойлауға, жаңа бағытта білім алуға жетелейді. Баланың бойындағы дарынын ашып, тәрбиенің ең озық үлгілерін баланың бойына қалыптастыру-мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Осы орайда, мектепке баратын   балаларды интерактивті тақтаның көмегімен мектепке дайындау, оқу жазуды меңгерту, мектепке тез бейімдеудің мүмкіндіктері  мол.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар қолданудың көптеген артықшылықтары бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлауда заман талабына сай осы технологияларды пайдалану-уақыт талабы болып отыр. Инновациялық технологияны әр балабақша оқу қызметінде өздері таңдап алады. Бұл мектепке дейінгі бағдарламаның мазмұны шеңберінде болғаны жөн. Үлгілік бағдарлама мазмұны төмендегідей ерекшеліктерді қамтиды. 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының құрылымы мен мазмұнындағы және оның әдістемелік кешенінің басты ерекшеліктері: 

- балалардың жас кезеңдерінің ескерілуі; 

- білім беру салаларының өтпелі тақырыптар арқылы кіріктірілуі; 

-баланың білім, білік және дағдыларының жасына сәйкес даму деңгейінің көрсеткіші; 

- күтілетін нәтижеге бағдарлануы; 

-білім беру үдерісінің өтпелі тақырыптар жүйесімен ұзақ мерзімді (перспективалық) және қысқа мерзімді (циклограмма) жоспарлануы; 

-баланың бағдарлама мазмұнын игеру деңгейін анықтаудың әдістемелік ұсынымдарының жүйеленуі»-деп, мектепке дейінгі білім берудің ерекшеліктерін атап көрсетеді [2,13].

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жаңа технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез–келген нақты формасын тиімдірек етіп атқарып, адамның қызметі жеңілдеп, адам өркениетті бола бастады. Бұрынғы уақытта ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, қазіргі уақытта оқу рдісінде жаңа технологияларды пайдалану бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи әрі басты құралы болып саналады. Олай болса, балабақшадан бастап, ақпараттық технологияларды пайдалану, оқу қызметтерін жаңаша үлгіде ұйымдастыру–бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып табылады. 

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыруда инновациялық әдістемелік қызметті ұйымдастыру өте маңызды және қажетті шарт болып отыр.

Инновация (ағылшынша innovation)-жаңашылдық деген мағына береді. Балабақшада инновациялық әдістемелік қызметті ұйымдастыру тәрбиешінің шығармашылық күш-жігерімен алынған жаңартылған, жетілдірілген және ерекше идеяларды оқу процесіне енгізуді қамтиды. Білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды  оқу үрдісіне енгізуді жан-жақты зерттеп, тиімділігін дәлелдеген зерттеу еңбектеріне талдау жасаймыз. 

К.Ж.Бұзаубақова өз еңбегінде: «Инновациялық технологиялар–бұл білімнің басым   мақсаттарымен біріктірілген   әдістемелердің жиынтығы болып табылады. Оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан жаңа мүмкіндіктер»-деп пікір білдіреді [3, 19-20б]. 

Бұл инновациялық білім берудің  әдісі балаға жаңа материалды жылдам әрі тиімді меңгертуді көздеп, оқу-тәрбие үрдісін жаңартуға бағытталады. Инновация термині тек білім беру саласында ғана емес, қоғамның көптеген салаларында қолданылып жүр. Оның ішінде білім саласындағы инновация ұғымының мәні зор. Мектепке дейінгі балаларды жан-жақты дамыту, қоғам дамуына сай білім мен тәрбие беруде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы ұйымдасқан оқу қызметін өткізудің өзіндік ерекшеліктері бар.   

Балаларды жан-жақты мектепке даярлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері балалардың денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, сапалы білім мен тәрбие алуды да қамтамасыз етеді. 

Білім беру үдерісінде интерактивті оқыту негізіне жататын барлық оқу мазмұны балалардың таным үдерісін дамытатындай бағытта болуы қажет. Мектепалды даярлауда баланы интеллектуалдық дайындау оқытуға дайындық ғана емес, болашақ өмір сүруге де міндеттейді, талап етеді. Сөйтіп бала оқушының позициясын біртіндеп қабылдап алады. Осы жаста баланың мектепке баруына түрткі болатын жайттар-жаңа портфель, оқу құралдар, жаңа достар табу, сынып т.б. ұғымдар маңызды рөл атқарады. Бірақ бұл баланың ішкі дүниесіне яғни оқуға деген ынтасымен өзінің талаптарын басқаруға жеткіліксіз болып табылады. 

