Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI415

Бала тәрбиесі - болашақтың жарқын бейнесі

Бала тәрбиесіне қашанда қазақ халқы ерекше көңіл бөлгені, үлкен жауапкершілікпен қарағаны бәрімізге де аян.

Бала бойындағы  ізгі қасиеттер, рухани құндылықтар мен қатар адамгершілік құндылықтар ата-анасынан, ата-әжесінен, яғни отбасы мүшелерінен, мектепте, әлеуметтік, қоғамдық ортада қалыптасады, толысады. «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанды соны ілер» деп бекер айтпаған, бала тәрбиесінде ең маңызды  сәт, қанаты қата бастаған сәті. Ал бұл кезеңде, ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Әке-отбасының қамқоршысы, қорғаны, тірегі. Бала әкесінен батыл, отбасы, ел қорғаны болуды бойына сіңіреді, парасаттылыққа үйренеді. Ал ана-отбасының ұйтқысы, жылуы. Анасынан жан-жағына мейірімділікпен қарауды, сүйіспеншілік, махаббат секілді сезімдерді бойына сіңіріп, өседі. Ата-анаға үшін де баладан артық ешкім жоқ,солар үшін өмір сүреді. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан кез-келген ата-ана  баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды, және  солай болуына ат салысады.

 Бала   ең алдымен тәрбиені үйден алатын болса, екінші тәлім тәрбие беруші- ол  мектеп, ұстаз. Мектеп – келешек ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын болып табылады. Тәрбие жүйесінде мектептің, ұстаздың алар рөлі ерекше. Себебі, қазіргі таңда бала уақытын көбіне мектеп қабырғасында өткізеді. Оның іс-әрекеті баламен, отбасымен, қоғаммен тығыз байланысты. Мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, тәрбие түрлерінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Ал ұстаздар қауымы сол тәлім-тәрбиені, білімді  балаға жеткізуші басты тұлғалар.

 Баланың жүрегіне жол табуға, балаға  қажет   білім мен тәрбие беруге еліміздің   ұстаздары аянбай еңбек етіп келе жатқанын білеміз.Баланың шығармашылығын шыңдап, таланты болса ұштап, дарын қабілеттерін одан әрі дамытып келуде. Ел ертеңін ұстайтын сауатты, білімді азамат қалыптастыруға тырысып бағуда. Бұл - әр ұстаздың парызы. Менде сол ұстаздар қауымының бір мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Бастауыш сынып-баланың үлкен өмірге аяқ басуына, алғашқы қадам жасауына, бейімделуіне көмектесетін іргетасы. Жалпы адамзаттың мектептегі білім алу сатысы, түгел педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу - тәрбие үрдісі казіргі заман талаптарына сай құрылуы керек. Мектептегі  жаңа өзгерістер бастауыш сыныптан бастауын алады. Сондықтан бастауыш мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те соған сәйкес болмақ. Қазір жаһандану заманы, мұғалімдер де сол талапқа сай жаңа білім, тәрбие көздерін пайдалану арқылы, таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беру арқылы балаларды шыңдауада.

Сонымен, ойымды қорытындылайтын болсам, Тәрбие беруші адам, немесе тәрбие алуы мүмкін  ортасы соған сай болуы шарт. Демек, өздері білімді, тәрбиелі, үлгі тұтарлық болуы керек. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген мәтел де соны меңзеп тұрғандай. Тәрбиелі, білімді ұрпақ болашақтың жарқын бейнесі!

 

198 0
Забира Қуатбекова, №164 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алматы қаласы, Алатау ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000251
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: