Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI412

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру

Дарынды және білімді жастар ғана еліміздің ертеңі. Білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру болашақтағы әрбір баланың алған білімін шыңдауға бағытталған.

Білімді саналы түрде меңгеру үшін де көптеген әдіснамалар ұсынылады. Танымы мен белсенділігін арттырған оқушы ғана алдағы уақытта өз білімін одан әрі жетілдіре алады. Оқуға деген, білімге деген оқушының қызығушылығын ояту бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі. Сол арқылы педагогтар өзіндік іс- тәжиірбелерін саралай отырып, оқушының зейінділік, ойлау қабілетін дамыта алады. Әрбір педагог өзінің сабағының тиімді тұсын қолдану арқылы оқушылардың жүрегінен үлкен орын алады. Қазіргі таңда жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, білімділікті одан әрі жетілдіруге жол ашылған. Қоғамда орын алған өзгерістерге байланысты әлем жаңа белеске көтерілу үстінде. Өткен шаққа қарағанда инновациялық технологиялардың қарыштап дамуы тек педагогтың кәсіби біліктілігін ғана емес, жаңа технологияны толық меңгеруді талап етуде. Сол арқылы әрбір педагог өз сабағын тиімді ұйымдастырып, жаңа прогреске аяқ баса алады. Қазіргі таңда ақпараттың лезде таралуына байланысты мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруі тиіс.

ХХI ғасыр білім мен сана көкжиегінде айтарлықтай орын алатын уақыт. Сондықтан әрбір баланың өзіндік сапа ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жасау әрбір мұғалімнің кәсіби біліктілігі. Оқушының өзіндік қызығушылығын арттыру барысында мұғалім шығармашылық ізденісін одан әрі жетілдіруге тырысады. Тәрбие мен білімнің қайнар көзі бастауыш болып есептелгендіктен, әрбір сабағымызды қызықты етіп өткізу біздің алдымызға қойылған елеулі күш.Себебі, мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін не нәрсені болса да білуге құмар, зейінді болып келері анық. Осы арқылы әрбір баланың шығармашылық ізденісін дамыту мен білім көкжиегін кеңейту мақсатында өзімнің алдыма біршама мақсат қойып, баланың білімге деген құштарлығын арттыру үстіндемін. Оның бірі және бірегейі – жеке даму мүмкіндігіне қарай әрбір баланың таным көкжиегін кеңейту.

Таным – білімге құштар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырады. Оқушының белсенділігі екі бағытта дамиды. Біріншісі – ішкі белсенділік. Логикалық тұрғыдан ойлау қабілеті және ішкі ой түйсігі. Сыртқы белсенділік – әрбір оқушының көзбен көру арқылы жүзеге асатын деректі іс – қимылдар жүйесі. Оқушының шығармашылық іс – әрекетін жүзеге асыру бірден жүзеге аспайды. Ол үшін белсенділіктің бірнеше платформасы жүзеге асуы тиіс. Дұрыс сөйлеу және ойлау, өзін- өзі басқара білу сынды маңызды іс – әрекет болған жағдайда ғана жүйелі түрде қалыптасу процесі іске асады. Баланы бастауыш сыныптан бастап, өзіндік шешім қабылдауға, шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға ықпал ету болашақтың жарқын іргетасы. Білім сапасын арттыру мен ғылым көкжиегін кеңейтуде ұстаздардың алдында тұрған міндеттері мен мақсаттары жеткілікті. Оқушының танымдылық қабілетін арттыру - баланың ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін қалыптастыру және өзіндік ізденісін дамыту. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін, логикалық есептерді, ребустарды шешуге деген ұмтылысын дамыту маңызды. Ал, ана тіліндегі шығармашылық қабілетін дамыту – көркем әдеби шығармаларды оқу мен өлең – тақпақтарды жаттаудан басталады. Сонымен қатар, әрбір сабақ барысында оқушыларға мақал- мәтелдерді жаттату, жұмбақтарды шешу кезінде тұрақты түрде қызығушылық пайда болады.Сабақ барысы кезінде оқушылардың жеке интелектуалдық ойы мен зейінін дамыту әркез маңызды.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру үшін, таңертең сабақты ойлау жаттығуларынан бастау өте маңызды. Сол арқылы мұғалім оқушының ойын бірден сабаққа аудара алады. Оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына ықпал ету, күнделікті сабақтардан бастау алады. Оқулықта берілген тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы ол өзіндік ізденісін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыта алады. Ойы мен танымы жетілген әрбір оқушы еліміздің бүгінгі болашағы, ертеңгі бастауы. Еліміз сол арқылы ертеңгі күннің жарқын болуына көз жеткізе алады.

1 129 0
ДИЛРАБО ДИМЕТОВА, С. Рахимов атындағы жом КММ-нің бастауыш сынып муғалім Түркістан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000231
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: