Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI388

Домбыра – дала шежіресі

 Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 

6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап.

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Музыкаға қабілеті бар тұлғаны оқыту және тәрбиелеу – бұл өте күрделі және түрлі бағытты үдеріс. Солардың ішінен екі бағытты ерекше атауға болады:
1. Мұғалімнің оқушыға өз білімін, біліктілігін, музыкалық шығарма бойынша жұмыс пен өнерге деген көзқарасы мен қызығушылығы арқылы бере алу;
2. Мұғалімнің оқушы бойына біткен дарынды анықтау, ашу және әрі қарай дамыту.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің деңгейі міне осы екі бағытты біріктіре білген кезде байқалады.
Жеке тәрбиелеу кезінде оқушыға әсер беру түрлері өте көп. Солардың бірі педагогтің оқушыға эмоционалды әсер етуі. Мұғалім өзінің музыкаға деген көзқарасы мен шығарманы оқып - тануы арқылы оқушыға әсер етеді. Егер қандайда бір музыкалық шығарма мұғалімнің өзіне еш әсер етпесе немесе жалықтырып жіберсе, онда оқушы бойында да ол шығарма сондай әсер беруі әбден ықтимал. Эмоционалды әсер сонымен қатар, егер мұғалім өзі ұнататын оқушылармен жан - тәнімен беріліп жұмыс істесе, ал қалғандарымен жайбарақат, міндеті болғандықтан ғана айналысса, ол да өз кезегінде оқушыға әсер етеді. Оқытушының осылайша сабақ беруі, түбінде бойында өнерлері бар оқушылардың белсенділіктерінің жоғалуына әкеп соқтырады. Педагог оқушымен өз эмоцияларымен көбірек бөліскен сайын, бұдан екі тарапта, оқушы да, мұғалім де ұта түсетіндігі дәлелденген жағдай.
Келесі әсер ету түрі – тікелей оқыту үрдісі. Оқушыға білім мен біліктілікті дарыту кезінде оқытушы оқушыға жеке тұлға ретінде терең, сезіміне әсер ететіндей, зердесін дамытатындай оқыту түрін тауып алуы керек.
Психологтар кез келген қабілетті дамытуға болады дейді. Қабілетті дамыту қоршаған ортасына, өмір сүру жағдайына және әсіресе педагог пен мектептің әсеріне байланысты болады. Барлық оқушылардың музыкалық деңгейі бірдей болуы мүмкін емес. Музыкалық деңгейі нашар оқушылармен көп еңбектенуге тура келеді. Балалардың есту есте сақтау қабілетін дамытумен домбыра сабақтарында ғана емес, әрдайым айналысу керек. Бастамашылық ояту үшін қызықтыра білу керек. Егер бала домбырада ойнауға қызықпаса, берілген тапсырмаларды орындағысы келмесе, музыкалық аспапты қолына анасының айғайынан кейін ғана алса, онда мұндай баладан бастамашылық күту үміті үзілген іс деп біліңіз. Мұндай жағдайда мұғалім оқушы өздігінен жұмыс істей алатындай ету үшін педагогикалық үрдістің кез келген бөлігін жан - жақты ойластырып барып өткізуі керек. Мысалға, Оқыту үрдісі кезінде оқушының үй тапсырмасын күнделікті орындауы маңызды рөл атқарады. Тапсырманың нәтижелі орындалуы, берілген үй тапсырмасының түсінікті, бағыт - бағдары айқын болуына байланысты.
Егер оқытушы сабақ кезінде оқушыға түсінікті белгілі нақты тапсырмалар берсе, түсіндіріп қана қоймай, оған жетудің тәсілдерін көрсетсе, үй тапсырмасының бір бөлігін оқушы өздігінен орындап үлгерсе, онда әрине оқушының үй тапсырмасын өздігінен толық орындап келетіндігі сөзсіз. Оқушыны шығарманың берілген белгілі бір бөлігіндегі қиындықтарды ғана емес, кез келген бөлігіндегі қиындықтарын өздігінен орындап шығуға үйрету керек. Бұл дегеніміз күрделі шығармаларды үйренуге талпындыру, жалпы білімін орынды пайдалана алуына көмек көрсету. Өмірінде табысқа апаратын маңызды жағдайдың бірі – ол біліктілікті дер кезінде пайдалана алу.
