Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет.
Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз.Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық, ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Оның биологиялық немесе табиғи бастаулары ежелгі би шығармашылығының дамуына жағдай жасады. Бидің негізі – адам бойындағы көркемдікталаптардың тууы секілді биге деген психологиялық қажеттілікті анықтайтын шығармашылықтың қоғамдық бастамасы. Күнделікті өмір-тұрмыстағы шабандозбен ат пластикасының әсемдігін айшықтайтын би қимыл-қозғалыстары мыңдаған жылдар өтсе де, көп өзгерістерге ұшырамай, қазақтар арасында тұрақты дәстүрге айналып, күні бүгінгн дейін сақталып жетті. Мифтік тұлпардың бидегі бейнесі «Тұлпарша» тұлпар самғауы, «Құс қанат» қанатты секірістер, «Қамдама» қанатты бұрылыс сияқты халықтың дәстүрлі қимыл-қозғалыстарында сақталған. Ал қазақтың «Желдірме» ат желісі, «Шабыс» аттың еркін шабысы, «Тепең жорға» жорға жүріс, «Тебінгі» тебінгі және тағы басқа көптеген дәстүрлі би қимылдары ежелгі әскери бидің салттық жұрнағының бейнелі түрдегі жалғасы. «Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Осының қалыптасуы қоғамның әр алуан талаптарына, ең алдымен жастарды ұжымдық қарым- қатынастарды талап ететін аңшылық, соғыс кездерінде физикалық, рухани тұрғыда шымырлыққа тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты болды». Тұтас алып қарағанда би шығармашылығын, оның ішінде қазақ биініңқалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Сезім де өзін қоршаған өмірлік ортаның суреті, адамның ішкі жан дүниесі ретінде бейнелі түрде түсіндірілді. Бұл қоғамның даму сатыларының ерте кезеңіндегі би шығармашылығына қуатты эмоциялық серпін берді.
Көп білетін және алған білімдерін жұмыста, үйде, демалыс кезінде қолдана алатын адам-рухани бай, мәдениеті жоғары адам.
Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше пайдасын тигізу үшін – дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыстыда шаршамай шалдықпай істей алады. шаршасада оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз.
Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.