Музыка әлемі– адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние.
Ұлы ойшыл әл - Фараби көрсеткендей: «Музыка– жақсы мінез-құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойындағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді»- деген болатын. Расында, музыка-адамзаттың рухани азығы, жан серігі және сөзбен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі, адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да ол балаларға қатты әсер етеді. Бірақ, жан дүниеге ой тастаған әуенді бір ғана сөзбен жеткізу мүмкін емес, музыканы жан-дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды. Себебі, «Музыка-жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл күйдің тілі деп ұққан жөн. Олай болса, музыка шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күші арқылы тұлғаның музыкалық-эстетикалық талғамын оятады.
Музыка күшi оның жан-жақты әсер ететiндiгiнде: ерiк-жiгерге, ақыл-ойға, музыкалық ойлауға«логикалық сезiмге» байланысты. Жалпы, ұлы ғұламалар әл-Фараби, Ибн-Сина т. б. жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері турасында мағлұматтар, оның ішінде музыка өнерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін дамыту жайында тұжырымдар, маңызы зор ғылыми еңбектер қалдырған. Ұлы педагог В. А. Сухомлинскийдің «Гимнастика денені түзесе, музыка адам жанын түзейді» - деген пікірі бекер айтылмаса керек, музыка адамның рухани азығы, жан серігі және тілмен жеткізіп айта алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемділігі және маңыздылығымен бала жанын баурап, ақыл-ой сана сезімдерін кеңейтіп, жақсы мінез-қылықтарын біртіндеп қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Музыка өнерінің тағы бір ерекшелігі адамныңкөңіл-күйін ортақтандырады.«Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, алжердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй сазында» – дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбунәсір әл-Фараби. Француздыңұлы жазушысы Р. Роллан: «Музыка - тамшысияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жандыжелпіндіреді», – деп айтқанындай, музыканың тілісөйлеу тіліне қарағанда ұлттық болмысқа көпжақын, адам бойындағы ұлттық рухани байлығының қайнар көзі. Ұлттық қасиет пен ұлттық тілдібойына ең мол сіңірген құбылыс деп музыканыайтуға болады.
Музыкалық дыбыс - өзіндік мәні мен маңызы, қадірі мен қасиеті, ерекшелігі бар дыбыс. Мәні– адамның аңсаған арманы, қуанышы мен күйінішін, өмір құбылыстарын сан алуан сиқырлыиірімдер арқылы санаңа жеткізіп, жүрегіңе құйыпберетіндігінде болса, ал маңызы– сиқырлы дасүйкімді ырғақтарымен, тебіреністі тербелістерімен адамды дүние сырын түсінуге, сұлулықтысезінуге, музыкалық ойлауға жетелейді.
Фортепиано аспабы – ерекше үлгісі бар аспаптар қатарында.Аспап қазіргі таңда үйрену сұрансқа ие болып тұр. Алғашқы фортепиано аспабы сонау Батыс Еуропада кеңінен пайдаланылса, одан кейінде аспаптың мәдениетке берер рөлі одан әрі нығая түсті.Фортепиано тек Еуропада ғана емес, дүниенің ғаламшарына тарала бастады.Халық пен қоғам арасындағы сүйікті аспаптар қатарына кірді.