«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»-деп Ж.Молдағалиев ақын айтқандай, домбыра десе «қазақ халқы» деп айтып тұрғандай естіледі. Ерте кездерде домбыраны бітеу ағаштан жасайтын болған. Мұны «бітеу домбыра» деп атаған. Кейін келе құрама ағаштан басын, мойнын, кеудесін, шанақ, тиек бәрін де желімдеп жасайтын әдістер шыққан. Қазіргі кезде бітеу домбыраны жасайтын шеберлер аз. Домбыраның түрлері көп. Олар бір-бірінен ішек, перне санына қарай және сыртқы фигураларымен ерекшеленеді. Күй домбырасы «шертпе күй домбырасы», «төкпе күй домбырасы» болып екі түрге бөлінеді. Жырау, термеші сал-серілердің домбырасы төрт бұрышты шағын қалақшаға ұқсас болады. Домалақ шанақты «Абай домбыра», төртбұрышты қалақ сияқты «Жамбыл домбыра» деп аталады. Екі домбыраны қатар қойып жасаған домбыраны «қоссаз» деп атайды. Ал дауысы «таза» шығатын домбыраларды халық «шешен домбыра» деп атаған. Домбыраны қазақ киелі аспап деп үкілеп, биік таза жерге, не төріне іліп құрметтеп ұстаған. Домбырамен ісі жоқ, бір күй шертіп,ән сала алмайтын қазақтарды іштей «шала қазақ» деп жақтырмаған. Елбасымыз «домбыраның үніне ұйымаған, жусанның иісін аңсамаған қазақты, қазақ деудің өзі қиын» деп дәл айтылған.Домбыра үні адам бойына тамаша сезімді оята отырып жетеді. Оның үні тындаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауына әсер етеді. Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланғанын педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Еңсепов ағамыз атап көрсеткен. Домбыра барлық пәндермен байланысты. Мысалы, домбыра - әр дыбысты есептеп ойнайтын математика пәні, домбыра-қүлақ күйін есту арқылы екі ішек арасындағы дыбыс тербелісін айыратын физика пәні, - дейді.
Бүгінде домбырасы жоқ қазақ үйі, домбырасыз ауыл жоқ деуге болады.
Бүгінгі қазақ зиялыларының өзі хан, би- шешендер, ақындар мен батырлар, бұхара халық домбыра аспабының негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін құрметтеуге ерекше мән беруде. Домбыра туралы жыр жазбаған ақын кемде-кем. Ендеше, домбыраны үйрене отырып өз халқымыздың өнерін, мәдениетін әлемге паш етейік дегіміз келеді.
Ұлттық acпaбымыздa хaлқымыздың тыныc-тipшiлiгi, бoлмыcы бaяндaлып, ұлтымыздың өткeнi мeн бoлaшaғы бeйнeлeнeтiн өңi тoзбac өнepiмiздiң өpici кeңи бepeтiнiнe күмән жoқ. Уaқыт cүзгiciнeн өтiп, көп жылдap бoйы шыңдaлып, жылдaн-жылғa бoй көтepiп кeлe жaтқaн, қaзaқтың ұлттық тәpбиeciнiң өзeгi – қaзaқ дoмбыpacы бoлaшaқ бaлa тәлiмiнiң өзeгi бoлapы хaқ.