Оқушының өздігінен ойлау қабілетін дамыта білу - мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне, оқушының бойына шығармашылыққа деген қызығушылықты оятуына тура байланысты. Домбыра сабақтарында мұғалім оқушыны тыңдай білуге, естіген шығармасын орындай білуге, яғни музыкалық аспапта ойнауға үйретеді. Оқушы домбырада жақсы, еркін ойнап үйренгенімен, оның жан дүниесі музыкалық дыбыстардан алшақ болуы да мүмкін. Мұндай жағдай кездесе қалса, оған үлкен бір мәселе ретінде қарау керек. Жай ғана музыкалық шығарманы орындаушы емес, музыка әсеріне беріле шынайы сезіммен орындайтын оқушы тәрбиелеуіміз керек.
Сондықтан баланы жастайынан музыканы дұрыс түсінуге тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз. Адам көбіне балалық шағында ғана қоршаған ортаның әсемдігіне, табиғаттың сұлулығына тамсанып, түрлі қияли ойларға батады. Сондықтан Г. Г. Нейгауз айтқандай: « Мүмкіндігінше ертерек балаға мұңды әуенді – мұңды, көңілді әуенді – көңілді, салтанатты әуенді – салтанатты түрде ойнауға үйрету керек». Кезінде К. Ф. Э. Бах: «Әуенді орындаушы музыканы өзі әбден беріліп, толқып, сезініп орындаса ғана, тыңдаушының жүрегін селт еткізе алады», - деген екен.
Сабақтың табыстылығы, бастамашылдығы оқушының музыкаға деген қызығушылығына байланысты. Ал қызығушылық – ол барлық жетістіктердің кепілі. Егер мұғалім оқушы бойынан әуенге деген күшті қызығушылықты оята білсе, онда оқушы бойында өз еркімен орындаушылық, бастамашылдық, табандылық, яғни музыкашыға тән қасиеттерді де оята алғандығы.
Оқушыларды үлкен табыстарға жеткізу - қажырлы еңбектің жемісі. Бұл жерде ең маңыздысы, мұғалім өз ісіне әбден берілген маман болуы керек, сонда оның тәрбиесі оқушысына жұғатын болады. Оқушының өз бетінен табысқа жетуге ұмтылып тырысуы негізінен психологиялық жағдайына байланысты екені белгілі. Бұл жерде ең маңыздысы, сабақ өтіп жатқан уақытта сыныпта оқушының көңілі ашық болатындай жағдай жасау, оқушыны сырын ішке жасырған тұйықтықтан, түк істеуге қызығушылығы жоқ босаңдықтан арылтып, көңіл күйін көтеру, оған деген мұғалімнің көзқарасы түзу, кеңпейіл екендігін көрсетіп, шығармашыл орта қалыптастыру маңызды. Сабақ кезінде оқушыға көбірек сұрақтар қойып, жауап аларда салыстыру, сараптау, іздестіру әдістерін көбірек қолдануына және өз жұмысының нәтижесін өзі бағалауына мәжбүрлеу керек.Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Дoмбыpa – қaзaқ хaлқы үшiн қacиeттi ұғым. Дoмбыpaны қaдipлeуiмiз, acқaқтaтуымыз, әcipece, жac ұpпaқ пeн eлiмiздe мeкeндeп жaтқaн бacқa дa ұлт өкiлдepiнe тaнытып, кeлep ұpпaққa жeткiзу – қacиeттi бopышымыз.

 

 

 

 

 

233 0
Нуржибек Абдикеримова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның домбыра пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші, «Білім беру ісінің үздігі» Түркістан облысы Ұлы Дала Ұстазы № 000201
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: