Домбыра сабағында музыкалық жүйені оқушыға дұрыс үйрете білу үлкен рөл атқарады.
Осымен қатар күйді тарту барысында мақсаттылық пен айқындылық артады және халықтың шығармашылық ойлау қабілеттері де арта түседі. Ұстаздың міндеті – қазақтың домбыралық әуеніне еркін, жауапты қарауға дағдыландыру, домбыралы әуеннің образды мағынасын бере, жеткізе білуді үйрету.
Ұстаз ең алдымен әр сабақта халық өміріндегі ең негізгі жағдаяттарды көрсететін, оның батырлық тарихын көрсете білетін, сонымен қатар, табиғат үйлесімділігімен өмірлік құбылыстарын айқындайтын күйлерді орындауы қажет.
Педагог - тұлға бойындағы логикалық ойлауды дамыту негізінде: күйдің бірегейлілігін арттыру, музыкалық компазиция мазмұнының ерекшеліктерінің арасында байланыс бар екенін жеткізе білу және сезіндіре білу.Мұнда, домбыра класындағы күй бойынша жасалып жатқан жұмыс үрдісінің өнерлі көрінісі мен музыкалық орындау қабілетін қалыптастыруды ерекшелік бойынша көруге болады. Күй өнерінің небір сан қилы жұмыс барысында кейбір әдістемелік нұсқаларын даму үрдісінде байқауға болады. Бұнда тұлға бойында дәстүрлі - қазақи өнерге деген эмоцияналды тәрбиелік қасиетті сезінуге болады. Оқушылар домбыра сыныбындағы оқу барысының бірінші кезеңінде ең күрделі қойылым дағдыларын бойларында қалыптастырады. Домбыра тарту үрдісінің жан –жақты ең қарапайым деген техникасын ұғына бастайды және жеңілден ауырға қарай қолдарын жаттықтырады. Мұндай үрдіс - оқушы бойында музыкалы- теориялық тәртіпте және ең негізгі музыкалық аспаптармен оқытушының көмегімен жекеленген дәрістерде музыкалық аспаптармен жұмыс жасауды жақсартады, музыкалық дыбыстарды есту, метроритмикалық және музыкалық өнерлі ұсыныстарды жақсы ұғынуына көмек береді.