Мектепалды даярлық топтарындағы балаларды мектепке даярлауда төмендегідей міндеттер қарастырылады: 

  1. балаларға сапалы тәрбие мен білім беру;
  2. балалардың дене дамуына баса назар аудару; 
  3. эмоциялық көңіл-күйі, интеллектуалдық дайындығын қамту; 
  4. мектепке сапалы дайындықтың болуын қамтамасыз ету; 
  5. отбасымен тығыз қарым-қатынас орнатып, баланың дамуына мүмкіндік туғызу»-деп зерттеулерде  көрсетілген [4,13].  

         Балаларды мектепке даярлауда олардың жеке басының дамуы, психикалық ерекшеліктері, отбасындағы, мектепке дейінгі ұйымдағы қамқорлық көрсетуі маңызды болып табылады. Егер баланың дене немесе психикалық ерекшеліктерінде бұзылулар болса, арнайы білім беру орындарында сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Баланы мектепке жан-жақты дайындауда отбасымен тығыз қарым–қатынас орнату қажет. Бұл баланың жеке ерекшеліктерін, мінез-құлқын білуге, сол ерекшеліктерге сәйкес жұмыс жүргізуге ықпал жасайды.          

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды мектепке даярлауда төмендегі факторларды басшылыққа алу қажет. Оларды төмендегідей жіктеп көрсетеміз: 

-интерактивті тақтаны пайдалануды тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету,

- оқу қызметінің мазмұны ашылып,  жүйелілігі мен бірізділігі сақталуы қажет;

-ұйымдастырылған оқу қызметінің өткен тақырыппен байланысы;

-оқу қызметінен тыс уақытта балалардың меңгерген білімдерін тиянақтап, пысықтап отыру;

-балалардың жас ерекшелігін ескерумен сипатталады. 

Мектеп жасына дейінгі балаларға интерактивті тақта арқылы білім беру оқыту  қызықты болып табылады. Тәрбиеші оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерімен бірге, инновациялық тәсілдерді де  қатар пайдаланады. Бұл оқыту сапасын арттырып, білім деңгейі әр түрлі балаларды оқытуға бағыттап, балаға жаңа оқу қызметінің мазмұнын жеңіл меңгеруге көмектеседі. Бала ақпаратты тез қабылдап, оны түсініп, жазып, орындап яғни әрекет етіп жүзеге асырады. Интерактивті тақта арқылы оқытудың тиімділігі балаларды  қысқа мерзімде  мектепке дайындаумен ерекшеленеді.  

Қоғамның қажеттіліктері мен ғылымның жетістіктері инновациялық қызметті ұйымдастырушылардың   білім беруді жаңартуды,   ұйымдастыру формаларының   тиімділігін арттырудың жолдарын қажет етеді. Осы орайда,  тәрбиешілердің игерген білімдерін кеңейтіп, біліктілігін жетілдіріп, өздігінен іздену мүмкіндігіне бағыт беріп, құзыреттілігін шыңдауға  ықпал ету керек. Жалпыға міндетті білім беру стандартының жалпы ережесінде педагогикалық үдерістің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осыған орай, балабақшада оқыту тәрбиелеудің басты құралы–бағдарламалардың мазмұны жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысына инновациялық  бағытта жүргізілген жұмыстар  елеулі өзгерістер әкелді. 

Мектеп жасына дейінгі баланың қызығушылығын қанағаттандыра отырып, әр баланың жеке даму ерекшелігіне сай білім беруді көздейді. Баланың мектепке дайындығын қамтамасыз етуде жаңа білім мазмұнын қолдануды міндеттегенін көреміз. Баланы мектепке дайындаудың формалары үнемі ізденісті, жетілдіруді қажет етеді. Бұл   баланың мектепке дайындығына әсер ететіндей сипатымен маңызды. 

 

Пайдаланған әдебиеттер 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2016. 22.12. (ҚР 2016ж 9-сәуір №501-V).

2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы).

3. К.Ж.Бұзаубақова Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану маңыздылығы. 

4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу:әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2013. – 32 б.

 

360 0
Ирина Султангалиева, №88-мектеп-лицейі мектеп алды даярлық сыныбы тәрбиешісі Нұр - Cұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000252
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: