Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Музыкаға баланы баулу

Заман ағымына сай түрленіп, жас ұрпақты атадан балаға жалғасып келе жатқан рухани мұраларын тану, уақыт талабына сай болашақ ұрпаққа аманаттау-сол ұлт ұрпақтарының қасиетті парызы. 

Ежелгі ғалым Платон былай деген болатын: «Оқытуда ең маңызды деп біз тәрбиеледі мойындаймыз»-деп орынды атап көрсеткен. Ұлы философ Әл - Фараби бабамыз – «Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы»- деп атап кеткені мәлім. Оқушыларды музыка арқылы тәрбиелеу барысында өнер әлемінің қыр сырын түсініп, өзін қоршаған дүниенің сұлулығын, әдемілігін музыка арқылы сезінуі және көркемдік талғамын қалыптастыра аламыз. Музыка сабағында негізгі қызметтерді қолдана отырып, қазіргі педагог музыканттың кәсіби ерекшелігіне қойылатын талаптарды көрсету, балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру біздің негізгі мақсатымыз. Осы мақсатқа жету үшін мына міндеттерді орындау қажет:

- Музыка арқылы оқушыларға тәрбие беру дамыту;

- Оқушыларға музыкалық құдіретті күшін таныту;

- Оқушылардың музыкалық дүниетанымын, танымдық қызығушылығын арттыру;

- Музыка өмірдің бір бөлігі оны өмірден алып тастай алмаймыз-қағидасына жұмыс жасау;

- Оқушылардың музыканы қабылдау сезімталдығын қалыптастыру, музыкаға деген құштарлығы, музыканы тыңдауға оны түсіне білуге және орындауға ынтасын дамыту.

Музыка - өнердің басқа салалары сияқты емес, көбінесе ауызша, практикалық түрде оқушылардың есту, ойлау, орындау, ойға қорыту негізінде өткізіледі. Қазіргі жаңа бағдарламаға дейін тиянақты оқулықтар болмағандықтан, болған күнде мектептер оқушыларды толық қамтамасыз етпегендіктен, музыка сабақтарында мұғалім өзінің мүмкіндігінше өткізіп жүреді. Осыған байланысты көпшілік жағдайда репертуардағы үйретілетін әндердің сөзін композиторлардың өмірі мен шығармашылығын дәріптеуде сөзбен түсіндіріп айту, олардың музыкасын тыңдату тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Музыканы ұғыну дегеніміз-оны тек сезіммен қабылдау ғана емес, саналы түрде түсініп қабылдау демекпіз. Жасөспірімге музыкалық тәрбие беру дегеніміз –өнер жөнінен оның ішінде музыка саласынан білім беру, практикалық іспен, еңбекпен пайда болатынын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана-сезіміне ендіріп, оларды бірлікке тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілікке жетелеп, рухани  адамгершілікке тәрбие беру деген сөз.

Қорыта айтқанда рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл- ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгі мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзкарас қалыптастырады. Сондықтанда ізгіліктің ең үлкені адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның бойында ізгіліктің болуынан бастау алады екен. Біреулер қоғамда көп ғылымның, ал біреулер үлкен байлықтың иесі болар. Бірақта адамгершілік қасиеттер болмаса, бұл жеткен жетістіктеріжалаңжағдай болып шығады.

 

219 0
Әсемкул Ешимова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның хор пәні мұғалімі Музыкаға баланы баулу Ұлы Дала Ұстазы № 000208
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: