Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI390

Жалпы театр өнері

Театр – үлкен бір өнер.Театр әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние.

Театр - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және сөзбен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі, адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да ол балаларға қатты әсер етеді. Бірақ, жан дүниеге ой тастаған бейнені бір ғана сөзбен жеткізу мүмкін емес, театрда  жан-дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды. «Театр-жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл күйдің тілі деп ұққан жөн. Олай болса, театр  шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күші арқылы тұлғаның музыкалық-эстетикалық талғамын оятады.  Алғашқы театр жүйелері ежелгі Грекияда пайда болса,кейіннен  ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония елдерінді пайда бола бастады. Театрдың тууына себеп болған – халық.

Театр өмір шындығының негізінде пайда болатын жалпақ елдің әдет-салты мен ұғым-нанымы, жалпақ елдің бәріне бірдей ортақ мүлік болып саналатын ескілікті грек театры, бір жағынан, елінің ұлттық пішінін айқын көрсетіп, екінші жағынан, жалпақ елге бірдей болған діни әдеттен туған.Театр - әрбір адам бойына  маңыздылығымен ақыл-ой сана сезімдерін кеңейтіп, жақсы мінез-қылықтарын біртіндеп қалыптастыруға әсерін тигізеді. Театр өнерінің тағы бір ерекшелігі адамның көңіл-күйін ортақтандырады. Театр – тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді», – деп айтқанындай, театрдың тілі сөйлеу тіліне қарағанда ұлттық болмысқа көпжақын, адам бойындағы ұлттық рухани байлығының қайнар көзі. Ұлттық қасиет пен ұлттық тілдібойына ең мол сіңірген құбылыс деп театрды айтуға болады. Сан алуан сиқырлы иірімдер арқылы санаңа жеткізіп, жүрегіңе құйып беретіндігінде болса, ал маңызы– сиқырлы дасүйкімді ырғақтарымен, тебіреністі тербелістерімен адамды дүние сырын түсінуге, сұлулықты сезінуге, музыкалық ойлауға жетелейді.Оқушылардың ішкі мәдени үйлесімділігін, творчестволық ойлау жүйесін, өнерге деген өзіндік көзқарасын қалыптастыруға қол жеткізу үшін оқу-тәрбие процесі баланы ізгі қасиеттерге баулу бағытында болуы тиіс. Бұл ынта мен ілімнің кең ауқымын қамтитын эстетикалық талғамдар бірлігіне, сценалық қойылымдар кезінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Қоршаған ортаның суреттері ең жақын әлеуметтік орта мінез-құлық нормалары, әлеуметтік қызметтің жолдары, жеке тәжірибенің компоненттері - театрдың тәжірибемен бірге музыкалық ойлау барысында органикалық түрде қатысатындығын басты назарға алғанымыз жөн. Сонда ғана оқушылардың музыкалық ойлау қабілеттерін дамытуды жүйелі жолға қоя аламыз.

Қорыта келе, оқушылардың театр өнері туралы  ойлау қабілеттерін дамыту қашанда өзінің жеңісті жемісін берері хақ. Ол үшін жоғарыда аталған зерделі зерттеулердегі тұжырымдар мен ойларға терең мән беріп, ұсынылған жолдарды әр ұстаз өзінің кәсіби жолында тиімді пайдалана алса оң нәтиже береді деп сенеміз.

 

422 0
Асанбек Сұлтан, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның театр өнері пәні мұғалімі Түркістан облысы Ұлы Дала Ұстазы № 000203
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: